Көлсай көлдері ұлттық паркінде тікұшақ алаңы ашылды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысында Кеген ауданындағы Саты ауылдық округінде «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Көлсай көліне жақын жерде орналасқан «Көлсай» тікұшақ алаңымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нысан төтенше жағдайлар кезінде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған. Тікұшақ алаңы халықты эвакуациялауға, авариялық-құтқару бөлімшелерін жеткізуге және қажетті жабдықтарды жетуі қиын аймақтарға жедел тасымалдауға мүмкіндік береді.
Нысанды аралау барысында ТЖМ басшысына алаңның техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану шарттары таныстырылды. Тікұшақ алаңы әуе кемелерінің қауіпсіз қонуы мен ұшу талаптарына сәйкес келетіні және өңірдің таулы әрі туристік аймақтарында жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыратыны атап өтілді.
Нысан құрылысы бюджеттен тыс қаражат есебінен жергілікті кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















