Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Лондонда Қара шекпен спектаклі сахналанды

Лондонда Қара шекпен спектаклі сахналанды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақ театры Лондонда өнер көрсетті. Режиссер Асхат Маемировтың «Қара шекпен» атты спектаклі қазақша қойылып, шетелдіктер аудармасын ағылшын тіліндегі субтитр арқылы оқыды.

«Қара шекпен» – махаббат, адалдық, опасыздық пен ар-ождан туралы астары терең туынды. Автор спектакль арқылы бүгінгі қоғамның шынайы бейнесін көрсетуге тырысқан. Кейіпкерлердің барлығы аң-құс, адам кейпінде жүрген малшы ғана. Ол өзіне адал қызмет еткен ит – Тұзардың еңбегін бағаламай, тек «жұмыс құралы» ретінде ғана көреді. «Өмірде де жиі солай болып жатады», – дейді спектакль авторлары. Басты рөлдердің бірін Қазақстанның халық әртісі Лидия Каденова сомдады.

Лидия Каденова, ҚР халық әртісі:

- Мен өзім қоян ананы ойнадым. Менің жасыма қарап, олай жүгіреді деп ойламайтын шығар. Бәрі келіп айтып жатыр. «Сондай сүйікті қоян болып қалдыңыз», – деді ғой маған.

Жалпы бұл Лондонға өз қаражатымен келіп, өнер көрсетіп отырған алғашқы жеке қазақ театры және оның тырнақалды жұмысы. Қолдаушысы да, демеушісі де өздері. Жобаның бастапқы кезде өзін-өзі ақтамайтыны анық. Қазіргі мақсат – жергілікті көрерменнің талғамын зерттеп, болашақта сұраныс болатынына көз жеткізу.

Ақкенже Әлімжан, The Arts Stage театрының көркемдік жетекшісі:

- The Arts Stage деген театр құрылды. Оның миссиясы – шетелде, Еуропада, Британияда қазақ театрын таныстыру. Қазақ театры актерларының, жалпы актерлардың кәсіби шеберлігін көрсету.  

Шынаргүл Қабышева, The Arts Stage театрының продюсері:

- Осында біздің бауырластарымыз, қандастарымыз өте көп. Қазақ халқы, бүгін көрдіңіздер, өте тамаша, риза болды. Сонымен қатар өте көп шетелдік те болды.

Көрермендердің 30%-і шетелдіктер болды. Олар қазақша түсінбесе де, жоғарыда ілулі тұрған экран арқылы тәржімасын оқып, ұғып отырды. Кәсіби актерлердің шеберлігіне тәнті болғаны соншалық, кейде аударманың қажеті де болмады. Өнерді ерекше қадірлейтін халық спектакльді шын жүрегімен қабылдады.

Сара Шоу, көрермен:

- Жануарларды кейіпкер ретінде көру мен үшін үйреншікті нәрсе емес. Екіншіден, шынымен де өте тартымды қойылым болды. Актерлер қоян, ит, қарға, қасқыр кейпіне еніп, тамаша ойнады.

Майкл Эсторик, көрермен:

- Меніңше, Лондонда мұндай спектакльдердің қойылуы өте маңызды. Өйткені бұл біз біле бермейтін басқа мәдениет туралы хабар береді. 

Спектакльдің соңы шағын концертке ұласты. Қазақстандық өнер майталмандары жанды дауыста ұлттық әндерімізді орындап, бай мәдениетімізді танытты. Сондай-ақ аққудың табиғи сұлулығын, қасиетін, нәзіктігін би пластикасы арқылы жеткізді. Қыз ұзату рәсімін де көрсетіп, ұлттық хореографияның терең мәнін аша білді.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары