Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу және самокаттарды тіркеу туралы заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу және самокаттарды тіркеу туралы заңдарға қол қойды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Аталған заң құқықбұзушылықтың алдын алу субъектілерінің тізбесі мен өкілеттіктерін едәуір кеңейтуді, сондай-ақ олардың өзара үйлестіруі мен іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізуді көздейді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу саласындағы үйлестіру Үкімет жанынан құрылатын ведомствоаралық комиссия арқылы, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанынан жүзеге асырылатын болады.

Заңда Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу жағдайы туралы Ұлттық баяндама алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл құжат Үкімет тарапынан Мемлекет басшысына ұсынылады.

"Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету мақсатында құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесі қайта қаралып, ол жалпы, жеке және арнайы шаралардан тұратын болады. Жалпы алдын алу шаралары құқықбұзушылықтардың әлеуметтік-экономикалық себептері мен алғышарттарын жою арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталады.

Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті тұлғалары құқықбұзушылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану құқығына ие болады. Бұл шараларға профилактикалық әңгіме жүргізу, ресми ескерту, жақындауға тыйым салу, әкімшілік жаза қолдану, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) есепке алу, профилактикалық есеп пен бақылау, қорғау нұсқамасын шығару және өзге де шаралар кіреді.

Сонымен қатар уәкілетті органдарға жекелеген құқықбұзушылық түрлерінің алдын алуға, олардың туындау себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған арнайы профилактикалық шараларды қолдану құқығы беріледі.

Заңда виктимологиялық профилактика ұғымы енгізіледі. Бұл нақты бір адамға немесе адамдар тобына қатысты құқықбұзушылықтан жәбірлену қаупін төмендетуге бағытталған шараларды қамтиды.

Заңның маңызды жаңалықтарының бірі – азаматтарды құқықбұзушылықтың алдын алу ісіне құқық қорғау органдарына ерікті түрде жәрдемдесу арқылы тарту.

Сондай-ақ құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қайталама қылмыстың, мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың, қоғамдық орындардағы және экономикалық құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қараусыз қалуы, панасыздығы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алудың ерекшеліктері қарастырылған.

Заңнамалық деңгейде қоғамдық орындар ұғымы мен олардың тізбесі енгізіледі.

Аталған заңмен Азаматтық, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әлеуметтік кодекстерді, сондай-ақ өзге де бірқатар заңдарды қоса алғанда, 17 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Атап айтқанда, қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында Қылмыстық-атқару кодексінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, әкімшілік қадағалау белгіленетін адамдар санаты мен қадағалау мерзімдері кеңейтіледі.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте петицияның нысанасы мен петиция нысанасы бола алмайтын мәселелердің тізбесі нақтыланады. Мысалы, жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды кез келген түрде тарату мен насихаттауға қатысты петиция беруге жол берілмейді.

Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдеріне әкімдік құрылымында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган құру өкілеттігі беріледі.

Аталған өңірлік органның өкілеттіктері заңнамалық деңгейде бекітіледі. Бұл ретте оның қызметкері Қазақстан Республикасының "Баланың құқықтары туралы" заңы аясында ерекше мәртебеге ие болып, белгіленген үлгідегі арнайы киім кию құқығы қарастырылады.

Жеке сот орындаушылары арасындағы теңгерімді сақтау және олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тетігін қайта қарауға қатысты түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды электр самокат жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерінен қорғау мақсатында мынадай талаптар енгізіледі:

электр самокаттарын жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін электр самокат иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

Ішкі істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес электр самокаттарды есепке алып, оларға тіркеу нөмірін беру және оны самокатта орналастыру міндеті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары