Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Өскеменде әбден толған ескі полигонға қоқыс қашанғы төгіле бермек

Өскеменде әбден толған ескі полигонға қоқыс қашанғы төгіле бермек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жаңа полигон неге салынбады

68 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ескі полигонның жабылуы туралы мәселе 2020 жылы көтерілген. 2022 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен полигонды жаңарту жобасын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жөнінде келісім жасалған. Алайда жоба құнының қымбаттауына байланысты жоба іске аспай қалды.

Редакция сауалхатына жауап жолдаған қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, жаңа полигон салу үшін 5 жер учаскесі қарастырылғанымен, нақты таңдау жасалмаған. Полигон орнын белгілеу үшін утилизация әдісін анықтау, қажетті аумақты есептеу, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізу қажет.

— Қазіргі уақытта облыстық деңгейде ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы инвестициялық жобаларды қарастыру аясында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу тәсілін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан шығатын қорытынды жұмысты тежеп тұрған негізгі фактор — жер таңдау емес, жобалау кезеңіндегі нақтылықтың жоқтығы мен инвестиция тартудың кешеуілдеуі.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы / Kazinform

Осы ретте, ескі полигонды уақытша пайдалану қанша жылға созылуы мүмкін деген заңды сұрақ туындайды.

Толымдылығы шегіне жеткен полигонда қалдықтар қазір «биіктік тәсілімен» жиналып жатыр. Яғни, жаңа алаң бөлінбей, қоқыс қабаттап төгіледі. Қала әкімдігінен бұл әдіс жаңа полигон іске қосылғанға дейін уақытша шешім болатынын мәлім етті.

— Тахеометриялық түсірілім нәтижесінде полигонның әлі қалдық қабылдайтын белгілі бір көлемі бар екені анықталды. Қолданылып отырған биіктік тәсілі шамамен үш жылға дейін созылуы мүмкін, — делінген әкімдік ақпаратында.

Қазірдің өзінде полигонда 7 млн тоннадан астам қоқыс жиналған. Яғни бұл экологиялық бақылауды күшейтуді, топырақтың ластану тәуекелдерін мұқият бағалауды қажет етеді.

Өскемен қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Серік Оразбайұлы бұл мәселенің жылдар бойы шешілмеуін жүйелік кемшілік ретінде бағалады.

— Халқы көбейіп келе жатқан қала үшін жаңа қоқыс полигонын салу мәселесінің шешілмеуі — өте өзекті мәселе. Жыл сайын 60–70 мың тонна қоқыс шығарылады. Біз мұны жылдар бойы айтып келеміз, бірақ мәселе күрделене түсуде, — деді ол.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы / Kazinform

Үйлердегі қоқыс уақтылы шығарылмайды

Өскеменде қоқыс шығарумен айналысатын негізгі екі компания бар: «Өскемен-Тазалық» және «Өскеменспецкоммунтранс». Бұдан бөлек, тек заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бірнеше ұйым жұмыс істейді.

Алайда тұрғындар контейнерлердің уақтылы тазаланбайтыны мен ауладағы антисанитарияға жиі шағымданады.

— Не үшін ақша төлеп отырмыз?! Балаларымыз күнде күлімсі иісті иіскеп өтеді. Үйілген қоқысты үнемі кешігіп шығарады. Оның үстіне қойылған контейнер саны да аз, — дейді қала тұрғындары.

Компания өкілдері мәселенің бір себебін үйлерде тұратын халықтың нақты санын білмеумен байланыстырды.

— Келісімшарт жасаған тұрғындардың көпшілігі үйде тұратын адам санын аз қылып көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар тіркеуге алынбайды. Сондықтан контейнер тек тіркеудегі ересек адамдар санына есептеледі. Бұл контейнерлердің шамадан тыс әрі тез толуына әсер етеді. Қалалық маслихаттың шешімі бойынша бір контейнер 150 адамға есептелген. Біз бір мекенжайда қанша адам тіркеуде тұрғанын біле алмаймыз. Бұл ақпаратты бізге жергілікті атқарушы органдар беруі тиіс, — деді «Өскемен-Тазалық» ЖШС директорының орынбасары Назгүл Сейтенғазина.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы / Kazinform

Тұрғындардың қоқыс тастау мәдениеті нашар

Мүлік иелері бірлестігінің төрағалары мәселе тек қызмет көрсетушіде еместігін айтады.

— Біз ақпараттық түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргіземіз, әлеуметтік желілерде, мессенджер чаттарында ескертулер жібереміз. Жалпы, қоқыс уақытында шығарылады. Әсіресе жазда қауын-қарбыз маусымында қоқыс тез жиналады. Кейде техниканың бұзылуы немесе жүргізуші жетіспеуі салдарынан бір күн кешігуі мүмкін. Бірақ өте сирек, — деді Есенберлмн көшесіндегі үйлердің мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Сержан Әділбеков.

Оның айтуынша, ең үлкен проблема тұрғындардың ірі қатты қалдықтарды контейнерге тастай салуы.

— Үй жөндеуден қалған ірі құрылыс материалдарын да лақтырып кетеді. Бір-екі жағдайда иесін анықтап, қайтарып алдырттық. Бірақ көбіне анықтау мүмкін емес. Қоқыс жинайтын компаниялардың міндетіне жатпайтын ірі қалдықтарды бірнеше үй бірігіп шығарып тұруға тура келеді. Тұрғындар да өз аулаларына жаны ашып, ұқыпты пайдаланса дейміз, — деді ол.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Өскемендегі қоқыс полигоны мәселесін уақытша шаралармен ғана ұстап тұруға келмейтіні аңғарылды.

Қалдық көму көлемінің артуы, жобаны дайындаудағы кідіріс және инфрақұрылымның тозуы қаланың тұрақты дамуына теріс әсер ететін факторға айналып отыр.

Сондықтан жаңа полигон мен қайта өңдеу кешенін салу тек экологиялық қауіпсіздік үшін ғана емес, шаһар дамуының ұзақмерзімді жоспары үшін де маңызды қадам болмақ.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбе экологтері полигон жанына қоқыс төгу дерегін тексеретіні хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 16:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see164

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see155

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see149

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see147

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see146

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see145

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see143

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see141

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see139

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see138

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see137

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see134

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see127

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see119

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see118

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see116

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see115

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see114

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see112

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары