Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

Семейде халық қала әкімін таңдады

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

Халық үніне құлақ асу басты міндет

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Елімізде заңсыз майнинг фермаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елімізде заңсыз майнинг фермаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Былтыр цифрлық активтерді өндіру арқылы күдіктілер 1 млрд теңгеден астам соманы қалтаға басқан. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, фермалардың дені Астана, Шымкент және Қостанай қалаларында орналасқан. 

Осыдан үш жыл бұрын криптовалюта майнингі өндірісі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте үздік ондыққа ілінген еді. Алайда соңғы жылдары қисапсыз қаржы көзін тапқан өндірушілердің электр қуатын шамадан тыс жұмсап, салық төлеуден жалтара бастағаны байқалды.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Мысалы, 2024 жылдың басында Шымкент қаласында Агенттік оттегі өндіретін зауыт ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз майнингтік ферманың қызметін тоқтатты. Тексеру нәтижесінде мың майнинг құрылғысы мен цифрлық активтер тәркіленіп, жалпы сомасы 370 млн теңгеге жуық мүлік мемлекет пайдасына алынды.

Ұқсас жағдай Астана, Павлодар қалаларында да тіркелген. Мұндағы кәсіпкерлердің бірі кәсібін қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бүтін бір шағын ауданға жұмсалатын айлық электр энергиясын тұтынса, енді бірі жылыжай шаруашылығымен айналыса жүріп, артық энергия қуатын лицензиясыз үшінші тұлғаларға майнинг алу үшін сатқаны белгілі болды.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде Агенттік 64 заңсыз майнингтік ферманың қызметін тоқтатты, нәтижесінде сағатына 700 мегаватт электр энергиясы босатылды. Заңсыз майнингтің алдын алу мақсатында агенттік қызметкерлерін майнингтік фермаларды ерте анықтауға бағытталған оқыту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ шетелдік майнинг пулдарымен ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық та орнатылды.

Қаржы мониторингі өкілінің сөзінше, майнинг фермалары көбіне суық климатты аймақтарда кезігеді, өйткені ондағы ауа райы ферманы салқындатуға кететін шығынды азайтатын көрінеді. Электр энергиясы көп аймақтарда жиі ұшырасатынын да жоққа шығармады. Соңғы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде жақында 650 мың долларға жуық цифрлық активті жымқырған күдіктілер құрықталып, 17 қылмыстық іс қозғалды.

Сергей Путра, Блокчейн және цифрлық майнинг қауымдастығының вице-президенті:

- Қазір майнинг бойынша лицензия алудың екі жолы бар. Біріншісі өз дата-орталығын құратын майнерлерге арналса, екіншісі тек жабдық иелеріне беріледі, яғни олар өз құрылғыларын лицензия алған дата-орталықтарға тіркейді. Ал өз дата-орталығыңа лицензия алу үшін шамамен 2 мың АЕК қажет. Бұл - айтарлықтай үлкен сома. Ал жабдыққа ғана иелік ететіндер үшін төлем символикалық деңгейде. Лицензия үш жылға берілетінін ескерсек, бұл өте тиімді деп ойлаймын.

Криптовалюта нарығы біртіндеп жүйеленіп келеді. Жыл басында «Цифрлық активтер туралы» заң қабылданып, енді цифрлық майнингтер ел аумағында аккредиттелген майнинг пулдары арқылы ғана жүзеге асуы қажеттігі шегеленді.

Криптоқаржының арқасында соңғы үш жылда ел қазынасына 17 млрд теңгеден астам қаражат түсіпті. Заң аясында қызмет ететін кәсіпкер қатары көбейсе, бұл соманың алдағы жылдары еселеп өсетіні анық. Бұған Алатау қаласының бой көтеруі де тың серпін бермек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуы тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет.

Тілектес Адамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сол үшін қазір Цифрлық кодекстің саласында майнингке кірісеміз. Сол жерде менің ойым майнингті қайтадан дұрыс жұмыс жүйесіне келтіру. Одан басқа салық жүйесін дұрыстау, одан басқа цифрлық фондқа дұрыс қаражат түсетіндей жүйе құру.

Қазір елімізде ресми тіркелген 70-ке жуық майнинг фермалары жұмыс істейді. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш әлбетте әлдеқайда аз. Десе де криптоқаржы нарығы оңтайландырылып, бұған қатысты Салық кодексіндегі өзгеріс күшіне енсе, жуық арада ел азаматтары криптовалютамен сауда жасайтын күн алыс емес.

Авторлары: Назым Кенжебай, Қанат Махмұдов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2025 22:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандағы көлік апатының 30 пайызы жол сапасының төмендігінен болады Нартай Сәрсенғалиев

13 Қазан 2025 16:30see165

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see120

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see117

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see116

Қазақстанда 14 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжанады

13 Қазан 2025 18:51see115

Семейде халық қала әкімін таңдады

13 Қазан 2025 19:47see114

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам ұлымен бірге есірткі сатқан

13 Қазан 2025 16:15see114

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see113

Ақсу қаласында 291 млн теңгені қолды қылғандар 7 жылға сотталды

13 Қазан 2025 16:37see112

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see111

Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды

13 Қазан 2025 17:19see110

Баянауылға саяхат: Қазақстандағы шынайы демалыс қандай?

13 Қазан 2025 19:47see109

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see109

Ресей соғыста химиялық қаруды қалай қолдануда

13 Қазан 2025 17:32see109

Айдын Рахымбаев Forbes Kazakhstan тізімінде ең бай 10 қазақстандықтың қатарында

13 Қазан 2025 20:38see109

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see109

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see109

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see108

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары