Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Енді Саранда дамуы кешеуілдеген балаларды қолдау кабинеттері жұмыс істейді

Енді Саранда дамуы кешеуілдеген балаларды қолдау кабинеттері жұмыс істейді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қарағанды облысы, Саран қаласында үш жасқа дейінгі балаларға ерте қолдау көрсететін кабинет ашылды. Енді ерекше білім беруді қажет ететін немесе даму жағынан тәуекел тобына кіретін бүлдіршіндерге көмек алу үшін жеке орталықтарға жүгінудің немесе облыс орталығына барудың қажеті жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа қызмет 2023 жылдан бері Саран қаласында жұмыс істеп келе жатқан №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті базасында ашылды. Бұған дейін ата-аналар ерте түзету көмегін алу үшін жеке орталықтарға жүгінуге немесе Қарағандыға баруға мәжбүр болатын.

Кабинет «Дара» қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында құрылды.

«Біздің басты міндетіміз — баланың даму ерекшеліктерін дер кезінде байқап, ата-аналардың алаңдаушылықтан сенімділікке қарай жол табуына көмектесу. Қызметтің ашылуы – қаладағы инклюзивті білім беру жүйесі үшін маңызды қадам, өйткені енді ең кішкентай балалар да кәсіби қолдауды уақытылы ала алады», дейді №8 ТППК басшысы Құралай Құлмағамбетова.

Сабақ өткізу үшін жайлы дамытушы орта жасақталды: ғимарат демеушілік көмектің есебінен жөнделіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бөлме бес аймаққа бөлінген: танымдық, қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсету және әлеуметтік өзара әрекеттесу аймақтары. Мұндай тәсіл әр балаға жеке маршрут құрып, қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кабинет толыққанды жұмысын жаңа жылдан бастайды. Екі трансдисциплинарлық маман даярлықтан өтіп жатыр және логопедия, дефектология және психология бағыттары бойынша сабақ жүргізетін болады. Егер ата-аналар баласының сөйлеуі кешігуін, қарым-қатынастағы қиындықтарды, ұйқының бұзылуын немесе дамудағы өзге де кешеуілдеуді байқаса, бұл жерге жолдамасыз келе алады. Қызметтердің барлығы тегін ұсынылады.

«Дара» қорының «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі Айгүл Табергенова мұндай қызметтер тиімділігі дәлелденген заманауи тәсілді енгізетінін айтады: ол баланың дамуына аса маңызды кезеңде әсер етіп, қоғамға бейімделуіне ықпал етеді әрі ата-аналарды қолдайды.

«Мүмкіндіктер уақыты» жобасы Қазақстанда екінші жыл жүзеге асырылып келеді. Алғашқы ерте қолдау кабинеттері Қарағанды мен Шахтинскіде ашылған. 2026 жылға дейін мұндай қызметтерді Қарағанды облысындағы барлық ТППК мен оңалту орталықтарында құру жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 19:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see129

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see120

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see117

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see116

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see112

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see112

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see111

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see111

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары