Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Отандық өндіріс құлдырап барады: кәсіпкерлер қашанғы демпинг құрбаны болады?

Отандық өндіріс құлдырап барады: кәсіпкерлер қашанғы демпинг құрбаны болады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Отандық азық-түлік өндірісін қолдау – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды бағыттың бірі. Алайда соңғы жылдары салада күрделі мәселелер жиналып, импорттық тауарлар басымдығы байқала бастады. Сауда желілеріндегі шетелдік өнім үлесі артқан сайын, жергілікті өндірушінің нарықтағы орны тарылып барады, деп жазады Egemen.kz.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Отандық азық-түлік өндірісін қолдау – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды бағыттың бірі. Алайда соңғы жылдары салада күрделі мәселелер жиналып, импорттық тауарлар басымдығы байқала бастады. Сауда желілеріндегі шетелдік өнім үлесі артқан сайын, жергілікті өндірушінің нарықтағы орны тарылып барады.

Мәселенің негізгі себебі – әділетсіз бәсеке. Импорттаушылар кей жағдайда әдейі төмен баға қойып (демпинг тәсілі арқылы), жергілікті өнім өндірушілерді нарықтан ығыстырып шығарады. Мұндай жағдайда отандық кәсіпорындардың өнімін ірі сауда желілеріне кіргізуі қиынға соғады. Өндірістік шығындар мен логистикалық кедергілер де отандық бизнесті тығырыққа тіреп отыр.

Көрсеткіштердің құлдырауы – нақты айғақ

Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бұл үрдістің ауқымын айқын көрсетеді. Егер 1990 жылы елде өндірілген ет пен тағамдық субөнімдер көлемі 1 миллион тоннадан астам болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 431,2 мың тоннаға дейін төмендеген. Сүт пен кілегей өндірісі де екі еседен астам қысқарып, 1,4 миллион тоннадан 621 мың тоннаға азайған. Сары май мен спредтер – 85 мың тоннадан 32,5 мың тоннаға, ал жаңа піскен нан өндірісі 1,2 миллион тоннадан 497,2 мың тоннаға дейін төмендеген.

Бұл тек жекелеген бағыттар ғана. Сарапшылардың айтуынша, ұн, қант, кондитерлік өнімдер, консервілер мен сусындар өндірісінде де дәл осындай құлдырау байқалады. Демек, еліміз әлі күнге дейін 1990 жылдардағы өндірістік әлеует деңгейіне жете алмай отыр.

Салдар – импортқа тәуелділік

Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Қазақстан біртіндеп импортқа тәуелді елге айналды. Нарықтағы әрбір екінші азық-түлік өнімі шетелден әкелінеді. Бұл жағдай бір жағынан тұтынушылардың таңдауын кеңейткенімен, екінші жағынан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Импорттық өнімдердің көпшілігі жергілікті кәсіпорындар өндіретін тауарлармен тікелей бәсекеде тұр. Мысалы, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін сүт өнімдері мен кондитерлік тауарлар жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесін азайтып келеді. Ал кейбір еуропалық, қытайлық өнімдер демпингтік бағамен ұсынылып, ішкі нарықтағы баға тепе-теңдігін бұзып отыр.

Жүйелі әрі әділ қолдау қажет

Сарапшылардың пікірінше, отандық азық-түлік өндірісін қалпына келтіру үшін мемлекеттік қолдау шараларын жүйелі түрде күшейту қажет. Ең алдымен, сауда желілеріндегі квоталар мен талаптарды қайта қарау, жергілікті өнімге басымдық беру, сатып алу рәсімдерін жеңілдету мен логистикалық тізбектерді қысқарту маңызды.

Сонымен қатар өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған салықтық әрі қаржылай жеңілдіктер, технологиялық жаңғырту бағдарламалары, экспорттық қолдау тетіктері іске қосылуы тиіс. Бұл шаралар бір жағынан кәсіпкерлердің өнім сапасын арттыруға, екінші жағынан баға бойынша импорттық өнімдермен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті болу – ұлттық мүдде

Отандық азық-түлік өндірісінің артта қалуы тек экономикалық мәселе емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да өзекті. Себебі ішкі нарықтың импортқа тәуелді болуы – елдің азық-түлік тұрақтылығын әлсіретеді. Қандай да бір сыртқы факторлар әсер еткен жағдайда (мысалы, шекараның жабылуы, логистика дағдарысы, бағаның өсуі), ел халқын қамтамасыз ету қиынға соғуы мүмкін.

Сондықтан отандық өндірісті қолдау – тек шаруалар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғау емес, мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиялық тұрақтылығының кепілі.

Қазір елімізде азық-түлік өндірісі шешуші кезеңде тұр. Сондықтан саладағы теңсіз бәсекенің салдарын ашық айтып, нақты шешім қабылдау уақыты келді. Егер қажетті қолдау шаралары дер кезінде қолға алынбаса, импорттық өнімдердің басымдығы одан әрі күшейеді. Енді мемлекет пен жеке сектор бірігіп, жүйелі қолдау мен әділ нарық қағидатын қалыптастырса, еліміз өз өндірістік әлеуетін қайта жаңғырта алады. Бұл – ұлттық экономиканың болашағы мен халықтың азық-түлік қауіпсіздігі үшін аса маңызды міндет.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 11:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары