Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Миннеаполисте АҚШ азаматшасының өлімінен кейін наразылық акциялары басталды

Миннеаполисте АҚШ азаматшасының өлімінен кейін наразылық акциялары басталды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкері Миннесота штатының Миннеаполис қаласында бір әйелді атып өлтірді. Америкалық билік өкілдерінің айтуынша, әйел өз көлігімен ICE қызметкерін қағып кетпек болған. Алайда жергілікті билік оқиғаның бейнежазбасына сүйене отырып, бұл нұсқаны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Иммиграциялық полиция марқұмның әрекетін «ішкі терроризм» деп бағалап, патрульдің әрекетін өзін-өзі қорғау деп түсіндірді.

CBS телеарнасының мәліметінше, қаза тапқан әйел — 37 жастағы ақын Рене Гуд, АҚШ азаматшасы әрі Миннеаполис қаласының тұрғыны.

Оқиға туралы не белгілі

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға АҚШ Иммиграциялық және кедендік полициясының иммиграциялық заңнаманы орындау әрекеттеріне қарсы өткен наразылық акциясы кезінде болған.

— Құқық қорғау органдары қызметкерлерін қасақана көлікпен қағып өлтіруге әрекет жасау — ішкі терроризм актісі. ICE қызметкері өз өміріне, әріптестерінің өміріне және қоғам қауіпсіздігіне қауіп төнді деп есептеп, өзін-өзі қорғау мақсатында оқ атқан, — деп мәлімдеді ICE-ке жетекшілік ететін АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаза тапқан әйелдің ICE қызметкеріне «саналы әрі агрессивті түрде» көлікпен басып кетпек болғанын айтты.

— Бейнежазбаға қарағанда, оның тірі қалғаны таңғаларлық, қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр, — деп жазды Трамп. 

Сондай-ақ ол солшыл радикалдарды полиция мен ICE қызметкерлеріне күн сайын қоқан-лоқы көрсетіп, оларға шабуыл жасайды деп айыптады.

Алайда оқиға куәгері түсірген видеода көлікпен қағу әрекеті анық көрінбейді. Бейнежазбада ICE қызметкерлерінің бірі жолды көлденең бөгеп тұрған көлікке жақындап, жүргізуші есігінің тұтқасын дөрекі түрде ашпақшы болады. Сол сәтте көлік қозғала бастайды, ал алдыңғы жағында тұрған екінші ICE қызметкері шетке қарай секіріп, бірден оқ атады.

ICE қызметкерлері марқұмның көлігіне жақындағанға дейін не болғаны бейнежазбада көрсетілмеген.

Миннеаполис мэрі Джейкоб Фрей Трамп әкімшілігінің ICE қызметкерін әдейі қағуға әрекет жасалды деген мәлімдемесін қатаң түрде жоққа шығарды.

Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз да федералды биліктің түсіндірмесін қабылдамады.

— Бұл насихат машинасына сенбеңіздер. Штат толық, әділ әрі жедел тергеу жүргізуді қамтамасыз етеді, — деді Уолз Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қаладағы атысқа қатысты мәлімдемесіне жауап ретінде.

Сонымен қатар, Демократиялық партияның көптеген өкілі, соның ішінде АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис пен Өкілдер палатасындағы азшылық көшбасшысы Хаким Джеффрис те мәлімдеме жасады. Камала Харрис Трамп әкімшілігі ұсынған оқиға нұсқасын «газлайтинг» деп атады.

Ақын әрі үш баланың анасы

Рене Гудтың анасы Донна Генджер Minnesota Star Tribune газетіне берген сұхбатында қызының иммигранттарды депортациялауға қарсы ешқандай акцияларға қатыспағанын айтты.

Марқұмның жақындарының айтуынша, Рене Гудтың артында үш баласы қалды: бірінші некесінен екі жасөспірім және екінші некесінен 6 жастағы ұлы бар. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Рене Гудтың бұрынғы күйеуі сол күні таңертең оның 6 жастағы ұлын мектепке апарып, кейін қазіргі серігімен бірге үйіне қайтып келе жатқанын мәлімдеген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Рене Гуд Вирджиния штатындағы университетті бітіріп, әдебиет мамандығы бойынша білім алған. Әлеуметтік желілерде өзін «ақын, жазушы» деп таныстырған.

Миннеаполиске арнайы келген АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм арты атысқа әкеліп соққан оқиғаға қатысты ресми нұсқаны баяндады. Оның айтуынша, ICE қызметкерлері операция аяқталған соң кеңсеге қайтып бара жатқан кезде олардың көліктерінің бірі қарға батып қалған.

Агенттер көлікті итеріп шығаруға тырысқан сәтте айналасына наразылық білдірушілер жиналған. Министрдің сөзінше, бұл адамдар қызметкерлерді күні бойы бақылап, олардың қозғалысын әдейі бөгемек болған.

Ноэмнің нұсқасы бойынша, оққа ұшқан әйел «көлігін қаруға айналдырып», ICE қызметкерлерін «өлтіру мақсатында» оларға қарай бағыттаған.

Министрдің айтуынша, сол әйелдің әрекетінен агенттердің бірін көлік басып кеткен. Ал оқ атқан қызметкерді Ноэм «тәжірибелі агент» деп атап, оның әрекетін «өзін-өзі қорғау» деп бағалады.

Министр ФБР тарапынан тергеу жүргізілетінін және ICE операциялары жалғасатынын хабарлады.

Сәрсенбі мен бейсенбі күндері Миннеаполисте және Миннесота штатының басқа да қалаларында иммиграциялық қызметтің әрекеттеріне және Трамп әкімшілігіне қарсы наразылық акциялары өтті.

CBS телеарнасының жергілікті бөлімшесінің хабарлауынша, ICE қызметкерлері наразыларға қарсы бұрышты газ қолданып, оларды күшпен ығыстырған.

Рене Гуд қаза тапқаннан кейін штатта жаңа наразылық толқыны басталды. Миннеаполисте тұрғындар қайғылы оқиға болған жерде ұйымдастырылған стихиялы мемориал маңына жиналды. AFP агенттігінің мәліметінше, штаттың басты қаласының көшелеріне мыңдаған адам шыққан, олардың көпшілігі «ICE, Миннеаполистен кет!» деген ұрандар жазылған плакаттар ұстаған.

Бейсенбі күні Миннеаполисте жаңа акция таң атпай басталды. Демонстранттар федералды билік ғимаратының, яғни иммиграциялық сот орналасқан ғимараттың алдына жиналып, «Ұят!» және «Жұмыстан кетіңдер!» деп ұрандатты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл акция барысында демонстранттар мен ICE қызметкерлері арасында қақтығыстар болған. Басқа БАҚ деректеріне сәйкес, бұл жолы да ICE қызметкерлері бұрышты аэрозоль қолданып, кей мәліметтерде көзден жас ағызатын газ пайдаланылғаны айтылады.

Өз кезегінде Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз Дональд Трамп әкімшілігін иммигранттарға қатысты саясаты арқылы қоғамда қорқыныш ахуалын қалыптастырып отыр деп айыптады.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін штатқа Вашингтоннан қосымша көмек қажет емес. Дегенмен жағдай ушыға түссе, Миннесота Ұлттық гвардиясын тартуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұдан бұрын белгілі америкалық тілші Такер Карлсон Дональд Трамптың 2027 жылы қорғаныс бюджетін 1,5 трлн долларға дейін арттыру туралы шешімі АҚШ-тың дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқанын білдіретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 01:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08 Қазан 2026 17:09see110

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары