Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Премьер лигаға жолдама алған Алтай Өскемен футбол клубын қандай өзгерістер күтіп тұр

Премьер лигаға жолдама алған Алтай Өскемен футбол клубын қандай өзгерістер күтіп тұр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тұрақтылық тұғырға көтереді

2016 жылға дейін өскемендік ұжым «Восток» деп аталатын. Шетелдік бапкерлер келіп, білгенімен бөлісіп, өздері тиімді деп санаған ойын тактикасын қойды. Бірақ түптеп келгенде клубтың ішкі чемпионаттағы қадамы үнемі сәтті бола қоймады. Көп мәселе қаржыға келіп тірелген. 

Өңір футболының жанашыры, білікті бапкер Жандос Юсубалиев клубта бұған дейін неге кері кету болғанын айтып берген-ді. 

- Менің ойымша, материалдық-техникалық базаны дамытпай, нәтиже көрсету қиын. Егер клуб аяққа тұрамыз десе, жаңа стадион салу қажет. Жаттығу қыста да жалғасу үшін төбесі жабық манеж болуы керек, - деген болатын бапкер.

Осы ретте облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына бірнеше рет сауалхат жіберіп, ақпарат алдық. Мәселен, былтыр «Алтай Өскеменнің» алдында Бірінші лигаға өту межесі тұрды. Аз уақытта оған жету мүмкін емес көрінгенімен, бапкерлік құрам жоспарды толық орындады. Халықаралық тәжірибеге ие, лицензиясы бар жергілікті жаттықтырушылар тартылды. Демек қаржы жағы реттеле бастаған. Бұған жанкүйерлер де дән риза болды. 

- Қандай жағдай болса да, өз командама адал жанкүйер болып қала беремін. Жеңіспен қатар жеңіліс те бар. Бірақ қыста жаттығатын жер болмаған соң, үлкен алаңда доп тебетін кей ойыншы футзалға ауысады. Сол жерде жарақат алып қала ма деп қорқамын. Әйтпесе, өңірде таланты жастар көп, - деді команда жанкүйері Еркебұлан Ағзамов.

Фото: ШҚО әкімдігі

Футбол клубының ойындары өтетін «Восток» стадионында белсенді жанкүйерлер тобы құрылып, қыркүйек кезінде қатары молайып қалды. 

- Еститініміз жеңіс, клубтың ресми парақшасынан көретініміз әдемі голдар. Ең бастысы, командада тәртіп бар. Әр ойыннан қалмай келетіндер саны да көбейе бастады, - дейді жанкүйерлер.

Клубтың жаттықтырушысы - Жамбыл өңірінің тумасы, қазақстандық талай клубта доп теуіп, 90-шы жылдары Германияның Пройссен 07, Гёттинген 05 ұжымында ойнаған Вахид Масудов. Ол жартылай қорғаушы ретінде Қазақстан намысын да қорғап, 1986-ші жылы КСРО спорт шебері атанған. Кейін бапкер ретінде көптеген клубта тер төкті. Чемпиондар лигасында енді қарқын ала бастаған «Қайратқа» да, бірнеше жылда еңсе тіктеп үлгерген «Елімайға» да еңбегін сіңірді.

Бүгінде «Алтай Өскеменге» аялдаған. Оның жетекшілігімен футболшылар биылғы маусымда Бірінші лигада үшінші орынды иеленіп, Премьер-лигаға жолдама алды.

Биылғы бюджет қандай?

Осылайша, араға аттай 13 жыл салып, өскемендік футболшылар Қазақстандағы кіл мықты ұжымдармен ойнауға қайта мүмкіндік алды. Енді футбол стадионы салынуы қажет. Мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкей «Біздің жақта қыс ұзақ» деп жазғандай, Алтайдың климаты қатал.

Күздің соңғы айларында далада доп тебу мүмкін емес. Жергілікті клубтың жеңісі, қаржы жағынан тұрақтылықты, әрі төбесі жабық футбол стадионын салуға негіз болды. Ол туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов мәлім етті. 

Ол стадион 5000 адамға шақталмақ. Кей қалада 20-30 мыңдық стадион барын ескерсек, Өскемендегі нысан әлдеқайда шағын болғалы тұр. Неге олай? Асқар Можанов мұның себетін Шығыстың климатымен байланыстырды. Бұл төбесі жабық стадион болатындықтан жоба қыруар қаражатты қажет ететіні тағы бар. Есесіне, UEFA талаптарына толық сай келетіндей етіп салынбақ.

- Қазақстан чемпионаты елімізде наурыз айында басталады. Ал бізде көп жерде әлі қар жатады, күн де аса бір жылына қоймайды. Осы жағы ескерілді. Жер учаскесі таңдалды. Қаңтар айында есеп-қисап толықтай әзірленіп, көктемге қарай құрылыс қамына кірісеміз, - деді басқарма басшысы.

Қай спортты алсақ та, үздік нәтиже озық инфрақұрылыммен өлшенетіні белгілі. Мұны облыс билігі де түсініп отыр. Төбесі жабық футбол стадионының құрылысы біткенше, Премьер-лига матчтары «Восток» стадионында өтеді. Ондағы киім ауыстыру, жуыну бөлмелері толықтай жөндеуден өтіп, стадион маңындағы шамдар жаңартылады. Оған қоса, аталған стадион жаңартуды қажет етсе де, UEFA талаптарына сай келіп тұр. Бұл ең маңыздысы.

2026 жылғы маусымға команда бюджеті әлі келісіліп жатыр. Әзірге нақты бекітілмеген. 

- 2025 жылғы маусымда команда Бірінші лигада өнер көрсеткенде жалпы бюджет шамамен 300 млн теңгені құрады. Биыл футболшылардың орташа айлығы тәжірибесіне, командадағы рөліне және келісімшарттың жекелеген шарттарына қарай 300-500 мың теңге аралығында, - делінген Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған ақпаратта.

Екінші лигадан Бірінші лигаға өткенде клуб құрамында бірыңғай шығысқазақстандық жігіттер доп тепкен. Биыл да солай. Бір есептен, Қазақстан Бірінші лигасының регламенті шетелдік футболшылардың ойнауына рұқсат бермейді.

Фото: ШҚО әкімдігі

Клубты кімдер күшейтуі мүмкін?

Енді дайындықтың оңтайлы жүйесін құрып, команданы біртіндеп күшейту керек. Футболшылардың орташа жасы – 22-23. Вахид Масудовтың бапкер ретінде шақырылуы Премьер-лигаға шығуға дайындық стратегиясының бірі болыпты. Ол өз сөзінде өскемендік ұжыммен жұмысты бастағанда футболшылардың ойын тактикасы бірден бекітілгенін айтады.

Мұның артында шығысқазақстандық бапкерлердің біліктілігі тұр. 

- Клуб директоры Нартай Чамбилов пен спорттық директоры Алексей Шакинді ерекше атап өткім келеді. Футболшылардың өзара тілеулестігі мен ауызбіршілігі ұнайды. Әр ойынды қалт жібермей, келіп, қолдау білдіретін жанкүйерлерге зор алғыс!, - деді бас бапкер.

Еуропаның үздік ұжымдарымен кездесіп жүрген қазақстандық азулы клубтар енді Өскеменге жиі келетіндіктен маусым алдында клубты тәжірибелі ойыншылармен толықтыру жоспарда бар.

Кімдер келетіні әзірге нақтыланбады. Дегенмен басқарма басшылығы қазір жергілікті тәрбиеленушілерді даярлауға баса мән беріліп жатқанын мәлімдеді. 

Өңір жұртына футбол мейрамын әкелген Алмас Сапарғалиев, Асылбек Сейітқалиев, Сергей Хижниченко, Сэйф Попов және басқа да футболшылар клубтың жоғары дивизионда тұрақтап қалуына барын салмақ. Алға қойылған меже сондай. ТОП клубтар Өскеменге келмей тұрып, алаң сапасы жақсартылады. Қазір клуб «Восток» стадионында Премьер-лига ойындарын өткізу үшін қажетті сертификат алу жұмысын жүргізіп жатыр. 

Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда футбол клубының бапкері ауысқаны хабарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары