Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Жылу желілері жаңарады

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Елімізде төсек тартып жатқан қариялардың күтімін жасайтын әйелдердің өзіне көмек керек

Елімізде төсек тартып жатқан қариялардың күтімін жасайтын әйелдердің өзіне көмек керек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде кең жүрек пен адалдықты талап ететін жұмыс бар. Олардың техникамен ісі жоқ. Себебі олардың орнын техника баса алмайды. Соның біріне барып, ақ адал қызметін көрдік.

Ақтөбе қаласында орналасқан № 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазір 200-ден астам тұрғын бар. Олар мүгедектігі бар адамдар, қартайғанда жалғыздан жалғыз қалған қариялар. Мұнда медицина қызметкерлері, психолог, шаштараз секілді бірнеше маман еңбек етеді. Соның ішінде ауыртпалықтың көбі санитар әйелдерге түсіп тұр. Тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлер таңертең жуындырып, шашын тарап, тамағын беріп, қайта жатқызады. Бірнеше рет жөргегін ауыстырып, аптасына екі рет жуындыруға жібереді.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демаламыз. Өзім осы жұмысқа екі жыл бұрын кірістім. Оған дейін кондитерлік цехта еңбек еттім. Ол жерде денсаулығыма кері әсері болып, қарттар үйіне келдім. Жұмыс орным үйге жақын әрі бір тәуліктен соң бірер күн демалысы бар. Онда да бір күн тынығып, өз-өзімізге келеміз. Мұндағы жұмыс қиын екені рас. Бір тәулікке екі санитар бекітілген. Әрқайсысымыз 20 тұрғынға жауаптымыз. Біз тамақтандырып, жуындырып, әрбір үш-төрт сағат сайын жөргегін ауыстырамыз. Төсек тартып жатып қалған соң кейбірі салмақ қосады. Мұндайда көтеру қиындап, көмекке жүгінеміз, беліміз ауырады, қолымыз көтертпей қалады. Демі үзілсе ақтық сапарға дайындайтын да біз. Жуындырып, шығаруына дайындаймыз, — деді Венера Ержанова.

Мұнда жұмыс сағат 8:00–де басталып, санитарлар бір-біріне ауысым жүктемесін тапсырады. Сағат 9:00–де негізгі жұмысы қызады. Алдымен жуындырып, тамақтандырады.

— Арасында айқайлап, лас сөздер айтатыны да, тырнап, қарсылық көрсететіні де бар. Кейбірі сөйлей алмайды. Ондайда күндіз жұмыста жүрген аула сыпырушы, медбике көмекке келеді, — ол.

Ал Жанар Досқұлованың санитар болып жүргеніне 15 жылдан асты. Ол алғашында өмірінің соңғы сәттерінде жалғыз қалған қарияларды аяп, жиі жылайтын. Мұңын шерткен әр жанның жанынан табылатын. Қазір қамқорлығындағы әр тұрғын туысындай, жақынындай болып кетті.

— Арада 3-4 жыл өткеннен кейін бәріне үйрендім. Әр адам өз жақынымдай қазір. Тіпті, еңбек демалысына шыққан кезде мені күтіп отырған адамдардың бар екенін білемін. Келген кезде құшақтап, қауышамыз. Көңіл күйлері жақсы болса, біз де шаршағанымызды ұмытып кетеміз. Әрине, жұмысымыз қиын. Тәуліктік жұмыстан соң шаршап шығамыз. Әсіресе үйге барғанда әліміз құриды. Біз жай санитар емес, медицина қызметкері секілдіміз. Ауырған жерін айтады, психолог секілді сырласады. Арасында қазір айтқанын, қазір ұмытып қалатындары да бар. Бәрі де үйдегі тірлікке ұқсас. Тек бір адам 20 адамға күтім жасайды, — деді Жанар Досқұлова. 

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Санитарлар қарттар үйі тұрғындарының күтімін жасап қана қоймай, бөлмені жинайды, еденін жуып, айналаны таза ұстайды. Ішкі ереже бойынша тұрғындар сағат 22:00–ден кейін түнгі ұйқыға жатады. Алайда кейбірі адасып кетіп, бір-бірінің ұйқысын бұзады.

— Бұл өте жауапты әрі ауыр жұмыс. Сондықтан жұмыс іздеп келген адамдарға «алдымен байқап көру керек» деп кеңес береміз. Көбі шыдамайды, кетіп қалады. Кім қарттық шағын орталықта өткізуі мүмкін? Мінезі ауыр, ағайын-туыспен араласып, қамқорлық жасамағандар мен ішімдікке салынғандар, жастық шағында қателікке жол бергендер басым. Олардың кейбірі әлі де боқтап, қол көтереді, — деді № 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Сәулехан Күнтілеуова.

Санитарларға 42 күндік еңбек демалысы беріледі, бірақ емдік жәрдемақы төленбейді. Шипажай да қарастырылмаған. Олардың жалақысы 85 мың теңге. Қосымша ақы қосып, кейде 120-150 мың теңге төленеді.

— Алғашқы күні қатты қорықтым. Себебі бір қария қайтыс болып, жуындыруды тапсырды. Біз соңғы сапарға дайындап, мүрдені мәйітханаға тасымалдаймыз. Міндетімізге бұл да кіреді. Жұмыс іздеп келген жастар болса, жөргекті ауыстыру, оларға жасалатын күтімді көргенде кетіп қалады. Сонымен бірге бізде әйелдер, ерлер деп бөлмейді. Бәріне де санитар әйелдер күтім жасайды. Жалақымыз аз, еңбек демалысына шыққан кезде емдік жәрдемақы қарастырылмаған. Осы ұсынысты айтып едік, бірақ қолдау таппады, — деді Венера Ержанова.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

№ 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Сәулехан Күнтілеуованың айтуынша, санитар қызметіне ер адамдар керек. Алайда жалақы төмен болған соң ешкім келмейді. Бәрі де санитар әйелдердің мойнында.

— «Атаны өзіңнің әкең, әжені өзіңнің анаң деп қара»! Біз осылай талап қоямыз. Сол кезде басқаша көзқарас болады. Өйткені ертең біздің ата-анамыз, өзіміздің дәл осы жерге келіп түспейтінімізге кім кепілдік береді? Ешкім кепілдік бере алмайды. Адамдарға көмектесуді ойлаймыз, аяушылық сезім оянады. Мамандардың бәрі кішіпейіп, аға, апа деп тұрады, — деді Сәулехан Күнтілеуова.

Иә, бұл орталықты жылы сөз, жылы қарым-қатынас ұстап тұр.

— Алдап, жылы сөйлесең бәрі де балаша қуанып отырады. Ыдыс-аяғын жуып, төсек орнын дұрыстап, «сен жақсысың» десе, риза болады. Біздің де жүрегіміз қатты емес. Көргенде жібіп тұрамыз, — деді Жанар Досқұлова.

Майра Бейісова Ойыл ауданындағы сауда орнында есепші болып жұмыс істеп, денсаулығына байланысты Ақтөбе қаласына қоныс аударды. Бірнеше жыл қызмет көрсету саласында еңбек етіп, 2013 жылы Ақтөбе көпсалалы облыстық ауруханасының шаруашылық бикесі қызметіне орналасты. Оның айтуынша, ауруханадағы санитар қызметкерлердің көбі ұзақ жылдан бері еңбек етеді. Жалақысы аз жұмысқа жастар аз келеді. Дегенмен болашақ дәрігерлер түнгі ауысымды таңдайды.

— Науқастың бабын жасау — санитардың міндеті. Тамағын береді, жөргегін ауыстырады. Еден жуып, тазалыққа жауап береді. Жұмыс қиын, айлық аз деп жастардың келмейтіні сондықтан. Медицина саласында оқитын студенттер түнгі ауысымға келеді. Ал кейбір жастар кешкі оқуға түскен. Медбике мамандығын меңгеріп алады. Санитарлар кішіпейіл, науқастың күтімін жасай алуы тиіс. Аурушаң адаммен тіл табысу да қиын. Бәріне төзімділік керек. Кейбірі «мен жөргегін ауыстырмаймын» деп келеді. Жұмыс істеуге ниеті болса ғана келгені дұрыс. Адамды бірден танып, көруге болады. Құлшынып тұратын адамдар бар, — деді Майра Бейісова.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Ақтөбеде 2026 жылдың 1 қаңтарында 16 297 жұмыссыз тіркелген. Электронда еңбек биржасында Ақтөбе облысы бойынша мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылған. Бәрінде де қара күшті қажет ететін қарапайым еңбек адамдарының жалақысы төмен…

Айта кетейік, елімізде біліктілікті талап етпейтін салаларға 6,4 мың адам керек. Сонымен қатар білім саласына — 9,9 мыңға жуық, өндірісте — 6,2 мың, медицинада — 4,8 мың, көлік және логистикада — 3,3 мың, қаржы және есеп саласында 1,6 мыңға тарта маман қажет

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see119

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see117

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see114

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары