Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Несие мен несібе

Несие мен несібе

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің ипотека нарығы бір-біріне қарама-қарсы үрдістердің қиылысына тұспа-тұс келді. Бір жағынан, несиеге деген сұраныс өсімі жалғасып, екінші жағынан, талаптардың қатаңдауы мен экономикадағы ақшаның қымбаттауы әсерінен ипотека қолжетімділігі төмендеп келеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өтініштер санының өсуі, зей­нетақы қорынан ауда­рым­­дар, жеңілдетілген бағдар­ла­ма­лар­дың кеңеюі нарықтағы белсенділікке оң әсер еткенімен, оның табиғи түрде дамуына кедергі келтіріп отыр. Сөзімізге Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жа­риялаған деректер дәлел бола алады. Қауымдастықтың талдау орталығы елі­міз­дің 9 ай ішіндегі ипотека нарығына шолу жа­саған.

«2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ипотекаға берілген өтініш саны 772,2 мыңға дейін артқан, яғни, был­тыр­ғы көрсеткіштен (700,6 мың) 10%-ға­ ­жоғары. Ал осы уақыт аралығында жаңа ипотекалық несиелердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25,1%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгеге жеткен. Мұндай өсімге қолайлы демография жағдайы, жалақының өсуі және жұмыспен қамтудың жоғарылауы, сондай-ақ ірі қалалардағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға деген үлкен сұраныс себеп болып отыр», деп жазды қауымдастық сарапшылары.

Дегенмен кері көрсеткіштер де жоқ емес. Мәселен қаңтар-қыркүйек айларында мақұлданған өтінімдер үлесі 39,2%-дан 25,2%-ға дейін төмендеген. Бұл нарыққа бір уақытта бірнеше фактордың әсер етуіне байланысты: базалық мөлшерлеме өсті, төлем қабілеттілігіне талаптар қатаң­дады, ал ЖТСМ-ді (жылдық тиімді сыйақы мөл­шерлемесін) азайтуға деген әрекет нәти­жесіз болды.

Тағы бір назар аударатын жағдай, жылжымайтын мүлік нарығы қосымша нарықтық емес көздердің есебінен қолдау тауып отыр. Мысалы, биыл тұрғын үй жағ­дайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан аударымдар көлемі рекордтық дең­гейге минус 450 млрд теңгеге дейін жеткен. Бұл бағаның өсуін жылдамдатып, сату-сатып алу келісімдерін жандандыртып жатыр. Қаржыгерлер қауымдастығы осы ахуалға алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Нарықтық емес қаржыландыруды (жеңілдетілген бағдарламалар және БЖЗҚ-дан аударымдар) кеңейту баға қысымын күшейтіп, нарықтағы келісімдердің жоғары белсенділігін сақтайды, сонымен қатар халықтың сұранысы мен іргелі мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті одан әрі ушықтырып, баспанаға қол жеткізудегі «құрылымдық алшақтықты» арттырады», делінген қауымдастық дерегінде.

Осыған қарағанда ипотека көлемі өсіп жатқан сияқты. Бірақ тереңірек үңілсек, нарықта тепе-теңдік жоқ екені анық байқалады. Коммерциялық ипотека көп адамға қолжетімсіз болып барады. Ал өсім негізінен жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалардың, зейнетақы жинағынан аударылған қаржының есебінен ғана жүріп отыр. Яғни ипотека нарығы өздігінен емес, мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында дамып отыр. Сол себепті бүкіл жүйе мемлекеттік қаржыға қатты тәуелді болып бара жатыр.

Ал келер жылы қандай өзгеріс болмақ? 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, елімізде ипотека бойынша ЖТСМ-ді айқындау тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында атап өткен болатын.

«Мұндай тәсіл несиенің қамтамасыз етілу деңгейін және нарықтың нақты жағдайларын ескеретін болады, бұл неғұрлым салмақты және экономикалық негізделген шешім», деді С.Жұманғарин.

Оның сөзінше, Үкімет максималды мөлшерлемені бастапқы жарна көлеміне және  несие мерзіміне, яғни нақты қарыздың тәуекел деңгейіне байланыстыруды қарастырып жатыр. Мұндай қадам банк­терге барынша икемді мөлшерлемелерді бекітуге мүмкіндік береді. Ашып айтар болсақ, бастапқы жарнасы ірі және несие мерзімі қысқа қарыз алушыларға ипотека арзанырақ, ал неғұрлым тәуекелі жоғары қарыздар үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Жаңа әдістеме қарыз алушылардың айырмашылығын ескерусіз барлығына шамамен 25% деңгейінде максималды мөлшерлемеде бекітілетін қолданыстағы бірыңғай ережелерді алмастырмақ.

Ал жаңа ереже қарапайым халыққа қандай мүмкіндік пен сын-қатерлер әкеледі? Бұл туралы ипотека сарапшысы Гүлбибі Жақсыбайдың пікірін сұрап көрдік. Оның сөзінше, тұрғын үйдің бастапқы жарнасын жинауға қиналатын жас отбасылар мен табыс деңгейі орташа азаматтарға ипотека алу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

«Үй алуды ойлап жүрген талай отбасы қазір несие шарттарын қайта қарап, есеп-қисабын жаңадан жасап жатыр. Өйткені пайыздық мөлшерлеме өскен сайын ай сайынғы төлем де көбейеді, жалпы артық төлем де үлкейеді. Соның кесірінен көп адам «әзірше күте тұрайық» деп, сатып алуды кейінге шегеруге мәжбүр болады. Бұл әсіресе баспанасыз жүргендер үшін оңай шешім емес. Бірақ осы жағдайдың екінші жағы да бар. Кредит қымбаттаған сайын адамдар алғашқы жарнаны көбі­рек жинауға тырысады. Алғашқы жарна неғұрлым көп болса, соғұрлым ай са­йынғы төлем азаяды, банк алдындағы тәуе­кел де төмендейді. Бұл көпшілікке пси­хологиялық әрі қаржылық тұрғыда же­ңілірек. Әрине, бәріне бірдей оңай емес. Табыс азаймай, керісінше көбейіп жатқан адам сирек. Тұрмыс, баға, күнделікті шығындар бар. Дегенмен дәл осындай жағдайда белгілі бір топтың ұтатын тұсы да жоқ емес. Алғашқы жарнасын алдын ала жинап қойғандар несиені ұзақ емес, қысқа мерзімге алатындар, табысы тұрақты адамдар айқын артықшылыққа ие. Өйткені несие мерзімі қысқарған сайын артық төлем де аз болады», дейді сарапшы.

Дәулет ЖАДЫРАСЫН,

журналист 

Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер жүктілігі жанға батады

Қоғам • Бүгін, 08:23

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

Білім • Бүгін, 08:20

Платформа арқылы оқыған тиімді

Қоғам • Бүгін, 08:18

Абай жолы адастырмайды

Руханият • Бүгін, 08:15

Қамқорлық аясы кеңейіп келеді

Қоғам • Бүгін, 08:13

Хакімнің фотосы мен өлеңдері

Абай • Бүгін, 08:10

Келешекпен кездесу

Аймақтар • Бүгін, 08:07

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

Сұхбат • Бүгін, 08:05

Жетімдерді демейтін құжат

Қоғам • Бүгін, 08:03

Әбиба көш бастап тұр

Спорт • Бүгін, 08:00

Жәнібектің табысы

Спорт • Бүгін, 07:55

Орта тола береді

Қоғам • Бүгін, 07:53

«Google»-дың жаңа жүйесі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:48

Едіге ЕМБЕРДІ: Арманым – Олимпиада алтыны!

Спорт • Бүгін, 07:42

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see153

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see137

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары