Головкин Италия ҰОК президенті Лучано Буонфильомен кездесті
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Италия ҰОК басшысы Лучано Буонфильомен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әңгіме барысында тараптар бірлесіп жұмыс істеудің жаңа бағыттарын жан-жақты талқылап, соның ішінде Италияның Милан-Кортина 2026 XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Олимпиадалық қозғалысты дамытуға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.
Кездесу кезінде екі ел арасында спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Лучано Буонфильо Геннадий Головкинге Olympic House ғимаратын таныстырып, Италия ҰОК жүзеге асырып жатқан негізгі жобаларды көрсетті.
Кездесу соңында Италия ҰОК президенті Геннадий Головкинді World Boxing ұйымының президенті болып сайлануымен құттықтап, табыс тіледі. Ал Геннадий Головкин италиялық әріптесіне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту маңызды екенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 22:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















