Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Несие несібе емес

Несие несібе емес

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Банктерден, микроқаржы ұйымдарынан несие алу қазақтың «бас ауруына» айналғалы қашан? Ресми деректерге жүгінсек, ел азаматтарының жартысынан астамы (50,7%-ы) кредиттің «дәмін татқан». Әсіресе 22–29, 50–62 жас аралығындағы азаматтар банктерге жиі қарызданады екен.

Халықтың қаржы ұйымдары алдын­дағы қарызы шектен тыс көбейгеннен кейін мемлекет несие мәселесін реттеуді қолына алды. Әуелі мойнында берешегі бар әлеуметтік жағдайы осал жандардың қарызын төлеп берді. Одан кейін жеке тұлғалар­дың банкроттығы туралы заң қабылдады. Банкпен бірлесе жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» да – кредит мәселесін реттеудің бір тәсілі.

Ал былтырғы қыркүйектен бастап, тұтынушылық кепілсіз қарыздар беру мақсатында «шешім қабылдау» кезеңі енгізілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – қарыз алушыға ойланып шешім қабылдауға уақыт беру. Сөйтіп, несиені несібесіндей көретін азаматтардың әрекетіне шектеу қою әрі алаяқтық схемаларға ұрынып қалу ықтималдылығын азайту. Айталық, 150 АЕК-тен 255 АЕК-ке дейінгі соманы алуға өтініш берсеңіз, ойлануға 8 сағат уақыт беріледі. Ал одан көп ақша алуға үмітті болсаңыз, несие жөніндегі шешіміңіз төңірегінде 24 сағат бойы ойланып-толғануға тура келеді. «Егер қарыз алушы шешім қабылдау кезеңінде кредит алу туралы ойын өзгертсе, қарыз шарты жойылады да оған кредит қаражаты аударылмайды», дейді агенттік мамандары.

 Биыл наурыз айынан бастап халықтың мойнындағы қаржы ауыртпалығын жеңілдетіп, несие алушылар қатарын азайту мақсатында еліміз тұтынушылық қарыздарды беруге қойыла­тын талаптарды заңдық тұрғы­дан қатайтты. Fingramota.kz ақпараттық арнасының дерегінше, жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты енді кредитті уақытын­д­а қайтара алмағандарға жаңа тұтынушылық несие берілмейді. Тіпті кредиттік төлемді қысқа мерзімге кешіктірсеңіз де банк тұтынушыға кредит беруден бас тарта алады.

Қаржы мамандарының айтуын­ша, талаптардың қатаюы шамадан тыс кредит алу жағдай­ларын азайтып, жұрт­шылықтың қарыз мәселесіне байыппен қарауына септігін тигізген. Оған мына көрсеткіштер дәлел: 2024 жылы тұтынушы­лық несиенің өсуі 21,9%-ға жетсе, былтыр оның көлемі 8,7% болған.

Дегенмен де банктерден несие алу мүмкіндігі шектелгеннен кейін кей азаматтар заңсыз әрі тиісті лицензиясы жоқ кредиторлардың көмегіне жүгіне бастаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми статистикасына сүйенсек, 2024–2025 жылдары заңсыз микроқаржылық қызмет деректері бойынша 19 қылмыстық іс тіркелген. Биылғы екі айдың өзінде 6 қыл­мыстық іс анықталған. Ал заңсыз берілген кредиттер сомасы 220 млрд теңгеден асады.

Fingramota.kz сарапшылары жұрт­шылықты көлеңкедегі «сұр» кредиторлардың «мінсіз» ұсыныстарына ұрынып қалмауға шақырады. Маман­дардың сөзінше, олар ең алдымен азаматтардың несиеге зәрулігін пайдаланып, сенімге кіруге тырысады. «Сұр» кредиторлар басында елді қызықтырып, төмен пайыздық мөл­шерлеме мен тиімді төлемдер ұсынуы мүмкін. Бірақ айыппұлдар мен комиссиялар есебінен борыш бірнеше есе жоғарылайды. Мұнда қарыз есебі күн сайын жүргізілгендіктен берешек жылдам өсіп, заңсыз кредитордың пай­дасына қарай көбейе бере­ді. Олардың келісімшарты жал­ған болғандықтан сотта кредит ресімделгенін дәлелдеу де қиын­ға соғады. Бұған қоса заңды «қо­нышынан басқан» несие беру­шілердің қызметіне жүгінгендер құқын мемлекет те қорғай алмайды», дейді сарапшылар.

Ең қауіптісі, сұр кредиторлар кепілге көбіне пәтер мен автокөлікті қоюды талап етеді. Төлем сәл кешіксе болды, алаяқтар қымбат дүниені өздеріне алып қалуға тырысады. Ал егер иесі қарсылық білдірсе, оған психологиялық қысым мен қорқытып-үркіту секілді заңсыз әдістер қолдануы мүмкін, дейді қаржыгерлер.

Жалпы айналамызда, әлеу­меттік желілерде, соның ішінде тұр­ғындарға ортақ WhatsApp желі­сіндегі «тиімді мөлшерлемемен несие алып береміз, төлемі аз қарыз береміз» деген жарнамалардан көз сұрінеді. Қарыз шарттары оңай көрінетін осындай жалған хабарламалар ақшаға мұқтаж талай жанды «қақпанына» түсірген. Мысалы, жақында Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз схемамен жұмыс істеп, елді алдап келген «сұр» кредитор ұсталған. Ол 12 жыл бойы жеке және заңды тұлғаларға мүлік кепілімен де, кепілсіз де жалған мәмілелерді ресімдей отырып, жоғары пайызбен тұрақты түрде қарыз беріп келген. Бұл ретте қарыз бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері берешек сомасының 5 пен 10% аралығын құраған. Бұл дегеніңіз жылдық 60–120% деген. Осылайша, «сұр» кредитор азаматтардан 1,8 млрд теңгеден астам пайда көрген. «Несие берудің шарттары тым қолжетімді болса, қарыз шарттары жасырын әрі ұсақ әріппен берілсе, ондай несиеден аулақ болған жоқ. Жалпы, кез келген адам қаржы мәселесіне сауаттылықпен қарағаны ләзім», дейді Fingramota.kz.

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары