Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Елімізде жол ережесін қайта қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек

Елімізде жол ережесін қайта қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс ашылуында Бас прокурор апаттылықты төмендету шаралары «Заң мен Тәртіп» идеологиясына сай келетінін атап өтті. Басты міндет – заңның үстемдігін нығайту және жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру. Қоғамда жүргізу мәдениетін дамыту және құқықбұзушылыққа төзімсіздік қалыптастыру қажет.

Б. Асылов Мемлекет басшысының 8 қыркүйектегі Жолдауында азаматтардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілігіне назар аударғанын атап өтті.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау.

Талдау көрсеткендей, апатқа кінәлі жүргізушілердің 81%-ы бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған, бұл қайталану деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Мәселен, ШҚО-да бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзып, оның 13-і – жылдамдықты арттыру фактілері. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушысы қаза тапты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанады.

Тағы бір жағдайда жүргізуші соңғы екі жылда 72 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, оның ішінде 2025 жылы жылдамдықты арттырғаны үшін 30 рет жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 30 тамызында Алматы қаласында жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне әкелген.

Бас прокурор жүргізуші куәліктерін беру процесін бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті. Жүргізуші куәлігін заңсыз алу жағдайлары қоғам үшін қауіп төндіретін фактор ретінде қаралады.

Бұдан бөлек, қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін негізгі факторлардың бірі – автомобиль жолдарында белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін рұқсатсыз шығу жолдарын, қиылыстар мен қосылуларды салу. Ірі трассаларға қосылулардың ең аз саны жөніндегі талаптар сақталмайды.

Мысалы, «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында жобалық түрде 48 қосылу көзделген, оның 28-і – рұқсат етілген арақашықтықты бұза отырып орналастырылған. Ақмола облысының Қоянды және Бірлік-Бек ауылдары маңындағы ұзындығы 7 км учаскеде жергілікті тұрғындар өз бетімен салған 17 заңсыз қосылу бар. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл ретте, «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 19-2-бабы 2-тармағына сәйкес, автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын қамтамасыз етуге тиiс.

Сондай-ақ, ауыр жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі қалалараралық такси ретінде пайдаланылатын, оң жақты рульмен басқарылатын минивэндерде орын алуда, бұл техникалық талаптарға сәйкес келмейді.

Медициналық көрсетілімдерге сәйкес көлік құралын басқаруға болмайтын жүргізушілердің қатысуымен орын алған ЖКО фактілері бар. Абай облысының Үржар ауданында эпилепсия дерті бар жүргізуші ұстама салдарынан 6 баланы қағып, 4-і қаза тауып, 2-і жарақат алды.

Мұндай құқықбұзушылықтарға дереу құқықтық шара қолданылуы тиіс. Мемлекеттік басқару органдары өз бағыттары мен нысаналы топтары бойынша, білім беру және құқық қорғау мекемелерінің ғылыми әлеуетін қоса отырып, нақтыланған ұсыныстар енгізеді.

Қайталанатын бұзушылықтарды жүйелі түрде алдын алу үшін отырысқа қатысушылар цифрлық тіркеуге негізделген жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарын баллдық есепке алуды енгізуді ұсынды. Бұл тәртіпті жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді уақытылы анықтауға және оларды көлік жүргізуден шеттетуге мүмкіндік береді. Баллдың шекті деңгейіне жеткен жүргізушілер емтихандарды қайта тапсыруға жіберіліп, бұл дайындық сапасы мен жолдағы тәртіпті арттырады.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жолдағы тәртіпті арттыруға және апаттылықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар тізбесі кеңейтілуде. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатына ерекше назар аударылады.

Жауапты мемлекеттік органдар аталған салалардағы бақылау және қадағалау функцияларын күшейтіп қана қоймай, жолдарда өлім мен жарақаттануды болдырмау үшін заң талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде халыққа кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 20:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see135

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see134

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see130

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see124

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see121

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see120

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see119

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see118

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see117

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see117

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see117

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see116

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see116

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see115

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see115

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see114

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see114

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see112

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see111

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары