Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Оңтүстік Қазақстанда жеке күн электр стансасының саны 3,5 есе өсті

Оңтүстік Қазақстанда жеке күн электр стансасының саны 3,5 есе өсті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Энергетика министрлігі мәліметінше, күн стансаларының иелері 3,5 есе көбейіп, төлем көлемі 200 млн теңгеден асты. Соңғы кездерде кәсіпкерлер мен жеке тұтынушылар жеке күн стансаларын орнатып, өздерін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, артығын желіге сатып отыр.

Бұрын үлесі аз болған микрогенерация моделі бүгінде елдің жаңа энергетикалық жүйесінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Сарапшылардың айтуынша, таратылған энергетика — Қазақстан энергожүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі саналады.

Дәстүрлі жүйеде негізгі жүктеме ірі электр стансаларына түссе, жаңа құрылым мыңдаған шағын генерация көздеріне сүйенеді. Бұл тәсіл энергия балансын икемді етіп, жаздың ыстық мезгілінде жүктемені азайтады, желі инфрақұрылымының тұрақтылығын арттырады және электр сапасын жақсартады.

Елдің оңтүстігінде өсім айқын байқалады. «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» тобы мен Түркістан облысы мен Шымкент қаласына электр энергиясын жеткізіп, таратумен айналысатын «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының деректеріне сәйкес, 2025 жылы салада елеулі құрылымдық өзгеріс тіркелген.

Микрогенерацияның негізгі көрсеткіштері:

нетто-тұтынушылар саны 22-ден 78-ге дейін (қаңтар-қараша) өсті, бұл 3,5 еседен астам өсімді білдіреді.

Жеке күн электр стансаларының орнатылған қуаты 2750 кВт-тан 7602 кВт-қа жетті.

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында желіге берілген күн энергиясының көлемі 3,5 млн кВт·сағ-тан асты, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 910 727 кВт·сағ болған.

Күн электр стансалары энергия қауіпсіздігінің маңызды факторы болып, пиктік сағаттардағы желі жүктемесін төмендетіп, инфрақұрылымның тұрақтылығын арттырады. Қаржылық көрсеткіштер де бұл модельдің тиімді екенін дәлелдеді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» желісіне алғашқы нетто-тұтынушыларға 200 млн теңгеден астам төлем жүргізілген, оның шамамен 120 млн теңгесі 2025 жылдың алғашқы он айында берілген. Бұл бизнес үшін тікелей табыс болып, күн стансаларына салынған инвестицияны жылдам өтеуге, операциялық шығындарды азайтуға және нысандардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі даму қарқыны сақталса, 2026 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» желілеріндегі нетто-тұтынушылар саны 100-ден асып, күн стансаларының жалпы қуаты 10 МВт-қа жетеді. Бұл жылына 5 млн кВт·сағ-тан астам таза энергия өндіруге мүмкіндік беріп, дербес энергетикалық нысан жұмысына тең көрсеткішті қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы іске қосылды.

Мажар компаниясы Қазақстанның бірнеше өңірінде күн электр стансасын салады.

Қазақстанда алғаш рет күн электр стансасын салуға аукцион өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 11:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары