Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Маск OpenAI мен Microsoft ты сотқа беріп, 134 млрд долларға дейін өтемақы талап етті

Маск OpenAI мен Microsoft ты сотқа беріп, 134 млрд долларға дейін өтемақы талап етті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Америкалық миллиардер Илон Маск OpenAI негізін қалаушы Сэм Альтманға, сондай-ақ OpenAI және Microsoft компанияларына қарсы сотқа талап-арыз берді. Іс Калифорния штатының Солтүстік округінің федералдық аудандық сотында жұма күні, 16 қаңтарда тіркелген. Іс материалдарына сәйкес, Масктың OpenAI мен Microsoft-қа қатысты жиынтық қаржылық талаптары 134 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Маск OpenAI компаниясын құруға өзі де қатысқанын еске салды. Талап-арызда OpenAI 2015 жылы жасанды интеллект саласындағы коммерциялық емес зерттеу стартапы ретінде құрылғаны көрсетілген. Оның негізін қалаушылар Сэм Альтман мен Илон Маск болған.

Миллиардердің айтуынша, ол жобаға 38 млн доллар инвестиция салған, бұл компанияның бастапқы капиталының шамамен 60%-ы.

Сонымен қатар Маск команда жасақтауға қатысқанын, іскерлік байланыстар орнатуға көмектескенін және стартаптың дамуының алғашқы кезеңінде оның беделін нығайтуға үлес қосқанын мәлімдеді.

2018 жылы Илон Маск OpenAI директорлар кеңесінен шығып, өз жобаларына назар аударды. Қазіргі таңда олардың бірі — X әлеуметтік желісінде жұмыс істейтін және ChatGPT-ге бәсекелес болып саналатын Grok атты ИИ-чат-бот.

Маск кеткеннен кейін OpenAI Microsoft корпорациясымен ынтымақтастық орнатып, инвестиция тартты және оған акцияларының бір бөлігін сатты. Кейін компания нарыққа кеңінен таралған ChatGPT чат-ботын шығарды. Талапкердің дерегінше, бұл өнім OpenAI-ға көпмиллиардтық табыс әкелген.

Талап-арызда OpenAI компаниясының қазіргі бағасы шамамен 500 млрд долларға жеткені айтылған. Маск алынған табысты заңсыз деп санап, оны өзінің бастапқы инвестицияларымен байланыстырады. Осыған байланысты ол OpenAI-дан 65,6–109,43 млрд доллар, ал Microsoft-тан 13,3–25,06 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етеді.

OpenAI компаниясы талап-арызды негізсіз деп атады. Microsoft өкілі де корпорацияға қатысты талаптардың дәлелдермен расталмағанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, екі компания да сотқа Масктың талаптарымен келіспеу жөнінде өтініш берген.

Сот процесі сәуір айында басталады деп күтілуде. Іс алқабилердің қатысуымен қаралатын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 23:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see118

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары