Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Нұржан Өмірбек: Қазақ түрікмен сауда саттығының артуы екі экономиканың бірін бірі толықтыруының нәтижесі

Нұржан Өмірбек: Қазақ түрікмен сауда саттығының артуы екі экономиканың бірін бірі толықтыруының нәтижесі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

- Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қатынастардың анағұрлым практикалық сипатқа ие болғанын көрсетті. Қазақстан мен Түркіменстан - ортақ шекарасы, Каспий теңізіне шығуы және өзара байланысты көлік бағыттары бар көрші мемлекеттер. Сондықтан олардың ынтымақтастығы уақытша немесе эпизодтық сипатқа ие болуы мүмкін емес. Ол география мен екі экономиканың табиғи мүдделеріне негізделеді. Сапардың басты мәні қай салалар жылдамырақ дамитынын және қандай тетіктер қосымша іске қосылатынын нақты айқындау болды, - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, алғашқы маңызды нәтижелердің бірі - сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізін нығайту. Екіжақты тауар айналымын бір миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі уағдаластық тараптардың экономикалық ведомстволардың жұмысына ортақ бағыт береді. Нақты меженің болуы жоспарлауды жеңілдетіп, рәсімдерді тәртіпке келтіреді. Реттеуші нормаларды үйлестіруге және шекараның екі жағындағы бизнеске тұрақты жұмыс істеуге кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға ықпал етеді.

- Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда бұрыннан белсенді дамып жатыр және бұл өсім саяси ұрандардың арқасында емес, екі экономиканың бірін-бірі толықтыруының нәтижесінде болып отыр. Қазақстан - ірі аграрлық және металлургиялық мемлекет, ал көршіміз - энергетикаға сүйенген, азық-түлік импортына тәуелді ел. Сондықтан сауда көлемінің артуы - заңды құбылыс, - деді ол.

Сарапшы келіссөздердің екінші негізгі бағыты ретінде көлік және логистиканы атады.

- Бұл салада Қазақстан мен Түрікменстан мүддесі іс жүзінде толық сәйкес келеді. Екі мемлекет те «Солтүстік - Оңтүстік» дәлізін күшейтуге және Каспий порттарының әлеуетін барынша пайдалануға мүдделі. Еуразияда транзиттік ағындардың қайта бөлінуі жүріп жатқан қазіргі кезеңде Қазақстан-Түркіменстан байланысы ең сенімді бағыттардың бірі ретінде қалыптасып келеді. Иран арқылы өтетін теміржол, Ақтау, Құрық және Түркіменбашы порттары, сондай-ақ автомобиль өткелдері Ресей мен Орталық Азиядан - Иранға, әрі қарай Үндістан мен Араб түбегіне бағытталатын жүктердің бір бөлігін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Сапар осы бағытты нақты бекітті. Тараптар өткізу қабілетін арттыруға, рәсімдерді біріздендіруге және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ортақ әрекеттерді күшейтеді, - деді Нұржан Өмірбек.

Ол азық-түлік және ауыл шаруашылығы салаларында да ынтымақтастық кеңейіп келе жатқанына назар аудартты.

- Астық және қайта өңделген өнімдер экспорты бойынша ірі әлеуетке ие Қазақстан үшін Түркіменстан - тұрақты әрі географиялық тұрғыдан қолайлы нарық, сондай-ақ Ауғанстан мен Иранға шығатын өңірлік азық-түлік тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін алаң. Шекара маңында астық терминалын салу идеясы стратегиялық мазмұнға ие. Ол шығындарды азайтып, жеткізілім болжамдылығын арттыратын және аймақтағы азық-түлік маршруттарын тұрақтандыратын логистикалық негіз қалыптастырады, - деді ол.

Нұржан Өмірбектің пайымынша, сапар аясында қол жеткізілген құқықтық, гуманитарлық және ақпараттық келісімдерді де жоғары бағалау керек. Миграция, юстиция, БАҚ, зейнетақы, ақпарат алмасу салаларындағы құжаттар екіжақты өзара іс-қимылға тұрақты негіз қалайды. Ортақ шекарасы бар мемлекеттер үшін мұндай шаралар азаматтардың байланысын жеңілдетеді, күнделікті мәселелердің шешілуін оңайлатады және әкімшілік кедергілерді азайтады. Мемлекеттік институттардың өзара түсіністігі артқан сайын кез келген ортақ жоба тезірек және сенімді түрде жүзеге асады.

- Келіссөздердің түйінді қорытындысы - Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығының ұзақ мерзімді, орнықты моделінің нығаюы. Екі ел қатынастарының іргетасы одан сайын нығайып, география, логистика және экономика анықтап берген шынайы байланыстар күшейіп жатыр. Сапар көршілердің өзара іс-қимылды барынша жүйелі және дәйекті жүргізуге дайын екенін көрсетті. Бұл - саяси мәлімдемелердің практикалық құрадармен бекітілетінін дәлелдейді. Дәл осындай қадамдар Каспий маңы мен «Солтүстік - Оңтүстік» бағыты үшін стратегиялық маңызы бар өңірлік тұрақтылықты қалыптастырады, - деді Нұржан Өмірбек.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов арасындағы келіссөздер қорытындысында ресми делегация мүшелері бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжат алмасты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 02:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары