Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

Семейде халық қала әкімін таңдады

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

Халық үніне құлақ асу басты міндет

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Еділ Жаңбыршин: Геологиялық барлау ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінің өзегіне айналып отыр

Еділ Жаңбыршин: Геологиялық барлау ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінің өзегіне айналып отыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

"AMANAT" партиясының мүшесі, Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитеті төрағасы Еділ  Жаңбыршин баяндама жасап, бірнеше мәселені ортаға салды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев өзінің 2023 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еліміздің минералдық-шикізат базасын кеңейту және геологиялық зерттеу жүйесін түбегейлі жаңғырту жөнінде нақты міндет қойған болатын.

Сонымен бірге Президентіміз «өз қаражатына геологиялық зерттеу жүргізген инвестордың жер қойнауын пайдалану кезінде басым құқыққа ие болуын қамтамасыз ету қажет», – деді. 

Бұл – еліміздің жер қойнауын игерудегі инвестициялық саясаттың жаңа философиясын айқындайтын шешуші қағида.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық барлау жүргізілген аумақ көлемін қазіргі 1,5 миллион шаршы шақырымнан кемінде 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту міндетін қойды. Бұл – Парламент пен Үкімет үшін нақты межеленген стратегиялық мақсат.

Бүгінгі күні геологиялық барлау саласы ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінің өзегіне айналып отыр.

Қазақстанның қазіргі мұнай-газ өндіру көлемі негізінен үш ірі кен орнына – Теңіз, Қашаған және Қарашығанаққа тәуелді. Ал өзге кен орындарының қоры сарқылу кезеңіне жақындап қалды.

Сондықтан жаңа мұнай мен газ қорларын анықтау – бұл тек энергетикалық емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық егемендік мәселесі.

Жалпы, 2012 жылға дейін еліміздің жер қойнауындағы болжамды алынатын шартты отын ресурстары 22,7 млрд тонна деп бағаланған болса, 2010-2012 жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бұл көрсеткіш 76 млрд тоннаға дейін қайта есептелді.

Оның 70 млрд тоннадан астамы Каспий маңы, Үстірт-Бозашы, Маңғыстау және Оңтүстік Торғай бассейндерінде шоғырланған. Ал қалған бөлігі аз зерттелген, бірақ әлеуеті жоғары провинцияларда орналасқан.

Оларды жүйелі барлау және игеру арқылы біз жаңа өндірістік орталықтардың қалыптасуына жол ашамыз.

Бүгінде геологиялық барлауға тартылатын инвестиция көлемі жеткіліксіз. Салыстырмалы мысал келтірейін:

Қазақстанда 1 шаршы шақырым аумаққа барлау жұмыстарына 8 АҚШ доллары жұмсалса,

АҚШ-та – 87 доллар,

Аустралияда – 167 доллар,

Канадада – 203 доллар бөлінеді.

Бұл айырмашылық – біздің инвестициялық климаттағы ең әлсіз буынның бірі екенін көрсетеді.

Өйткені геологиялық барлау – жоғары тәуекел мен ұзақмерзімді капитал салымын қажет ететін сала. Егер мемлекет пен заңнамалық жүйе инвестордың құқығын кепілдендірмесе, ол жаңа аймаққа қаржы салмайды.

Сондықтан Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленген бұл заң жобасы осы жүйені түбегейлі өзгертеді.

Заң жобасындағы басты жаңалықтар қандай?

Бірінші. Шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізілген, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейіндер анықталмаған аумақтар аз зерттелген аумақтар деп танылатын норма енгізілді. 

Екінші. Инвестордың сенімін қамтамасыз ету үшін, енді өз қаражаты есебінен аз зерттелген аумақта геологиялық зерттеу жүргізген инвестор барлау және өндіру кезеңіне басым және кепілді құқықпен өте алады. Бұл үшін бірінші 3 жыл ішінде келісімшарт аумағының кемінде 30%-ын қамтитын 2D сейсмикалық зерттеу жүргізу талабы енгізіледі.

Яғни, кім шын мәнінде зерттеуге қаржы салса – сол әрі қарай игеру құқығын алады. Бұл әдіс инвестордың мүддесін қорғайды және елге жаңа геологиялық деректер береді.

Үшінші. Резервтегі учаскелердің тиімді айналымын қамтамасыз ету.

Қазір көмірсутек саласындағы ұлттық компанияларға 53 жер қойнауы учаскесі резервке бекітілген. Бірақ олардың тек 20%-ы ғана игеріле бастады. Қалғандары ұзақ жылдар бойы айналымнан тыс тұр.

Осыған байланысты заң жобасы резервтеу мерзімін шектеуді, ал босайтын учаскелерді электрондық аукцион арқылы нарыққа шығаруды көздейді. Бұл тәсіл бәсекелестікті арттырып, барлау процесін жеделдетеді және жаңа ойыншылардың келуіне мүмкіндік береді.

Төртінші. Уран саласындағы ұлттық компанияға басымдық беру.

Әлемдік экономикада уранның маңызы артып келеді. Көптеген елдер атом энергетикасын қайта дамыта бастады. Сондықтан уран саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын іздеу және игеру бойынша басым құқық беру – стратегиялық шешім. Бұл елдің энергетикалық теңгерімін сақтауға және атом энергетикасы саласында өз үлесімізді арттыруға бағытталған нақты қадам.

Күтілетін нәтижелер қандай?

Заң жобасын қабылдау арқылы біз келесі нәтижелерге қол жеткіземіз:

1 млрд АҚШ доллары көлемінде жаңа инвестиция тарту;

Аз зерттелген аумақтардың жер қойнауын барлауға және игеруге жол ашу және жаңа геологиялық ақпарат алу;

Көмірсутек саласында инвесторлар мен ұлттық компаниялар үшін тең жағдай орнату;

Геологиялық барлау мен өндіру арасындағы алшақтықты қысқартып, ресурстарды өнеркәсіптік айналымға тез енгізу;

Уран саласындағы ұлттық компанияға уранды барлау бойынша басымдық құқығын беру.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2025 21:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

13 Қазан 2025 16:30see165

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see120

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see117

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see116

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

13 Қазан 2025 18:51see115

Семейде халық қала әкімін таңдады

13 Қазан 2025 19:47see114

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

13 Қазан 2025 16:15see114

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see113

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

13 Қазан 2025 16:37see112

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see111

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

13 Қазан 2025 17:19see110

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

13 Қазан 2025 19:47see109

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see109

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

13 Қазан 2025 17:32see109

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

13 Қазан 2025 20:38see109

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see109

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see109

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see108

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары