Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

Президент тапсырмалары: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестициялар бағытталады

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

Түркістан облысында салынғанына бір жыл толмаған ғимараттың қабырғалары жарыла бастады

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

​Қазақстан Лукойл активтеріне басым құқығын мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

Астанада дәрігерлерге түсетін әрбір бесінші шақырту шетелдіктерден

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

Онлайн казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Елдік мақсаттың айқын межелері

Елдік мақсаттың айқын межелері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әр жаңа жыл Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатымен бас­­талады. Онда өткен жылдың негізгі нәтижелері қорытындыланып, болашақ бағыт-бағдарымыз айқындалады. Қалыптасқан бұл тәжірибе кейінгі жылдары еліміздің саяси өміріне нық орнығып, қоғамдық диалог пен мемлекеттік мақсат қоюдың маңызды құралына айналды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұртшылықты толғандырып жүрген ең өзекті сұрақтарға өзіне тән парасатпен әрі байыпты мәнермен боямасыз, бүкпесіз жауап берді. Бұл оның халықпен тікелей диалогке ашықтығын, дайын екенін тағы да көрсетеді.

Өткен жылдың басты қорытын­дысы ретінде Президент ұлттық эконо­миканың орнықты әрі қарқын­ды дамып келе жатқанын атап өтті. Жан басына шаққанда елдің ішкі жалпы өнімі ұзақ жылдан бері алғаш рет 15 мың доллардан асты. Осыдан екі жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетіне берген бастапқы сұхбатында Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының болжауынша, аталған көрсеткіш 2028 жылға қарай 16,8 мың долларға дейін өсетінін айтқан еді. Қазіргі уақытта мұның қолдан келетін шаруа және жете ойластырылған, жүйелі саясаттың тікелей жемісі екенін анық көріп отырмыз. Президенттің алдыңғы сұхбаттарында көтерілген барлық мәселе мен бастама тек сөз жүзінде қалмай, дәйекті түрде іске асып, ел болашағына біртұтас негіз болып қаланып жатқанын атап өткен жөн.

Жақсы нәтижелермен және зор жетістіктермен қатар Президент халық арасында кеңінен талқыланып отырған ең түйткілді тақырыптарға да тоқталып өтті. Әсіресе жуырда қабылданған Салық кодексі қоғам мен іскерлік топтардың ерекше назарында болды. Бұл былтыр ең көп пікірталас тудырған мәселенің бірі десек, артық емес. Осы құжатты әзірлеу барысында шын мәнінде ауқымды жұмыс атқарылды. Мәжілістегі жұмыс тобы мүшелерінің саны 300 адамға дейін жетті. 5 мыңнан аса түзету енгізілді. Талқылаулар орталықтағы және өңірлердегі түрлі диа­лог алаң­дарында өтті. Атап айтқанда, қосыл­ған құн салығының мөлшері мен шегі төңірегінде көп пікір айтылды. Жоғарғы шекті 4 сатыға төмендетіп, бұл өзекті мәселенің нүктесін Мем­лекет басшысының өзі қойды.

Президент салық рефор­ма­сының идеологиясын түсін­діріп, ендігі жерде басты басымдық серік­тестікке берілетінін айтты. Не­гіз­гі мәселе – мемлекеттің де, аза­маттардың да, бизнестің де өз міндеттемелерін адал және саналы түрде орындауы. Осы қарапайым әрі түсінікті формула аза­маттық жауапкершіліктің негізін қа­лап, қоғамдық сананы біртіндеп өзгертеді.

Президент тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығының көңіл көншітпейтін жағдайы, тарифтердің көтерілуі сынды түйткілді мәселелер бойынша да мемлекет мүддесі тұрғысынан тұшымды жауап берді. Көп жыл бойы арзан жанармай, электр қуаты мен төмен тарифтерден түскен пайда жекелеген олигополия мен жосықсыз делдалдардың қалтасына түсіп келді. Оның үстіне, бұл жайт экономиканы тұралатып, өзекті мәселелердің шешілуін кешеуілдетті. Бүгінде сол саясаттың салдары ерекше сезіліп отыр. Президент ондай теріс тәжірибені тоқтатып, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, қордаланған мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет тарапынан, соның ішінде заңнамалық деңгейде де жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Негіз­гі ұстаным – ашықтық және бірінші басшылардың тікелей жауап­кер­ші­лігі. Енді қаражат жылу электр орталықтары мен коммуналдық желілерді жаңғыртуға жұмсалады. «Тарифті инвестицияға айырбастау» тәсілі де тиімділігін көрсетуде. Алғашында халыққа тосындау көрінген тарифтерді өсіру шаралары да өз нәтижелілігін, белгіленген бағыттың дұрыстығын көрсете бас­тады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа Мәжіліске Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдау құқы­ғын берді. Бастапқы есептің тақы­рыбы дәл осы жылумен қамту сала­сының аудиті болды. Бүгінде осы шаралардың бәрі өз жемісін беріп жатқанын көріп отырмыз. 2025 жыл тұрақтылық жылы болып, айтарлықтай коммуналдық ақау­ларсыз өтті. Бұл – жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігінің айқын дәлелі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы прези­денттік қызметіне кіріскен күннен бас­тап ауылды дамытуға баса көңіл бөліп келеді. Ауылдың инфра­құрылымдық және институцио­налдық дамуына оның сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған бастамалар тың серпін берді. Президент сайлауынан кейін бірден қол қойылған жарлықтың бірі «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы» болуы кездейсоқ емес. Екі жыл қатарынан диқандарымыз рекорд­тық өнім алуы – осындай жүйелі қолдаудың тікелей нәтижесі. Бүгін­де 70 елге экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы сомасы 5 млрд доллардан асады.

Мемлекет басшысының табан­дылығы негізсіз әлеуметтік жеңіл­діктердің тым көбеюі мәселе­сінен де көрінді. Бұл тақырып оның Жолдауында да қозғалған еді. Осы тұста Президенттің түпкі ойының астарына үңілген жөн. Ол қазақстандықтарды еңбекқор ұлт ретінде көргісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын. Алайда өткен жылдар тәжірибесі, керісінше, қоғамдағы масылдықтың күшеюіне түрткі болды. Соның салдарынан елімізде жүзден аса түрлі жеңілдік енгізілді. Оны миллиондаған азамат пайдалануда. Бұл елдің дамуын тежейтін, мемлекеттің қыруар ресур­сын басқа жаққа бұрып әкететін ауыртпалыққа айналды. Кейбір отба­сылар азды малданып, әлеуметтік төлемдермен ғана күн көруге көшкен тұтас бір тұтынушылық мәдениет қалыптасты. Мемлекет басшысының реформалары осы бұрмаланған түсінікті өзгертуге және азаматтарды табанды еңбек етіп, лайықты жалақы алуға ынталандырады.

Өткен жылдың Жұмысшы маман­дықтар жылы деп жарияланып, барлық деңгейде еңбек адамына, еңбек династия­ларына құрмет көрсетілуі бекер емес. Олар өз заманының ерен ерле­ріне айналды. Президентіміздің «Таза Қазақстан» идеясын алайық. Бірінші кезекте, бұл бастама жас­тардың арқасында жай ғана экоация емес, санаға серпіліс берген өмір салтына айналды. Бүгінде мемлекет тарапынан қазақстандықтардың өзін-өзі толыққанды танытуы үшін барлық жағдай жасалуда, оларға кез келген мүмкіндіктер ашық және олар – өз болашағының иелері. Біздің жас­тар қиындықтан қашпайды. Оған су тасқыны, алапат өрттің кезінде көз жеткіздік. Президент пен жас­тар алдыңғы шепте жүрді. «Amanat» партиясының жастар қанаты да осы істердің бел ортасынан табылды. Бұл ретте жаһандық цифрлық трансформация дәуірінде жастарды назардан тыс қалдырмай, оларға жол көрсетіп, дұрыс тәрбие беріп, жігерлендіру – маңызды міндет. Атом электр стансасын салу, жасанды интеллектіні енгізу, жаппай цифр­ландыру – жастардың алға қарай нық қадам басып, дамуына жасалған жаңа мүмкіндіктер.

Президент жаһандық үрдістерді жақсы түсініп, қажетті бағыт-бағдарды дер кезінде айқындап беріп отыр. Ал бұл әлемнің дамыған елдерімен батыл бәсекелесуге мүмкіндік береді. Біз алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект туралы заңды, Цифрлық кодексті қабылдадық. Осы салаға қажетті кадр даярлап, ақпараттық тех­нологиялар инфрақұрылымын дамытып, ақпараттық технологиялар индустриясы көшбасшыларының келуіне жағдай жасап жатырмыз. «Oxford Insights» британдық консалтингтік компаниясының елдердің жасанды интеллектіні енгізуге даярлық рейтингісі бойынша, Қазақстан 188 мемлекет арасында 76-орында тұр. Бұл – біздің қазіргі ұстанымымыз бен әлеуетіміздің көрінісі. Мемлекеттік дерекқорлар, «Smart Data Ukimet» цифрлық платформасы, жаңа суперкомпьютердің іске қосылуы және дамыған инфрақұрылым елі­міздің мықты тұсы ретінде аталды. Мұның бәрі Қазақстанның Орталық Азиядағы «озық» ел қатарынан өңір­дің цифрлық көшбасшысына айналу кезеңінде тұрғанын айғақтайды. Сонымен қатар Президент тапсырмасымен «Digital Qazaqstan» бірыңғай тұжырымдамалық құжаты әзірленіп жатыр. Жасанды интеллектіні дамыту дербес міндет ретінде емес, технологиялық прогрестің ұлттық стратегиясының ажырамас бөлігі, азаматтарымыздың тұрмысын жақ­сарту құралы ретінде қаралатынын атап өткен абзал.

Президенттің сыртқы саясат саласындағы қызметі де ерекше назар аударуға тұрарлық. Баршамыз алмағайып өзгерістердің куәсіміз. Мұндай жағдайда барлық елмен теңгерімді қарым-қатынас сақтай білу аса маңызды. Мемлекет басшысының шетелдік әріптестермен тұрақты байланысы, өзара сапарлары, жоғары деңгейдегі кездесулері еліміздің ха­лықаралық деңгейдегі беделін ны­ғайтуға және ұлттық мүддені қор­ғауға бағытталған.

Біз Президенттің шетелдік көшбасшылармен бейресми қарым-қатынасын үнемі көріп жүрміз. Халықаралық күн тәртібіне терең үңілуі, дипломатиялық протоколды білуі, әңгімені екінші тарап тілінде жүргізе алуы басқа мемлекеттер тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық пен сенім туғызады. Дәл осындай «галс­туксыз» жүздесулер елдің тұрақты дамуына, шетелдік инвестициялардың келуіне кепіл болып отыр.

Халықаралық белсенділікпен бірге мемлекетіміз жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл сұхбаттың атауының өзі соны меңзейді. Мемлекет басшысы жариялаған парламенттік реформа қоғамда талқыланып жатқан басты тақырыптың бірі болып отыр. Конституциялық реформаның жаңа кезеңіне дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр. Алдымызда референдум, Ата заңға кешенді түзетулердің тұтас жиынтығын енгізу ісі күтіп тұр. Жаңа Парламент тек партиялық тізім бойынша жасақталатыны белгілі. Қазіргі Мәжіліс – ел тарихындағы ең көппартиялы Парламент. Бүгінді бізде қоғамның әртүрлі жігін қамтитын алты партия жұмыс істейді. Осы жылдары фракцияаралық диалог мәдениеті қалыптасты. Ол ел дамуының ең маңызды мәселелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға септеседі. Біздің жиған тәжірибеміз болашақ бір палаталы Парламентке жақсы негіз болады деп сенемін.

Сұхбатты оқып шыққанда Президент еліміздің дамуына бағыт­талған және кезең-кезеңімен халық тұрмысын жақсартатын біртұтас сая­сатты дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанына тағы да көз жеткіземіз. Мемлекет басшысы алған бағыттан таймай, тұтас халық үшін тең мүмкіндіктер елін құру жолында межелі мақсатқа қарай беттеп келеді. Жалпы, Президенттің жаңа жылды халықпен емен-жарқын сұхбаттан бас­тауы азаматтардың ел тағдырынан өздерінің тысқары еместігін сезінуіне, тарихи үдерістердің тереңдігін ұғынуына, қабылданған маңызды шешімдерді ел басшысымен бірге байып­тауына мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Кемелұлының осындай ашық әңгімесі оның адалдығы мен парасатын, кәсібилігі мен жауапкершілігін айқындайды.

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

23 Ақпан 2026 03:15see110

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

22 Ақпан 2026 17:21see109

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

22 Ақпан 2026 08:12see109

Президент тапсырмалары: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестициялар бағытталады

23 Ақпан 2026 11:19see108

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

23 Ақпан 2026 01:26see108

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

22 Ақпан 2026 15:58see107

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

22 Ақпан 2026 10:01see107

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

22 Ақпан 2026 23:13see107

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

22 Ақпан 2026 13:00see107

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2026 11:34see106

Түркістан облысында салынғанына бір жыл толмаған ғимараттың қабырғалары жарыла бастады

23 Ақпан 2026 16:29see106

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

23 Ақпан 2026 11:48see106

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

23 Ақпан 2026 15:04see105

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

23 Ақпан 2026 15:03see105

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

22 Ақпан 2026 15:22see105

​Қазақстан Лукойл активтеріне басым құқығын мәлімдеді

23 Ақпан 2026 16:18see104

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

23 Ақпан 2026 13:06see104

Астанада дәрігерлерге түсетін әрбір бесінші шақырту шетелдіктерден

23 Ақпан 2026 15:36see104

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

23 Ақпан 2026 09:31see104

Онлайн казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

23 Ақпан 2026 13:52see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары