Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Делдалсыз сауда нарыққа дем бере ме?

Делдалсыз сауда нарыққа дем бере ме?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бірақ «әттеген-айы» да жоқ емес. Бүгінде сиыр мен қой етіне сұраныс артқанымен, жылқының жылы-жұмсағына халық көп қол соза бермейді. Соның әсерінен нарықтағы баға да құбыла бастаған.

Бүгінде делдалсыз сауда пайдалы саудаға айнала бастады. Жақында   Қарағандыда Шет ауданының ауыл ша­руашылығы өндірушілері өз өнімдерін тікелей саудалайтын жаңа әлеуметтік павильон жұмысын бастады. Делдалдардың қатысуынсыз ұйымдастырылған сауданың арқасында тұрғындар ет, сүт өнімдері және көкөністерді базар бағасынан төмен құнмен сатып ала алады.

Ашылған алғашқы екі күнде ғана павильон арқылы 3 тонна сиыр еті, 1,45 тонна қой еті, 400 келі картоп және 5 550 дана жұмыртқа сатылды. Жаңа нысан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ашылған. Мақсат – қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамту, ал ауыл шаруашылығы өндіруші­леріне тұрақты өткізу нарығын құру.

Бұл мақсатта қала әкімдігі арнайы жер бөліп, павильон салып, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тар­тып, фермерлердің саудасына арналған жабдық орнатыпты.

– Біздің басты міндетіміз – фермер­лердің өздерін ыңғайлы сезінуіне жағдай жасау. Олар тек өнімін әкеліп, сатумен айналысуы тиіс. Ал тұрғындар жаңа әрі сапалы тауарды өндірушіден тікелей, қосымша үстемесіз ала алады, – деді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев.

Сауда қатарында сиыр, қой, құс еті, қымыз, ірімшік, май, құрт, қаймақ, сондай-ақ картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат бар. Қосымша «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қант, ұн, нан, күнбағыс майы, қарақұмық және макарон өнімдері жет­кізілуде. Шенділердің сөзінше, әлеуметтік павильонның ашылуы – Шет ауданы фермерлері үшін де, қала тұрғындары үшін де маңызды оқиға. Өндірушілер өнімін тікелей өткізсе, тұрғындар қол­жетімді бағадағы жергілікті тауарды алады. Бұл – ауыл шаруашылығын қолдауға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға жасалған нақты қадам екен.

Дегенмен нарықта сұраныстың әсерінен бағаның құбылып жатқаны да байқалады. Бір қызығы, жұрт сиыр мен қой етін жабыла сатып алғанымен, жыл­қы етін ала бермейді. Салдарынан, жылқышының саудасы тұралап, сиыр етін саудалаушылар бағаны біршама шарықтатып жіберген. Оны тұрғындар да көріп отыр.

– Биылғы бұзаулардың өзін ірі-ұсағына қарамай 300-350 мың теңгеден оңтүстік жақ алып кетіп жатқаны, келешекте ауыл адамдары тайынша-торпақсыз қалу қауіпі жоғары екеніне алаңдаулы. Таяуда бір сиырды Балқашта 750 мың теңгеге алып кеткені, ал биенің 500 мыңға өтпеуі, сиыр етінің жылқы етінен қымбаттап, ет баға­сындағы қарама-қайшылық туындауы жақсылық емес, – дейді қарағандылық Ниқанбай Омарханов. 

Қазір өнімді бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір ауыл шаруа­шылығы кооперативі және алты шаруа қожалығы жеткізуде. Барлығы 20 шаруа қожалығы мал шаруашылығы, егіншілік және қайта өңдеу бағытында өз өнімін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. 

Бұнымен шектелмей, өткен айда тағы екі әлеуметтік павильон ашу жос­парланды. Осылайша, өңірде фермерлер­ді қолдаудың және тұрғындарды арзан әрі сапалы өнім­­мен қамтудың тағы бір тиімді тетігі – жәрмеңке болып отыр. Ал мұнда на­рықтағы бағадан қанша айырмашылық бар?

– Күз мезгілінде ұйымдастырылған облыстық «Ауыл береке» жәрмеңкесінде жеті ауданнан келген 90-нан астам өндіруші 150 тоннадан астам өнімді – ет, көкөніс, картоп, сүт өнімдері, балық пен жұмырт­қаны базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынды. Мұндай жәрмеңкелер фермер мен тұтынушыны тікелей бай­ланыстырады. Өндірушілер тұрақты өткізу нарығына ие болса, тұрғындар жаңа әрі қолжетімді тауарға қол жеткізеді, – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Берік Тоқмұрзин.

Жыл басынан бері қазан айына дейін облыста 465 ауыл шаруашылығы жәр­меңкесі өткізіліп, 7,2 мың тонна өнім сөреге түскен. Сонымен бірге, тұрақтан­дыру қоры жасақталуда. Қазір «Сарыарқа» ӘКК қоймаларында 353 тонна азық-түлік – күріш, қарақұмық, күнбағыс майы мен қант сақтаулы. 

– Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары­мен 11 700 тонна картоп, 2680 тонна сәбіз, 1 870 тонна пияз және 2 795 тонна қырыққабат сатып алу жөнінде келісімшарт жасалған. Бұл көрсеткіш ұсынылған көлемнің толық орындалғанын білдіреді. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері апта сайын 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде: 52,2 тонна ет, 55 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 5 тонна балық және балық өнімі, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10,0 тонна өзге де өнімдерін ұсынуда, – дейді  АШБ басшысы Әнуар Төлеубеков.

Иә, жәрмеңке мен әлеуметтік павильон бағаны реттеуге көмектесіні шындық. Қыстық соғым іздеген қала тұрғынына мал етінің бағасы қалтаны қақпайтындай болғаны да жақсы емес пе?!

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 05:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары