Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

Халық үніне құлақ асу басты міндет

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрады

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Қазақстан Түркияға астық пен сиыр еті экспортын ұлғайтуға дайын

Б​атыс Қазақстан облысында​ су қоймасы 58 жыл жөнделмеген

Франчайзинг: ел экономикасында әлеуетті бір блог бой тіктей ала ма

Франчайзинг: ел экономикасында әлеуетті бір блог бой тіктей ала ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әжелер ұстаған Зингер — алғашқы франшиза

Франшиза — дайын бренд атынан бизнес жүргізу және оның бизнес үлгісін пайдалану құқығы. Франшизаны сатуға негізделген бизнесті франчайзинг деп атайды. Ал франшизаны сатып алушы — франчайзи, бренд иесі — франчайзер деп аталады.

Франчайзинг XIX ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. 1851 жылы америкалық өнертапқыш Исаак Зингер тігін машинасын патенттеп, көп кешікпей оны сату және жөндеу үшін дистрибьюторлармен келісімшарт жасасты. Сөйтіп 1860 жылы Патшалық Ресейге жеткізіле бастады, ал 1902 жылы Подольскіде зауыты ашылды. Бұл тігін машинасы біздің елдегі біраз адамның көзіне оттай басылары сөзсіз, себебі ол қазақ даласына да кең тараған еді.

Фото: onlinepatent.ru

Ал франчайзингтің қазіргі түсініктегі үлгісі, яғни брендпен бірге бүкіл бизнес жүргізу жүйесінің, өндірістік құпиялары, мәзірі, қала берді дизайн-кодының да қоса берілуі 1955 жылы Рэй Крок негізін қалаған McDonald’s компаниясымен байланысты.

Фото: lindeal.com

Ал тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстандағы алғашқы франшиза 1994 Алматыда ашылған Coca-Cola зауыты деседі.

Хаос һәм заңсыздық

Франчайзинг арқылы жеткен өнімді, яғни Зингер тігін машинасын әжелеріміздің әжесі қолданғанын ескерсек, біздің өмірімізге экономикадағы бұл құбылыс ерте араласқан. Өкінішке қарай, оны жүйелеп, құқықтық тұрғыда реттеп, арнайы заң нормаларын енгізу жағы ескерілмепті.

Фото: Видеодан кадр

— Франчайзинг соңғы 5 жылда қатты дамып жатыр. Бірақ біздегі басты қиындық — заңның әлсіздігі. Франчайзи мен франчайзердің арасындағы қатынас заңмен реттелмеген. Франшиза сатып алып, ол жүрмей қалса да, франшизаны алушы тиісті стандартты сақтамай, іс тоқтап қалса да ешкім жауап бермейді, — дейді Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғарина.

Саладағы мәселе мұнымен шектелмейді. Спикердің айтуынша, заңнамадағы осы кемшілікті пайдаланып, өтірік франшиза сататындар да көбейген.

— Тағы бір мәселе — өтірік франшизалардың көп сатылуына қатысты. Әлі кәсібінен пайда көрмеген, стандарттары бекітілмеген, жаңа ғана басталған бизнестер болады, солардың өзі франшизасын сатып жатыр. Оны сатып алған адамдардың кәсібі қайта-қайта жабылып, ақшаларын жоғалтып жатыр.

«Франшизаны іске қосу» деген қызмет бар. Оны жүзеге асыратын бизнес фирмалар болады. Қарап отырсаң, олардың нақты кеңсесі де жоқ. Өз білгенін істейді. Оның қолынан шыққан құжатты қарасаң бизнес жүргізуге жарайтын дүние емес.

Франчайзинг саласында осындай хаос болып жатыр, соның бәрін тәртіпке келтіру керек, — дейді Гүлбану Майғарина.

Фото: Видеодан кадр

Бұл мәселеден халық қалаулылары да хабардар. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, қазіргі франчайзерлер технологияны емес, брендтің атауын ғана сатуға әуес.

— Бүгінгі таңда франчайзингке қатысты сұрақтар өте көп. Оны қолданатын кәсіпкерлер аз емес, алайда алаяқтар да көп. Көбіне көрші елдердің жобаларын франшиза ретінде сатады, бірақ оның ішкі мазмұны бұған сай емес. Мәселесен брендтің атауын ғана сатады, ал ішкі процедураларын, тиісті ресебін, басқа да белгілеулерін толтырмайды.

Франшизаны сатып алған адам белгілі бір гарантияға ие болуы керек. McDonald’s не Starbucks ашқан адам олардан түгелдей оқып шығады, тіпті наны мен котлетін қайдан, қалай алатынына дейін біліп алады. Біздегі франшизалар, өкінішке қарай, ондай емес, өйткені заңда ондай талап жоқ, — дейді мәжілісмен.

Жапа шеккен жандар көп

Елде осының кесірінен опық жеп жатқан жандар аз емес. Соның бірі шымкенттік кәсіпкер — Эльман Шакиров.

Фото: Видеодан кадр

— 2024 жылы мен чебурек және басқа да тағамдар сататын кәсіптің франшизасын сатып алдым. Жарнамада бұл бизнес өз құнын тез арада ақтайтыны, өнімнің сапалы екені, барлық бизнес-үдерістер жолға қойылғаны жазылған. Оған сай мен 14 млн теңгедей қаржы құйып, жарты жылда бұл шығынды ақтап, ары қарай пайда көре бастауым керек еді. Ай сайынғы пайда 6 млн теңге деп көрсетілген. Бұл мәліметтердің растығына сендім, себебі франшиза сатушы өзімнің досым болған еді. Бір жыл ішінде мен тиісті қаржыны толық құйып, барлық қажетті құрылғыларды сатып алдым. Ал істі қосқанда бәрі басқаша болып шықты. Өнім толық сертификатталмаған, тауарлық белгі болмады. Іс жүзінде мен 14 емес, 36 млн теңге шығындадым. Шегінерге жол жоқ еді, себебі қоғамдық тамақтану орнының жөндеу жұмысы жасалған, көптеген қондырғылар сатып алынған еді, — дейді ол.

Кәсіпкерде осынша қаржы шығындап, ақыры кәсібін ашқан соң «іс жүріп кетсе де игі» деген үміт болған. Алайда нысан ашылған соң шығын одан сайын артқан.

— Ресми ашылуға ақыры жетпедік, техникалық тұрғыда ғана аштық. Қызметкерлерді жұмысқа алу жағынан да еш көмек ала алмадық. 20 күн жұмыс істеп, тағы 3 млн теңге шығын болды. Жағдайды бағамдап, осылай әрі қарай да кете берсе, былыққа әбден бататынымды түсіндім. Солай істі тоқтатым. Қазір қарызға белшеден батып отырмын. Өзім аутист балалардың әкесімін. Екі баламда да сондай диагноз бар, — дейді алданған кәсіпкер.

Эльман Шакиров бұл салада өз құқығын қорғайтын заң нормалары жоқтығын кеш біліпті. Бүгінде ол дәл осы франчайзерден франшиза алып, ісі жүрмеген өзі секілді бірнеше кәсіпкерді тауып алған. Енді құқық қорғау органдарына шағым түсірмек. Онда да шығынды толық қайтаруды емес, бір бөлігін ғана өтеуді сұрап арызданады. Себебі қазіргі заңнамада іс жүрмей қалған жағдайда франчайзерге нақты бір міндеттер жүктелмейді, жауапкершілік тек франчайзиде.

Заң жобасы әзірленді

Дейтұрғанмен, бұл салаға жанашыр жандар да жоқ емес. Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғаринаның айтуынша, бүгінде осы олқылықтардың көпшілігін жоятын заң жобасы әзірленген.

Фото: Видеодан кадр

— Біз мемлекеттік органдарға ұсынылған заңнамалық өзгерістерде қандай нормалар, қандай заңдар керегін бәрін көрсетіп бердік. Бұл салада жұмыс енді-енді басталып жатыр. Бірінші, қазіргі заңнамада франчайзинг деген сөз де жоқ. Екінші, ЭҚЖЖ (ОКЭД) жоқ, сосын ешқандай министрлікке қарамаймыз. Сондықтан біз өз мәселемізбен қай ведомствоға жүгінерімізді білмейміз. Қазір біздің үнімізді билікке жеткізуге «Республика» партиясы мен «Атамекен» ҰКП көмектесіп жатыр, — деді ол.

Осы ұсыныстардың бәрі сәтті енгізіліп, тиісті талқылаулар уақытымен өтсе, заң жобасы Мәжілісте қаралады.

— 2024 жылдан бастап «Республика» партиясы Орталық Азия франчайзинг қауымдастығымен біресе отырып, елімізде франшизаны дамыту, франчайзилерді қолдау жөніндегі заңнаманың бастамашысы болды… Біз қазір осы саланы жетілдіру үшін заңнамаға тиісті өзгерістерді енгізуді ұсындық. Қазігі сәтте Сауда министрлігінің қарауында жатыр, содан кейін әр министрлік өз көзқарасын білдіреді. Осылай келісіліп, кейіннен Мәжіліс қарауына түседі, — дейді Айтуар Қошмамбетов.

Брокерлер пайда болады

Заң жолбасын әзірлеушілер франчайзинг саласына әлемдік тәжірибеде бар тәсілдерді әкелмек. Соның бірі — брокер қызметі.

— Франчайзинг саласына біз арнайы мамандарды енгізбекшіміз. Ол — брокер деп аталады. Мысалы пәтер сатып алар кезде біз риелторға барамыз. Ол пәтерді тексеріп, оның заңды меншігі екенін анықтап береді. Содан кейін ғана келісімшарт жасалады. Дәл сол секілді брокердің міндеті — екі тарапқа да заңгер ретінде көмек беру. Брокер франшизаның бүкіл пакетін түгендеп, тексеріп береді. Бұл біздің ұсыныс. Брокердің заңнан, экономикадан білімі болуы қажет, — дейді депутат.

Фото: Видеодан кадр

Оның айтуынша, қазір елімізде дайын брокерлер жоқ, бірақ әлемдегі үздік тәжірибелерді негізге ала отырып, жоғары оқу орындарына арнайы бағдарлама енгізілмек. Осылайша елімізде су жаңа мамандық иелері — брокерлер даярланады.

Ал Гүлбану Майғарина әр брокер өзінің саласына бейімделген, өз тауашасын жақсы білетін маман болуы керегін айтады.

— Франчайзингке негізінен 200-дей тауаша кіреді. Соның әрбірінің өзінің іс жүргізу тәртібі бар. Біздің енгізген бірінші ұсынысымыз — осы салаларда франшизаны іске қосумен кез келген адам айналыспай, лицензиясы бар брокерлер ғана айналысуын заңдастыруға қатысты. Себебі белгілі бір тауашаны білетін адам ғана соған қатысты франшиза жұмысына араласуы керек, — деді ол.

«Типтік келісім» ұғымы енеді

Одан бөлек, бизнес үлгісін сатушы мен алушының арасындағы келісімге құқықтық статус берілетін болады.

— Біз франшиза сатушы мен алушының арасындағы келісімшартты «типтік келісімшарт» деп атап, реттеп, заңға енгізбекшіміз. Бұл келісімшартта қандай талаптар міндетті түрде болуы керектігі заңмен бекітіледі. Сонда екі тараптың да құқығы қорғалады. Ертең сатушы кейбір мәліметтерді, мысалы белгілі бір шикізаттың суммасын көрсетпей кетсе, ол үшін жауап береді. Қазіргі кезде ондай кемшіліктер болып жатыр және оны заң реттей алмайды. Ақша салып жатқан кәсіпер де, алып жатқан кәсіпкер де бір-бірін алдамауы керек. Сонда болашақта оларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы, банктен кредит беру арқылы қолдау көрсете аламыз. Мысалы жас кәсіпкер франшиза алмақшымын деп банкке жүгініп, кредит ала алатын болады. Қазір ондай жоқ, — деді Айтуар Қошмамбетов.

Шетелдік франшизаларды тіркеу заңмен міндеттеледі

Сондай-ақ заң жобасында көрші елдерден келген франшизаларды елде тіркеу міндеті енгізіліп жатыр.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Біздің елімізге бір франшиза келген кезде бірден тіркелуі тиіс. Әділет органдарында ондай реестер бар. Алайда біздегі франшизалардың басым бөлігі оған тіркелмейді, себебі оны тіркемесең ешқандай жауапқа тартылмайсың. Осы олқылықты алаяқтар еркін қолданып жүр… Бұдан кейін франшизаны тіркемеген жағдайда, жауапкершілік арқалайтын норма ұсынып жатырмыз. Өйткені жауапкершілік болмағандықтан алаяқтар франшизаны тіркемей, адамдарды алдап кетеді, — деді халық қалаулысы.

Орталық Азия франчайзинг қауымдастығы төрағасының айтуынша, бұл тіркеуге тұру үшін шетелдік франшиза толық тексеруден өтуі керек болады.

— Шетелдік франшизалардың елде тіркелуін де реттемекпіз. Олар қазір емін-еркін келіп, франшизасын сатып жатыр. Бір күні елден кетіп қалса да ешкім ештеңе дей алмайды. Мысалы мен АҚШ-қа барып франшиза сатам десем, 1,5 жыл жұмыс істеп, лицензия алып, қаржылық моделінің дұрыстығын дәлелдеймін. Сосын барып маған франшизаны сатуға рұқсаттайтын құжат береді. Ал Қазақстанда қазір франшизаны ЖК, ЖШС ашып қана сата беруге болады.

Екінші бір ұсынысымыз — франшизалар реестрін құру. Мына жобаның қаржылық моделі дұрыс, оның командасы, тәртібі бар, оның жүріп кету ықтималдығы жоғары деген анықтама беретін реестр керек. Сол кезде инвестор ақшасын тексерілген франшизаға құяды. Ал қазір кез келген адам жарнама беріп, сатып жатыр. Ал инвесторлар болса, франшизаны қалай тексеру керегін білмейді. Оның пайда әкелетінін не әкелмейтінін анықтай алмайды. Маған опық жеген кәсіпкерлер көп хабарласады, келісімшартын қарасаң 20, 30, 100 млн теңгеге дейін салып, күйіп кеткен. Айтайын десе NDE деген келісімге қол қойып қойған, яғни 3 жылдың ішінде бұл франшиза жайлы ештеме айтуға болмайды. Өйтсе, үлкен айыппұл арқалайды. Осы аптаның өзінде 5-6 адаммен сөйлестім, мәселені ашып айтайық, көпшілікке көрсетейік десек, бәрі қорқады, — дейді Гүлбану Майғарина.

***

Франчайзинг — бизнесті масштабтау, тарату, желісін құру тәсілі. Кәсіпкер өз ісінің бірнеше нүктесін ашқаннан кейін ары қарай физикалық тұрғыда күші жетпей қалуы мүмкін. Ал франшизаның арқасында мыңдаған нүкте ашуға болады. Оны әлемдік McDonald’s, Starbucks секілді желілер айқын көрсетіп отыр. Олардың дүниежүзі бойынша 4-5 мың нүктесі бар.

Франчайзингтен АҚШ экономикасына жылына 1 трлн долларға жуық пайда түседі. Бұл дегеніңіз Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) бақандай 4 пайызы. Сондықтан бұл саланы біздің елде дамыту, құқықтық платформасын бекіту — заман талабы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see148

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see121

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see118

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see118

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see115

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see113

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see113

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see113

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

15 Қазан 2025 12:44see112

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see112

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see111

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

15 Қазан 2025 13:28see111

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

15 Қазан 2025 11:15see110

Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрады

15 Қазан 2025 15:54see109

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

15 Қазан 2025 08:42see109

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

14 Қазан 2025 18:36see109

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

15 Қазан 2025 04:58see109

Қазақстан Түркияға астық пен сиыр еті экспортын ұлғайтуға дайын

15 Қазан 2025 16:35see109

Б​атыс Қазақстан облысында​ су қоймасы 58 жыл жөнделмеген

15 Қазан 2025 11:16see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары