Оңтүстік өңірлерде 100 ден астам ирригация каналын автоматтандыру басталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында 103 ирригация каналын автоматтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 857 шақырымды, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтиды.
Сонымен қатар бұған дейін реконструкциядан өткен жалпы ұзындығы 1 184 шақырым болатын 270 каналды автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, суару каналдарын автоматтандыру элементтерімен және суды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізе отырып, реконструкциялауға арналған 264 жоба әзірленіп жатыр.
"Цифрлық құралдарды енгізу су ресурстарын басқарудың кешенді әрі көпдеңгейлі жүйесін жоспарлы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігіне кепілдік беруге және ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді", – деді вице-министр Аслан Абдраимов.
Айта кетейік, министрлік Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. Қазіргі таңда жүйеде 23 мыңнан астам су нысанының деректері цифрландырылып, құрылымдалды. Олардың қатарында 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Тамыз 2026 08:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















