Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

C, D және E санат: әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар қалай анықталады?

C, D және E санат: әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар қалай анықталады?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) арқылы отбасылар мен үй шаруашылықтарының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтау тәртібін түсіндіруді жалғастыруда,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

C, D және E санаттары отбасылардың материалдық және әлеуметтік жағдайындағы айырмашылықтарды көрсетеді: бұл жерде қанағаттанарлық әл-ауқат деңгейіндегі отбасылардан бастап, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал жағдайдағы отбасылар жатқызылады.

C санаты – әл-ауқат деңгейі қанағаттанарлық отбасылар. Бұл санатқа күнделікті негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын, орташа табысы бар отбасылар жатады. Мысалы, отбасы мүшелерінің жұмысы, жеке баспанасы және автокөлігі болуы мүмкін. Алайда жұмысының немесе мүлкінің болуы отбасының жекелеген мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж емес екенін білдірмейді. Отбасының жағдайы материалдық және әлеуметтік факторлардың жиынтығы негізінде бағаланады.

D санаты экономикалық тұрғыдан осал жағдайдағы отбасыларды сипаттайды. Мұндай отбасылар материалдық қиындықтарға тап болған. Олардың жағдайын бағалау кезінде еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің тұрақты жұмысының болмауы, кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы және тұрғын үймен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеуі ескерілуі мүмкін. Осындай қолайсыз факторлардың бірнешеуінің қатар кездесуі отбасының әл-ауқатына әсер етеді. Бұл санаттағы отбасылар үшін әлеуметтік төлемдермен қатар, жұмысқа орналасуға және кәсіптік оқудан өтуге жәрдемдесу шаралары да жолға қойылған.

E санаты экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал жағдайдағы отбасыларды қамтиды. Мұндай отбасылар мемлекеттік қолдауды бірінші кезекте қажет етеді. Өйткені олар бір мезгілде бірнеше күрделі қиындыққа тап болуы мүмкін: негізгі қажеттіліктерін өтеуге қаражаттың жетіспеуі, жеке баспанасының болмауы, кредиттер бойынша берешектің ұзақ уақыт бойы өтелмеуі және өз жағдайын өз бетінше жақсарту мүмкіндіктерінің шектеулілігі. Мұндай үй шаруашылықтарында еңбекке қабілетті отбасы мүшелері болмауы да мүмкін.

Сонымен қатар отбасының санатын жеке бір көрсеткіш негізінде автоматты түрде анықтауға болмайды. Пәтерінің немесе автокөлігінің болуы оның әл-ауқаты жоғары екенін білдірмейді. Сол сияқты кредиттік міндеттеменің болуы өздігінен отбасының экономикалық тұрғыдан осал екенін көрсетпейді. Санатты анықтау кезінде үй шаруашылығының материалдық және әлеуметтік жағдайы тұтастай бағаланады.

Отбасының цифрлық картасында мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер пайдаланылады. Бағалау қаржылық жағдайды, жұмыспен қамтылуды, тұрғын үй жағдайын, мүлікті, көлікті, кредиттік міндеттемелерді, бизнестің, жер учаскелерінің және ауыл шаруашылығы активтерінің болуын сипаттайтын 59 көрсеткішті қамтиды. Сонымен қатар отбасының әлеуметтік тұрақтылығы да ескеріледі. Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің құрамы мен жасы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы назарға алынады.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты түрде бекітілмейді. Өмірлік жағдайы, материалдық ахуалы, отбасы құрамы немесе мүліктік жағдайы өзгерген кезде бағалау жаңартылған мәліметтер негізінде қайта жүргізіледі. Отбасы құрамы мен оның әл-ауқат деңгейі ай сайын қайта есептеліп отырады.

Егер мәліметтердің дәл емес немесе ескіргені анықталса, азаматтар тиісті есепке алуды жүргізетін уәкілетті органға жүгінуі қажет. Мәліметтер түзетілгеннен кейін олар Отбасының цифрлық картасына енгізіліп, кезекті бағалау кезінде ескеріледі.

Айта кетейік, мұқтаждық қағидатын қолдану C, D және E санаттарындағы отбасылардың белгіленген талаптарға сай мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығын шектемейді.

Кешенді бағалаудың басты мақсаты – отбасылардың нақты өмірлік жағдайларын ескеру және мемлекеттік көмекті атаулы түрде көрсету. Әсіресе, қиын өмірлік жағдайдан өз бетінше шыға алмайтын азаматтарға ерекше назар аудару қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары