Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Мектепке лайықты тарту

Мектепке лайықты тарту

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биылғы оқу жылында Сыр бойындағы мектептерде жаңалық көп. Әсіресе Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр атын иеленген №70 орта мектептегі ұстаздар мен шәкірттер үшін ерекше жаңалыққа толы болды. Сыңғыр үні әлемді тербеген күміс көмей әнші, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланова оқыған республикаға белгілі білім ошағы биыл 105-оқу жылын қарсы алып отыр. Тарихы тереңде жатқан мектепті әр жылдары бірталай азаматтар басқарыпты. Солардың бірі – екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Байжігіт Жүсіпов ақсақал еді. Саладағы белгілі маманның жұбайы, Ағарту ісінің үздігі Алмаш Жүсіпова да осы мектепте математика пәнінің мұғалімі болған.

Мектеп ауласында ұйымдас­тырылған «Мектебім – мейірім мекені» атты іс-шара аясында талай жанды білімге жетелеп, шәкірттерінің жүрегінен орын алған қос ардагер ұстазды мәңгілік есте қалдыруға арналған кабинеттер ашылды. Бұл бастама демеушісі ұлдары, Алматы облысындағы Жамбыл, Қарасай аудан­дарында елге қызмет етіп, бүгінде құрмет төрінен көрініп жүрген Жанжігіт, Нұр­жігіт Жүсіповтер екен. Олар кабинеттерді оқу үдерісіне тиімді етіп толық жабдықтап беріпті. Екі сынып та шәкірттердің қазақ тілі мен әдебиетінен, математикадан терең білім алуына қажетті көрнекіліктер, әдеби, пәндік кітаптармен, инте­рактивті тақтамен, тағы басқа қажеттіліктермен толықтырылды.

Мектеп директоры Төребай Шермаханов­тың айтуынша, 800 бала білім алатын мектепте өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға қатысқан алты оқушы жеңіске жетсе, «Дарын» ғылыми жобалар байқауында 4 оқушы, «Зерде» бәсекесінде 17 шәкірт жүлделі орындарға қол жеткізген.

«Бүгін лентасы салтанатты түрде қиылып, пайдалануға берілетін екі сынып кабинеттері біздің мақтанышымыз болған қос ұстаздың атымен аталып отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында жалынды жеңісті жақындатқан Байжігіт ақсақал көп жыл осы мектепте басшы болды. Қатарластары мен шәкірттері қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берген ұстаздың рухани жан дүниесі бай, еңбекқор азамат болғанын кейінгіге үлгі қылып айтады. Марқұм Алмаш апай да үйіндегі балалар тәрбиесінен бөлек ғылым мен техника саласына алғашқы баспалдақ саналатын математика пәнін шәкірт зейініне жеткізіп, қаншама ұл-қыздың жолына шырақ жақты. Кабинеттер керемет жабдықталды, заманауи интерактивті тақта, теледидар және басқа да көрнекіліктерге балалар ерекше қуанды. Ата-аналарына осындай құрмет көрсеткен Жүсіповтер әулетіне алғыс айтамыз», деді мектеп директоры.

Бұл бастаманың жас ұрпақтың тәрбиесіне тигізер әсері ұшан-теңіз. Жүздеген жасты білім соқпағына бастаған қос ардагердің рухына арналған шараға бүгінде зейнеттегі ата-аналар мен ұстаздар, марқұмдардан білім алған шәкірттер жиналып, сый-құрметке бөленді. Сынып кабинеттерінің ашылуында ардагер ұстаз Тастайбек Иманғалиев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айбек Тұрымбетов, Айгүл Жарманова, ұйымдастырушы педагог Нұрқаш Мейрамбек және қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәндері бірлестігінің ұстаздары ерекше белсенділік танытып, жақсы істің ұйытқысы болды.

Салтанатты жиында ардагер ұстаздардың ұлы, Жамбыл ауданында халықты табиғи газбен қамтып, ел алғысын арқалаған азамат Жанжігіт Байжігітұлы тебірене сөйледі.

«Біздің кіндік қанымыз осы өлкеде тамып, осы мектепте білім алдық. Ата-анамыз ұстаз болды. «Мектеп тәртібін бұзуға, жаман оқуға болмайды. Егер сендердің қылық­тарың дұрыс болмаса, біз қалай қалған оқушылардан үлгілі болуды талап етеміз. Демек, бетегеден биік, жусаннан аласа болыңдар, тек үздік оқуларың керек» дейтін әке ақылы алдағы жолымыздан айнытпас мақсат болды. Мен өзім құрылыс саласының маманымын. Кейінгі жылдары ақындар мен батырлар мекені – Жамбыл ауда­нында газ шаруашылығында, құрылыста да тер төктім. Қазір анамның есімімен аталатын «Жаңа Алмаш ауылы» мейрамханасында тұтынушыларға қызмет көрсетіп келемін. Анам өмірден ерте өтті, біз әке мейіріміне шомылдық, табандылығын көріп талпындық. Бүгін сол әзіз жандардың рухына құрмет көрсеткен шараға жиналған барша қауымға, мектеп ұжымына алғысымыз шексіз», деді.

Осы күні мектепте екі кабинеттің барлық жабдығынан бөлек екі интерактивтік тақта, жасанды газон тарту етілді. Осылайша, қос ұстазға деген ұрпақтар құрметі мектеп ұжымы үшін үлкен сый болды.

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары