Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Кремний аңғарында көпіршік жарылу қаупі туды

Кремний аңғарында көпіршік жарылу қаупі туды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

BBC News жариялаған материалға сүйенген Aikyn.kz «көпіршік» неден жарылуы мүмкін екенін талдайды.

Кремний аңғарында жасанды интеллект (ЖИ) компанияларының шынайы құнын асыра бағалау туралы пікірталас қайта жанданды. Кейбір скептиктер, енді ашық түрде, осы компаниялардың құнының тез өсуі «қаржылық инженерияның» нәтижесі болуы мүмкін деп санайды. Басқаша айтқанда, олар ЖИ компанияларының нақты құнынан әлдеқайда қымбат бағаланғанына алаңдаулы.

«Иә, «көпіршік туралы» мақала жазуға деген дүрбелең бар екенін білемін. Шынында да жасанды интеллектің көптеген салалары қазір көпіршік жағдайында тұр», – дейді Сэм Альтман өз командасының ортасында.

Соңғы күндері ЖИ көпіршігі туралы ескертулер Англия банкінен, Халықаралық валюта қорынан, сондай-ақ JP Morgan басшысы Джейми Даймоннан естіліп жатыр. Даймонның айтуынша, «көпшіліктің санасындағы белгісіздік деңгейі әлдеқайда жоғары болуы тиіс».

«Инвесторлар кейде сәтсіз шешімдер қабылдайды. Ақымақ стартаптар ақылға сыймайтын ақша табады. Бірақ OpenAI-де болып жатқан нәрсе – нақты, шынайы құбылыс», – дейді Сэм Альтман.

Алайда бәрі бұл пікірмен келісе бермейді. Кремний аңғарында, яғни әлемдік технология орталығынан тараған түрлі көзқарастар алаңдаушылықты күшейтті. Компьютер тарихы мұражайындағы пікірталаста ЖИ саласының ардагері Джерри Каплан аудиторияға өзінің төрт экономикалық көпіршікті бастан өткергенін айтып берді. Оның пікірінше, қазіргі тәуекел деңгейі 2000-жылдардағы dot-com дәуірінен әлдеқайда жоғары:

«Көпіршік жарылғанда, өте қиын болады. Тек ЖИ мамандарына ғана емес, бүкіл экономикаға ауыр соққы тиеді».

Стэнфорд университетінің профессоры Анат Адмати бұндай құбылысты алдын ала модельдеу қиын екенін айтады: «Көпіршіктің қашан пайда болатынын анықтау өте қиын. Сіз оның ішінде жүргеніңізді тек ол жарылған соң ғана түсінесіз».

Дегенмен нақты фактілер алаңдатарлық. 2025 жылдың соңына дейін Gartner болжамы бойынша әлемдік ЖИ инвестициялары 1,5 трлн АҚШ долларына жетуі мүмкін. Биыл АҚШ қор нарығындағы өсімнің 80%-ы дәл осы жасанды интеллектке қатысты компаниялардың үлесінде.

2022 жылы ChatGPT арқылы ЖИ-ді жаппай тұтынушылар деңгейіне жеткізген OpenAI қазір күрделі қаржылық келісімдердің өзегінде тұр. Өткен айда OpenAI Nvidia компаниясымен 100 млрд долларлық келісім жасады. Бұл келісім Nvidia-ның OpenAI-ге бұған дейінгі инвестицияларын кеңейтеді. OpenAI енді Nvidia чиптеріне негізделген жаңа деректер орталықтарын салмақ.

OpenAI жылдың соңына дейін Техаста қуаты 10 гигаватт болатын алып кешен салуға 500 млрд доллар қаржы іздеуде. Фото openai.com сайтынан алынды

Осы дүйсенбіде (6 қазан) OpenAI Nvidia-ның бәсекелесі AMD компаниясынан миллиардтаған долларлық жабдық сатып алу жоспарын жариялады. Бұл оны AMD-нің ірі акционерлерінің біріне айналдыруы мүмкін.

Microsoft пен Oracle да OpenAI-мен стратегиялық серіктестік орнатқан. Oracle компаниясы OpenAI-мен 300 млрд долларлық жобаны жүзеге асыруда. Техастағы Stargate жобасы – OpenAI, Oracle және SoftBank қолдауымен салынатын 10 гигаваттық деректер орталығы. Бұл бастама Трамптың президенттігінің алғашқы аптасында Ақ үйде жарияланған болатын.

Nvidia сонымен бірге OpenAI-ге инфрақұрылымдық қолдау көрсететін CoreWeave стартапының инвесторы.

Мамандардың айтуынша, осындай күрделі өзара инвестициялар ЖИ нарығындағы нақты сұранысты бұрмалауы мүмкін. Кейбіреулер мұны «шеңберлі қаржыландыру» немесе «жабдықтаушы қаржыландыруы» деп атайды. Яғни компания өз клиенттеріне несие беріп, өнімін сатып алуға жағдай жасайды.

«Иә, инвестициялық несиелер бұрын-соңды болмаған деңгейде. Бірақ кіріс өсімі де бұрын-соңды болмағандай жылдам», – дейді Альтман. OpenAI кірістері өскенімен, компания әлі пайда әкелмеген.

Джерри Каплан: «Компаниялар капиталы жетпейтін жобаларды жариялап жатыр. Инвесторлар стартаптарға ағылуда. Бұл көпіршіктің классикалық белгілері». Иллюстрация channelnomics.com сайтынан алынды. Авторлығы: ЖИ генерациясы

Джерри Капланның пікірінше, жасанды интеллект саласында бірнеше қауіпті белгі бар: «Компаниялар әлі капиталы жетпейтін жобаларды жариялап жатыр. Ал инвесторлар стартаптарға ағылуда. Бұл көпіршіктің классикалық белгілері».

AMD акцияларының биылғы күрт көтерілуі инвесторлардың ChatGPT жетістігінен үлес алуға тырысатынын көрсетеді. Капланның айтуынша:

«Біз жаңа техногендік экологиялық апаттың шегіндеміз. Шалғай аймақтарда салынып жатқан алып деректер орталықтары болашақта тот басып, экожүйеге зиян тигізуі мүмкін. Ал құрылысшылар мен инвесторлар бұл кезде ақшасын алып, кетіп қалады».

Кремний аңғарының кейбір өкілдері оптимизмін жоғалтпаған. Hugging Face компаниясындағы Джефф Будье: «Интернет – телекоммуникациядағы артық инвестициялар негізінде салынды. Егер бүгін ЖИ инфрақұрылымына тым көп қаржы құйылса да, ол болашақта жаңа өнімдер мен идеяларға жол ашады», – дейді.

Қазір басты сұрақ – саланың амбицияларын қаржыландыруға ақша жете ме? UncoverAlpha негізін қалаушы Рихард Ярктың айтуынша:

«Қазір Nvidia – соңғы ірі инвестор сияқты. 100 миллиард долларды басқа компанияға сала алатын тағы кім бар?».

Жасанды интеллектке технологияларының жылдам дамуы экономикалық және инвестициялық серпін әкелді. Бірақ сарапшылар бұл құбылыстың тұрақсыз сипатына алаңдаулы. ЖИ саласындағы «көпіршік» жарылса, оның зардабы бүкіл жаһандық экономикаға әсер етуі мүмкін. Сондықтан сарапшылар инновацияға жауапкершілікпен қарап, ЖИ-дің қаржылық негіздерін дұрыс реттеу қажеттігін алға тартуда. Бұл қазіргі ЖИ дүрбелеңі жағдайында мүмкін емес деп ойлаймыз. Келесі әлемдік қаржы дағдарысына дайын болу керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары