Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

JOLTAP жобасының арқасында астаналық тұрғын полиграфия қызметін жарнамалап, жаңа тапсырыстар тартуды үйренді

JOLTAP жобасының арқасында астаналық тұрғын полиграфия қызметін жарнамалап, жаңа тапсырыстар тартуды үйренді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

JOLTAP – елорда тұрғындарына жаңа мамандықтарды меңгеруге, табысын арттыруға, жұмыс табуға немесе жеке ісін бастауға мүмкіндік беретін жоба, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жобаға қатысушылар сұранысқа ие цифрлық дағдыларды меңгеріп, таргетолог мамандығын игере алады. Курс тыңдаушыларға заманауи кәсіпті үйретіп қана қоймай, нақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін де береді.

Қазірдің өзінде түлектердің басым бөлігі мамандық бойынша еңбек етіп, өз жобаларын дамытып келеді.

Оқу бағдарламасы 70% практикалық және 30% теориялық сабақтардан тұрады. Студенттер таргеттелген жарнаманың негіздерін, жарнама платформаларының жұмыс принциптерін меңгереді, жарнамалық кампанияларды құруды, мақсатты аудитория мен бәсекелестерді талдауды, бюджет жасауды және клиентпен дұрыс коммуникация орнатуды үйренеді.

Курсты табысты аяқтағандардың бірі – отбасылық полиграфияны дамытуға таргет жарнамасын қолданып жүрген Амангүл Жақыпова. Оның айтуынша, оқуға жазылу шешімі жарнаманы өз бетінше басқарып үйрену ниетінен туған.

«Мені шабыттандырғаны – жарнаманы өзім орналастырып, мамандардың көмегіне жүгінбей-ақ жұмыс істей алатыным», дейді ол.

Амангүл курс бағдарламасы өзі күткенінен де пайдалы болғанын атап өтті. 

«Курс пайдалы әрі қызықты болды. Бұған дейін бұл сала туралы мүлде білмейтінмін. Өзім жарнама жүргізіп, полиграфиямызға жаңа клиенттер тартып отырмын», дейді ол.

Таргетті іске қосқаннан кейінгі алғашқы оң нәтижелер тез байқалып, клиенттер саны артқан.

Амангүл жаңадан бастаушыларға «Таргет алғашында сәл күрделі көрінуі мүмкін, бірақ қорқудың қажеті жоқ» деп кеңес берді.

«Жарнаманы өзің жүргізу – шығынды үнемдейді әрі істі жүректен жасап, толық бақылауға мүмкіндік береді», дейді ол. 

Сонымен қатар, ол таргеттелген жарнамамен жұмыс істеу өзіне ерекше ләззат сыйлайтынын айтты.

Айта кетейік, JOLTAP жобасы Астанада екінші жыл жүзеге асырылып жатыр.

Ол қала тұрғындарына жұмыс табуға, табысын көбейтуге және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектеседі. Жоба іске қосылғаннан бері 36 мың қала тұрғындарына қолдау көрсетілген.

Жобаны Астана әкімдігі «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Негізгі мақсат – қысқа мерзімді оқыту және жұмыспен қамту, осы шаралар арқылы қала тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ету.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 19:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары