Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

Қазақстан бизнеске және азаматтарды қолдауға деген көзқарасты қалай өзгертпек: сарапшы пікірі

Ферма да, уылдырық та жоқ: Атыраудағы миллиондаған теңгелік жобаның соңы не болды

Ферма да, уылдырық та жоқ: Атыраудағы миллиондаған теңгелік жобаның соңы не болды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ЖИ арқылы жасалған сурет

Атырау облысында бекіре балығын өсіретін ферма салуға арналған жер учаскесі 41,5 млн теңгеге сатылған. Алайда бұған дейін оның құны 80 млн теңгеден асатын сомаға бағаланған. Енді жобаны қолға алған отбасы өздеріне тиесілі қаражаттың қайда кеткенін анықтауға тырысып жатыр.

28 қазанда Атырау облыстық соты Еркінқала ауылындағы ауданы 6,8 гектар жер учаскесінің сатылуына дау айтқан Хатима Кемелбаеваның талап арызы бойынша бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Кезінде оның отбасы осы жерді бекіре балығын өсіріп, қара уылдырық өндіретін ферма салу үшін берген. Алайда жоба бастапқы жоспарға сай жүзеге аспай, кәсіпорын таратылып, жер учаскесі сатылған.

«Атырау» ӘКК түскен қаражат қарыздар өтелгеннен кейін компания қатысушылары арасында бөлінгенін мәлімдейді. Алайда «Қазақ бекіре компаниясы «Каспий Балық» ЖШС-нің 15 пайыз үлесіне иелік еткен Кемелбаева ешқандай төлем алмағанын айтады.

Оқиға қалай басталды?

Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын кезінде Еркінқала бекіре зауытын алғаш басқарған белгілі балық өсіруші-ихтиолог Әділғали Кемелбай жасанды су айдындарында бекіре өсіретін ферма салу туралы ұсыныс жасаған.

Жоспар ауқымды болды. Кәсіпорын жыл сайын 85 тонна тауарлық балық пен 1 500 келі тағамдық қара уылдырық өндіруі тиіс еді. Алғашқы ферманы 2010 жылға дейін салып, кейін осындай тағы 20 шаруашылық құру көзделген.

Жобаны жүзеге асыру үшін Кемелбаевтар отбасы Жайық өзенінің жағасындағы жұмыс істеп тұрған бекіре зауытының маңынан, Еркінқала ауылындағы ауданы 6,8 гектар жер учаскесін ұсынған. ӘКК құрылысқа 110 млн 500 мың теңге инвестиция салған.

Осылайша «Қазақ бекіре компаниясы «Каспий Балық» ЖШС құрылған. ӘКК-нің үлесі 85 пайызды немесе 110,5 млн теңгені, ал Хатима Кемелбаеваның үлесі 15 пайызды немесе 19,5 млн теңгені құраған. Отбасында құрылысқа қатысуға қажетті қаражат болмағандықтан, олар өз үлесі ретінде жер учаскесін ұсынған.

Алайда бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін Әділғали Кемелбай компания директорлығынан шеттетілген. Ферма құрылысымен айналысудың орнына қатысушылар арасында келіспеушіліктер басталып, кейін ол көпжылдық сот дауларына ұласқан.

2009 жылы «Ақ Жайық» бұл оқиға туралы «Корпорацияға автордың керегі жоқ» атты мақаласында жазған болатын. Сол кезде ӘКК өкілі Сағын Лұқпанов егер Кемелбаевтар жобадан шығуға шешім қабылдаса, корпорация жерді оларға қайтаруға дайын екенін мәлімдеген.

Алайда жер отбасыға сол күйі қайтарылмады. Арада бірнеше жыл өткен соң ол аукцион арқылы сатылды.

Бағалау құнынан екі есе арзанға сатылған

Қыркүйек айында «Ақ Жайық» редакциясы жер учаскесінің сатылуы және Хатима Кемелбаеваның үлесінің тағдыры туралы сауалға «Атырау» ӘКК-нен ресми жауап алды. Құжатқа сол кездегі корпорация басқармасының төрағасы, бүгінде Атырау қаласының әкімі қызметін атқаратын Данияр Таханов қол қойған.

Жауапта көрсетілгендей, 2022 жылғы 23 қыркүйекте ауданы 6,8 гектар жер учаскесі электронды сауда-саттық арқылы сатылған. Сауда жеңімпазы жеке тұлға Қайырғали Қ.Қ. болған.

Ол мен ЖШС-нің тарату басқарушысы Демеуов К.Д. арасындағы сатып алу-сату шарты сол жылдың 26 қазанында жасалған.

Мүлікті электронды сауда-саттық арқылы сату туралы шешім ЖШС қатысушыларының 2020 жылғы 27 қаңтардағы жалпы жиналысының №4 хаттамасымен бекітілген.

Бір қызығы, ӘКК өз жауабында мәміленің құнын көрсетпеген. Бұл ақпаратты алу үшін корпорация тікелей тарату басқарушысына жүгінуді ұсынған.

Алайда редакцияның қолында жердің 41 млн 500 мың теңгеге сатылғанын растайтын сатып алу-сату шарты бар.

Ал «Спектр Оценки» ЖШС бағалау компаниясының 2020 жылғы 8 қаңтардағы есебінде жер учаскесінің құны 80 млн 173 мың теңге деп көрсетілген. Бұл сома кәсіпорынның аралық тарату балансын жасау кезінде пайдаланылған.

Осылайша бағалау құны мен сату бағасының арасындағы айырмашылық 38 млн 673 мың теңгені құраған.

Әрине, бағалау жүргізілген уақыт пен сауда-саттық өткен аралықтағы үш жылға жуық мерзімде жердің құны өзгеруі мүмкін. Алайда сату алдында қайта бағалау жүргізілді ме, сауда-саттық қандай бастапқы бағадан басталды және жерге қанша сатып алушы үміткер болды деген сұрақтарға ӘКК жауабында түсініктеме берілмеген.

Ақша бөлінген, бірақ кімге?

ӘКК мәліметінше, мүлікті сатудан түскен қаражат кәсіпорынның бюджет алдындағы салық және басқа да төлемдер бойынша берешегін өтеуге, тарату комиссиясының еңбекақысын төлеуге және ЖШС-ні таратуға байланысты өзге де шығындарға жұмсалған.

Корпорацияның мәлімдеуінше, қалған қаражат қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлінген.

Алайда барлық есеп айырысудан кейін нақты қанша қаражат қалғаны, оның кімге және қашан аударылғаны туралы ӘКК хабарламаған.

Хатима Кемелбаева болса, ешқандай ақша алмағанын айтады.

Сотта оның мүддесін ұлы Есет Кемелбаев қорғаған. Оның айтуынша, сот отырысы кезінде анасына жерді сатудан түскен қаражаттан 1 млн 800 мың теңге ұсынылғаны, бірақ оның бас тартқаны туралы ақпарат айтылған.

Есет мұндай ұсыныс болмағанын алға тартады. Ол анасына төлем туралы WhatsApp арқылы ма, әлде телефонмен хабарланды ма деген мәселені анықтауға тырысқан. Алайда оның сөзінше, апелляциялық сатыдағы сотта бұл сұрақты қоюға мүмкіндік берілмеген.

«Сотта 2023 жылдың мамырында ақшаны анама бердік деген әңгіме айтылды. Сәуір айында әкем қайтыс болған, бірақ содан кейін бізге ешкім ақша алып келген жоқ», – деді Есет Кемелбаев.

Оның айтуынша, сот процесі кезінде Кемелбаеваның бас тартты делінген ақшасы кейін басқа қажеттіліктерге жұмсалғаны да айтылған.

Бұл ретте компаниядағы 15 пайыздық үлес оның иесіне сатылған жердің жалпы құнының 15 пайызы тиесілі дегенді білдірмейді. Кәсіпорын таратылған кезде алдымен оның міндеттемелері өтеліп, қалған мүлік қатысушылар арасында бөлінеді.

Бірақ жер сатылып, қарыздар өтелгеннен кейін қанша қаражат қалды? Кемелбаеваға нақты қанша сома тиесілі болды? Егер ол шынымен төлемнен бас тартса, мұны қандай құжаттар растайды?

ӘКК хатында бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Оларды анықтау үшін іс материалдары мен қаражатты есептеу және аудару туралы құжаттарды зерделеу қажет.

Неліктен жердің бір бөлігін бермеді?

ӘКК жауабынан бастапқыда жер учаскесін компания қатысушылары арасында бөліп беру жоспарланғаны белгілі болды.

2020 жылғы 30 қыркүйекте Кемелбаеваға 1,02 гектар жер мен электр желісін беру туралы ұсыныс жазылған хат жолданған. Қалған 5,78 гектар жер ӘКК-нің иелігінде қалуы тиіс болған.

Алайда корпорацияның мәліметінше, хатты адресатқа табыстау мүмкін болмаған. Курьерлік қызметтің хабарламасына сәйкес, алушы жөнелтілімді қабылдаудан бас тартқан.

2021 жылғы 6 сәуірде ұсыныс қайта жіберілгенімен, жауап алынбаған.

Осыдан кейін бүкіл жер учаскесі электронды сауда-саттыққа шығарылған.

Есет Кемелбаевтың айтуынша, анасы жерді бөліп беру туралы ұсыныстан да, ақшалай төлемдерден де хабарсыз болған.

ӘКК бүкіл жерді сатуды Кемелбаеваның ресми жауап бермеуімен және тарату рәсімін аяқтау қажеттілігімен түсіндіреді.

Ал 2009 жылы корпорация өкілдері жобадан шыққан жағдайда жерді отбасыға қайтаруға дайын екендерін жария түрде айтқан болатын. Арада он бір жыл өткен соң Кемелбаеваға бүкіл жер емес, оның 1,02 гектары ғана ұсынылған. Ақырында ұлының айтуынша, ол осы бөлікті де ала алмаған.

Редакция сондай-ақ жер сатылғаннан кейін оның аумағы 69 жеке жер учаскесіне бөлініп, олардың бір бөлігі тұрғын үйлер салуға арналғаны рас па деген сауал жолдаған.

ӘКК мұндай ақпараттың өздерінде жоқ екенін айтқан.

15 пайыз қалайша 11 пайызға дейін азайып, қайтадан 15 пайыз болды?

Компания тарихында назар аударуға тұрарлық тағы бір жайт бар.

2009 жылы ӘКК өкілі «Ақ Жайыққа» жарғылық капитал ұлғайғаннан кейін Кемелбаеваның үлесі 15 пайыздан 11,36 пайызға дейін азайып, ал корпорацияның үлесі 88,64 пайызға дейін өскенін хабарлаған.

Алайда редакция 2026 жылғы қыркүйекте алған жауапта ӘКК бастапқы үлес арақатынасын көрсеткен.

2008 жылғы 5 маусымдағы құрылтай құжаттарына сәйкес, ЖШС-нің жарғылық капиталы 130 млн теңгені құраған. Оның 85 пайызы «Каспий» ҰК» АҚ-ға, ал 15 пайызы Хатима Кемелбаеваға тиесілі болған.

Корпорация сонымен қатар кәсіпорын таратылғанға дейін оның қатысушылар құрамы өзгермегенін мәлімдейді.

ӘКК өз жауабында Атырау облысы прокуратурасының тексеруіне де сілтеме жасаған. Корпорацияның мәліметінше, тексеру барысында жарғылық капиталдағы өзгерістер мен соған сәйкес қайта тіркеу уәкілетті органдарда тіркелмегені анықталған.

Осылайша, 2009 жылы ӘКК өкілдері Кемелбаеваның үлесі азайғанын айтса, арада он жеті жыл өткен соң корпорация бастапқы 15 пайыздық үлесті қайта көрсетіп отыр.

Жер учаскесін рәсімдеу тарихы да күрделі болып шықты.

ӘКК мәліметінше, Кемелбаева ауданы 6,8 гектар жерді мемлекеттен 27 600 теңгеге сатып алған. Кейін оның құны 19,5 млн теңгеге бағаланып, одан соң 57 млн 664 мың теңгеге дейін қайта бағаланған.

Алайда корпорацияның мәлімдеуінше, жер учаскесін ЖШС-нің жарғылық капиталына беру заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделмеген.

Олай болса, кәсіпорын тараған кезде компания бұл жерге қандай құқықтық негізде билік жүргізген деген сұрақ туындайды.

Кемелбаеваның өзі бұған дейін «Ақ Жайыққа» берген сұхбатында жер учаскесі күйеуінің жобасына қосқан үлесі болғанын айтқан. Отбасында бекіре фермасының құрылысына қатысуға қажетті басқа қаражат болмаған.

Сот талап арызды қанағаттандырмады, бірақ дау әлі аяқталған жоқ

2026 жылғы 22 шілдеде Атырау қалалық соты Хатима Кемелбаеваның жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот процесі кезінде ӘКК талап қою мерзімін қолдану туралы өтініш білдірген. Сот шешім шығарған кезде осы мән-жайды басқа да негіздермен қатар ескерген.

Кемелбаева апелляциялық шағым түсіргенімен, 28 қазанда облыстық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін әйел Еркінқаладағы жер учаскесіне қатысты сот шешімдеріне наразылық білдіріп, облыстық сот ғимаратының алдында жеке пикетке шыққан.

Әділғали Кемелбай көзі тірісінде өз жобасын жүзеге асыруға күш салған. Ол қайтыс болғаннан кейін отбасының мүліктік құқықтары үшін күресті жұбайы жалғастырды.

Кезінде Жайық жағасында жыл сайын ондаған тонна бекіре балығы мен бір жарым тонна қара уылдырық өндіретін ферма салу жоспарланған еді. Оның құрылысына 110,5 млн теңге бөлініп, жобаның авторының отбасы жер учаскесін ұсынған. Алайда уәде етілген өндірістің орнына жылдарға созылған дау, кәсіпорынның таратылуы және жердің сатылуы орын алды.

Енді жердің басқа иесі бар, ал Хатима Кемелбаеваның қолында өз пайдасына шығарылмаған тағы бір сот шешімі қалды.

ӘКК мүлікті сатудан түскен қаражат компания қатысушылары арасында бөлінгенін мәлімдейді. Ал Кемелбаевтар отбасы ешқандай ақша алмағанын айтып отыр. Сонымен қатар корпорация редакцияға нақты төлемдердің жасалғанын немесе олардан бас тартылғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған.

Еркінқалада бекіре фермасы сол күйі салынбады. Ал жобаның бастауында тұрған жер учаскесінің әлдеқашан жаңа иесі бар. Қаражатқа қатысты дау жобаның өзінен де, оның авторынан да ұзаққа созылды.

Айнұр САПАРОВА 

Бүгін, 09:32

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 19:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see157

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see148

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see148

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see147

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see147

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see146

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see143

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see143

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see142

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see141

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see139

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see130

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see128

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see127

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see127

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see122

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see121

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see118

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

30 Қазан 2026 02:41see115

Қазақстан бизнеске және азаматтарды қолдауға деген көзқарасты қалай өзгертпек: сарапшы пікірі

28 Қазан 2026 20:33see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары