Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Отандық фармацевтика өндірісі қашан өркендейді

Отандық фармацевтика өндірісі қашан өркендейді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Коронавирус пандемиясы алқымнан алғанда дәріхана сөрелерінде қарапайым перепарттардың өзі табылмай, біраз әбігерге салғаны бар. Фармацевтика тек отандық өндірістің бір бағыты ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін сол кез ұққандай болдық. Бетін аулақ, ел басына тағы қиын-қыстау күн туса, дәрі-дәрмек тапшылығы алаңдатпауы керек. Бұл мәселені реттеудің жолы – отандық фармацевтика өндірісінің көлемін ұлғайтып, шетелмен байланысты нығайтудан басталады. Нақ қазір салада ілгерілеубайқала ма? Egemen.kz осының себеп-салдарына тереңірек үңіліп көрдік. ​

Фото: Ашық дереккөз

Фармацевтикадағы отандық өндірістің үлесін ұлғайтуға қатысты ірі жоба-жоспарлар пандемия тұсында нақтылана бастады. Оның алғашқы әрі сәтті қадамы ретінде санаулы айда ғалымдар зерттеп, өндіріске енгізген QazVac вакцинасын айтуға болады. Вирусқа қарсы вакцинаны жедел шығарған елдердің алғы шебінде тұрдық. Екпені 6 миллионға жуық отандасымыз салдырып, өзінің ғана емес, жақындарының саулығына кепіл болды. Дәл сол аумалы-төкпелі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, «Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет», деген еді. Содан беріге дейін елімізде әлемде алдыңғы қатарлы фармацевтика алыптары бас қосып, келісімдер жасалды. Нәтижесінде ірікомпаниялар елде зауыт салуға қызығатынын байқатса, сәйкесінше ел үкіметі екіжақты тиімді келісімге әркез ашық екенін білдірді. Яғни, құрылыс барысында қандай да бір қиындықтар, қайшылықтар туындамасына кепіл болып отыр.

Көп кешікпей Денсаулық сақтау министрлігі 2029 жылға дейінгі жол картасын әзірледі. Құжатта сатып алу үдерістерінен бастап, бағаны реттеу, цифрландыру, шетелден инвестиция тарту секілді негізгі міндеттер қамтылған. Бұл қадам – фармацевтика кәсіпорындарын жедел дамытуға, кадрлық әлеуеттің сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі озық технологияларды енгізуге түрткі болады. Осының есесіне 2029 жылға қарай жергілікті өндірістің үлесін 50%-ға жеткізуге мүмкіндік туып тұр. Президент кешегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында да фармацевтика өндірісін ілгерілетуді тапсырып, «Фармацевтика өнеркәсібін дамытуға баса мән берген жөн. Өзімізде жасалатын дәрі-дәрмектің түрі мен санын көбейту – стратегиялық міндет. Бұған әсіресе пандемия кезінде әбден көзіміз жетті», деді. Иә, фармацевтика өндірісіне бұрын аса мән бере қоймаған ел үшін бірер жылда тауар көлемін 50 пайызға ұлғайту мүмкін емес. Ал, 2029 жылға дейін инвестиция тарту арқылы нәтижеге жетуге болады.

Нақты сандарға тоқталсақ, елімізде қазір 210 тауар өндіруші тіркелген. Оның 43-і дәрілік заттар шығарады. Былтырдың өзінде сол өндірушілердің арқасында өнім көлемі 21,8%-ға ұлғайып, 175,8 млрд теңгені құрапты. Инвестиция көлемі де 2 есе артып(91,3 млн АҚШ доллары), экспорт көлемі 32,9%-ға көбейген. Осыған қоса, отандық 34 тауар өндірушімен 151,4 млрд теңге сомасына 10 жылды қамтитын ұзақ мерзімді шарт жасалған. Нәтижесінде осы аралықта фармацевтикалық өнімнің 2 466 түрі елде шығады. Бұдан өзге, Pfizer (АҚШ), Hoffmann-La Roche (Швейцария), AstraZeneca AB (Ұлыбритания (британ-швед)) компаниясымен 6 түпнұсқа дәрілік затты жеткізуге 3 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалып қойған. Сондай-ақ келешекте индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде дәрілік заттарды өндірушілер үшін қолайлы жағдайжасалмақ. Бүгінде 398,2 млрд теңге сомасына 9 инвестициялық жоба қаралып жатыр. Әрине аталған жобалардың қалай іске асатыны келешектің еншісінде. Денсаулық сақтау министрлігінен сұрап білгеніміз, фармацевтика нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10-13%-ды құрап отыр екен.

Тақырыпқа қатысты сауалдарды Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтика өнеркәсібін дамыту басқармасының бас сарапшысы Фатима Смағұлова қойып, жауап алдық.

«Мемлекеттік басшысы денсаулық сақтау жүйесіне 2029 жылға қарай ішкі нарықтағы дәрілік заттардың үлесін 50%-ға жеткізу міндетін қойды. Осы мақсатта фармацевтика саласын дамыту жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар іске асып келеді. Сандарды сөйлетсек, 2024 жылдың соңында елде 207 фармацевтика кәсіпорыны тіркелген. Оның 43-і дәрілік заттар өндірісіне, 164-і медициналық бұйымдар шығаруға маманданған. Сол жылдың қорытындысы бойынша дәрілік нарықтың импортқа тәуелділігі шамамен 85%-ды құрады. Осылайша, Қазақстан фармацевтика нарығындағы отандық өндіріс үлесі 15,1%-ды құрады. Бұл отандық өндірушілер портфелінің төмен рентабельді және негізінен дженерикалық препараттармен ұсынылғанын көрсетеді», дейді сарапшы.

Отандық өндірістің былтырғы үлесін қаперге алып, салада ілерілеу байқалмайды деп шорт кесіп байлам жасауға болмайды. Себебі ірі компаниялармен кейінгі жылдары жасалған келісімшарттар алда іске асады. Оның бірқатарын жоғарыда айттық. Толықтырсақ, Pfizer, Roche және AstraZeneca сынды әлемдік фармацевтика алыптармен де 3 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Аталған компаниялар шарттық өндіріс тапсырыс берушілері ретінде біздің елде өз өнімдерін шығарып, жеткізуді жоспарлап отыр. 2009 жылдан 2025 жылға дейін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» компаниясында отандық дәрілік заттардың үлесі біртіндеп өскені байқалады. Егер 2009 жылы компания бір ғана ұзақ мерзімді шарт жасасқан болса, 2010 жылы – екі шарт, ал қазір 32 отандық тауар өндірушімен 2 255 атау бойынша (оның ішінде 444 дәрілік зат және 1 593 медициналық бұйым) 87 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Оның 40-ы дәрілік заттар бойынша және 47-сі медициналық бұйымдар бойынша шарттар екен.

Негізі бірыңғай дистрибьютордың, яғни СҚ-Фармация» компаниясының негізгі міндеті – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы әрі қолжетімді қамтамасыз ету саналады. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды, оның ішінде қант диабеті, артериялық гипертензия, туберкулез және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар кіреді. Отандық өндірісті қолдау және сатып алу рәсімдерін жетілдіру арқылы Бірыңғай дистрибьютор халықты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтуға үлес қосып келеді.  Сәті түскен соңФармацевтика өнеркәсібін дамыту басқармасының бас сарапшысы Фатима Смағұловаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өндірістің үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндетін іс жүзінде белгіленген мерзімнен кешіктірмей орындау мүмкін бе, деген сауал қойдық.  

«Бүгінде отандық тауар өндірушілермен және түпнұсқалық патенттелген дәрілік заттарды шарттық өндіріс тәсілімен шығаратын тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасау көзделген. 2009 жылдан бастап ұзақ мерзімді шарттарды бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады. Инвестиция тарту мақсатында шетелдік фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық дамып келеді. ЕАЭО шеңберінде фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымын, мемлекеттік қолдау шараларын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ынталандыру көзделген. Сол секілді инвестицияларды тарту, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды таңбалау, қадағалауды және отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйым өндірушілердің әлеуетін арттыруды реттейтін заңнаманы ырықтандыру міндеті қойылған. Фармацевтика саласында тағы бір жаңа механизм енгізіліп жатыр. Енді бірқатар преференциялары бар инвестициялық келісімдерде корпоративтік табыс салығынан, қосылған құн салығы (НДС) және импортталатын жабдыққа кедендік баж салығынан босату сынды жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау, жер учаскелеріне тендерсіз қол жеткізу сынды мүмкіндіктер бар»дейді Фатима Смағұлова.

Сарапшының пікірін басшылыққа алсақ, Мемлекет басшысы бекіткен жоспарды 2029 жылдан кешіктірмей орындап, отандық дәрі-дәрмек өндірісін 50% пайызға ұлғайтуға әлеует жетеді. Ол үшін министрлік бекіткен жоспардан ауытқымау қажет. Білсеңіздер, фармацевтикада «Big pharma» деген ұғым бар. Бұл – әлемдегі фармацевтика алыптарының бейресми атауы. Бізге керегі, сол компаниялармен тығыз байланыс орнатып, озық тәжірибесін өзімізге енгізу. Мұны жақсы білетін ел үкіметі шетелдің алпауыттарымен ұзақмерзімді келісімшарттарды қазірден бастап кетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 18:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары