Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Көші қон ағыны: бағалау мен байыптау

Көші қон ағыны: бағалау мен байыптау

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Еңбек нарығын, көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына және шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді. Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағынының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс», деп атап өтті.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жалпы, елімізде көші-қон үдерісінің белсенді жүріп жатқанын ресми статистикасыз да байқауға болады. Есесіне осынау жағдай онсыз да көлік кептелісі мәселесін толық шеше алмай отырған мегаполистер халқының санын арттырып отыр. Қазір Алматы көшелері­нен түрлі ұлт өкілін көптеп кездестіруге болады. Бір жағынан осынау үдеріске көші-қон саясаты заңнамалық негізде реттелетіні, мигранттарға арналған ережелер мен алматылықтардың толе­ранттылығы септесіп жатыр. Еліміздегі көші-қон мәселесі бір ғана бағыттан тұрмайды, көпқырлы, осы тұрғыда ол ел­дің әлеу­меттік-экономикалық дамуы­на, демографиялық ахуалы мен еңбек нарығына тікелей ықпалын тигізері сөзсіз.

Еңбек миграциясына келсек, бұған дейін де еліміз Орталық Азия елдерінен жұмыс күшін көптеп қабылдағаны аян. Бұл амал арзан еңбек нарығын то­лық­тырғанымен, заңсыз еңбек көші-қоны, тіркелу мен еңбек шарттарының бұзылуы сынды мәселелерді де туындатады.

Бұдан бөлек, ішкі көші-қон­­ның да тарқатылмаған түйткіл­дері бар. Оңтүстік өңір­лерден сол­түстік, орталық аймақтарға көшу саясатының да ауа райының қолайсыздығы, инфрақұры­лым, әлеуметтік бейімделу сынды қиындығы бар. Сол сияқты ауылдық аймақ­тардан халықтың көшуі урбанизацияны күшейтіп, тұрғын үй, инфрақұрылым, жұ­мыс орындарына қысым түсіреді.

Көші-қон саясатының репатриация, миграция, демо­гра­фия­лық теңгерімсіздікке қа­тысты қырлары да бақы­лау мен байыптауды қажет етеді. Бұл тұрғыда Президент Жолдауында: «Ішкі және сыртқы көші-қон үдерісінің бақылау­сыз қа­луы жұрттың бәрі тұрғы­сы келе­тін ірі қалаларымыздың инфра­құ­рылымына орасан салмақ тү­сіріп отыр», деп ашып айтты. Ең басты түйткіл – ел тұтастығы мен қауіпсіздігіне сызат түспеуге тиіс. Мемлекет басшысының меңзеп отырғаны да осы.

Қауіпсіз көші-қонға қатысты қолға алынып жатқан нақты жұмыс та жоқ емес. Айталық, қыркүйек айының басынан Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ), БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі отандық еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына арналған «Ашық әлем» ақпараттық науқанын бас­тады. Бұл іске елдегі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Қазпошта» АҚ да қосылып, елімізден ғана емес, Орталық Азияның өзге елдерінен де шетелдерде еңбек ету мен табыс табудың қауіпсіз, реттелген, барлық ереже, мәселелерден хабардарлығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүдделі екендіктерін танытты.

«Талап – жетістік кілті» ұра­нын ұстанған «Ашық әлем» нау­қанына кейінгі бес жылда Орта­лық Азияда, әсіресе елімізде ­еңбек көші-қонының өсуі түрткі бол­ған. Науқан еңбек мигрантта­ры­­ның құқын қорғауды, сенім­ді ақпаратқа қолжетімділікті ­қам­тамасыз етуді, хабардарлықты арттыруды көздейді.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің дерек­теріне сүйенсек, 2024 жылы 140 521 отандасымыз шетелдерге жұмыс істеуге кеткен, 2023 жылы бұл көрсеткіш 191 000 адам болған. Жерлестеріміз көбі­несе Ресей Федерациясы, Корея Республикасы, Түркия, Ұлы­британия, Қатар мен БАӘ ел­деріне бағыт алады. Осы орай­да 2020 жылы Орталық Азия елдерінен шыққан еңбек миг­ранттарының жалпы саны 7,8 миллион адамға жеткенін айта кету керек.

Көтеріліп отырған мәселе­ге қатысты ХКҚҰ-ның Қазақстан­дағы миссиясының, Орталық Азия бойынша үйлестіру функциялары бар кеңсенің басшысы Серхан Актопрак: «Еңбек мобильділігі қауіп-қатер емес, мүмкіндік әкелетін таңдау болу­ға тиіс. Біздің мақсатымыз – мигранттарды көші-қонның бар­лық кезеңінде өздерін сенімді әрі қорғалған сезінуге көмекте­се­тін практикалық білім, ресурс­тармен қамтамасыз ету. Мем­лекеттік құзырлы мекемелер­мен серіктестік, цифрлық плат­формаларды пайдалану тұрақты нәтижелер мен ұзақмерзімді әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», дейді.

Науқан 2025 жылғы 4 қыр­­­­кү­йектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасады. Басты назар қаржылық сауаттылықты арттыру мен шетелде қауіпсіз еңбек қызметіне алдын ала дайындықты қамтамасыз етуге аударылады. Қазақ, орыс тілдерінде оқу материалдары дайындалып, таратылады – әлеуметтік постерлерден бастап бейнероликтерге, онлайн-курстарға, БАҚ-тағы жарияланымдарға дейін, кейін негізгі хабарламалар әлеуметтік желілерде ілгерілетіледі. Ақпа­раттық науқанның нәтижелері мем­лекеттік органдар мен өңір­лік серіктестерге одан әрі пайдалануға беріледі.

Бұл бастама, бір жағынан, мигранттардың құқы мен мін­деті, қолжетімді қыз­меттер, қор­­ғау тетіктері туралы се­нім­ді ақ­па­рат беруге бағыт­тал­ған. Тиіс­ті ақ­па­рат еліміздің мем­лекет­тік платфор­маларында – skills.enbek.kz, migration.enbek.kz сайттарында, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарындағы тренингтер, консультациялар арқылы қолжетімді болады. Жоба әлеуетті мигранттар­дың қаржылық сауаттылығы мен жоспарлау дағдыларын да­мы­туға, реттелмеген көші-қон тәуе­келдерін азайтуға, миг­ранттар­дың құқын қорғауға бағыт­та­лып отыр.

Жұмыстар ХКҚҰ-ның «Ең­бек көші-қоны бағдарламасы – Орталық Азия, І-фаза» аймақ­тық жобасы аясында жүзеге асырылады. Жобаға Швейцария­ның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қаржылай қолдау көрсетіп, еліміздің басқарылатын әрі қауіпсіз еңбек көші-қонын ілгерілету жөніндегі әрекетіне дем бермек.

ХКҚҰ – 1951 жылы құрыл­ған көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. 2016 жыл­ғы қыркүйектен бас­тап БҰҰ жүйесінің аффилирленген ұйымы. Кейінгі деректерге сәйкес ұйымға 175 мүше мемлекет, 8 бақылаушы мемлекет кіреді. Ұйымның 100-ден астам елде өкілдігі бар, 170-тен астам мемлекетте бағдарлама­лар мен жобаларды жүзеге асырып отыр. Еліміз ХКҚҰ-ға 2002 жылы 2 желтоқсанда мүше болды. Орталық Азия бойын­ша үйлестіру функциялары бар елдік кеңсе ретінде ХКҚҰ-ның Қазақстан миссиясы Қазақ­стан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрік­менстан, Өзбекстандағы көші-қон мәселелері мен жаңа үдеріс­терге жауап беріп, әрекет етуге көмектеседі.

Қалай дегенде де, елдегі көші-қон үдерісі толықтай қауіп­сіз деп айта алмасақ керек. Айналамыздағы саяси тұ­рақ­сыздық салдарынан уақыт­ша мекен іздеп келіп жат­қандар арасында түрлі пиғыл­дағы адамдар да, олардың мұқ­таждығы да жетіп-артыла­ды. Сол тұрғыда қауіп­сіз көші-қон мемлекет сала жұмы­сын оңтайлы басқарып, заңсыз еңбек миграциясын тежеп, ішкі көші-қонды реттеп, атажұрт­қа оралып жатқан қандас­тарымызға жағдай жасап, жас­тардың жөнсіз эмиграциясын тоқтатқанда ғана толығымен қамтамасыз етіледі.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары