Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінгі Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері талқыланып, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілген еді.

Бірінші мәселе бойынша негізгі баяндаманы Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов жасады. Оның мәліметінше, 2025 жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі 32 пайызға өсті. Бұл – 1 триллион 254 млрд теңге.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Министрліктің тізімінде жүзеге асырылу жоспарланған 328 инвестициялық жоба қамтылған. Негізгі жобалардың қатарында «Ой-Қарағай» тау-шаңғы курорты, Hilton және Mandarin Oriental қонақ үй кешендері, «Жібек жолы» ойын-сауық кешені, Keruen Inn жол бойындағы сервистік объектілер желісі бар. Аталған жобаларды іске асыру туризм саласында шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, министр негізгі көрсеткіштердің өсу үрдісіне қарамастан, бұл салада әлі де бірқатар шешілмеген жүйелі мәселе бар екенін жасырған жоқ.

- Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарындағы курорттық аймақтарда сумен қамтамасыз ету және орталықтандырылған кәріз жүйесі мәселелері әлі де шешілмеген. Суды, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану мәселесіне арнайы назар аудару қажет. Бұл мәселе, әсіресе, Алакөл жағалауында аса өзекті болып тұр. Алакөл көлінің екі беттегі жағалауында да жағаны бекіту жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Абай облысындағы бірқатар демалыс базалары қауіпті жерде, оларға су тым жақындап қалған. Осыған байланысты бұл мәселені шешуді кейінге қалдыруға болмайды. Сонымен бірге Каспийдің және Жетісу облысындағы Алакөл жағажай аймақтарында судың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу керек, - деді ол.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, кейбір курорттар туристер ағынының көбеюіне дайын болмай жатыр. Бурабай курорттық аймағында маусымның қызған шағында кептеліс болады.

Фото: Сув ресурслари ва ирригация вазирлиги

Ал Балқаш көлі бағытында жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жетіспейтіні, жанармайдың тапшылығы, яғни жанармай құю станцияларында сағаттап тұратын кезектер байқалады. Барлық дерлік курорттық аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ деуге болады.

- Кей жерлерде абаттандыруға қатысты ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер де бар, дәретханалар мен қоқыс контейнерлерінің болмауы да осыған жатады. Жағажай аймақтары көбінесе жабдықталмаған және аймақтарға бөлінбеген, мұндай жағдай барлық өңірге қатысты болып тұр. Өңірлер бұл мәселенің шешілгені және жалпы саны 60 санитарлық-гигиеналық тораптың орнатылғаны туралы есеп берді. Алайда қайта тексерген кезде олардың көбі жабық болды және желілерге қосылмаған, - деді министр

Ал "Kazakh Tourism" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов елімізді халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстарына тоқталды. Оның дерегінше, өткен жылы Қазақстан 14 халықаралық туристік көрмеде таныстырылды. Барлық өңір Kazakh Tourism-мен тығыз әріптестікте жұмыс істеді. Осы жылы 12 халықаралық туристік көрмеге қатысу жоспарланып отыр.

Фото: Үкімет

Бұдан бөлек, Алматы қаласы Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, соның ішінде Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарлап отыр.

- Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады, ол мамыр айына белгіленген. Жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік шара өтеді деп күтілуде, - деді Талғат Ғазизов

Талқыланған мәселені түйіндеген Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет Аппараты туристік нысандарды жүйелі түрде тексеріп, жағдайды үнемі қадағалап отыратынын ескертті. Сонымен қатар жазғы туристік маусым басталғанға дейін министрлік пен әкімдіктер демалушыларға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тиістігін айтты.

Фото: Kazinform

Осы орайда Үкімет басшысы Туризм министрлігі, Мәдениет министрлігі, «Kazakh Tourism» компаниясы және әкімдіктерге бірге бір ай мерзімде Қазақстандағы барлық мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын әзірлеуді, Экология министрлігіне кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.

- Бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде су айдындарының жағалауындағы қорғау аймақтарына қойылған шектеулерге немесе кіруге тыйым салынуына байланысты қиындықтарға тап болады. Мысалы, аквапарк құрылысына қажетті инфрақұрылым жүргізу мүмкін емес. Бұл мәселеде барлық тарапқа қолайлы болатын шешім іздеген жөн. Су ресурстары министрлігі озық халықаралық тәжірибені зерттеп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі қажет, - деді Олжас Бектенов.

Отырыстың күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе бойынша Оқу-ағрату министрі Жұлдыз Сүлейменова негізгі баяндама жасады

- Мемлекетіміз қабылдаған жүйелі шаралар және қол жеткізілген нәтижелер «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына негіз болды. Тұжырымдама балалардың құқығын қорғаудың бірізділігін және шаралардың тиімділігін арттырады. Балалардың негізгі құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Олар: балалардың қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары, - деді ол.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Министрдің айтуынша, тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор қарастырылған, нақты іске асыру үшін 158 іс-шара жоспарланған. Мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу көзделіп отыр. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңге.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұрын тек ересектерге жасалып келген «гамма-пышақ» аппаратындағы радиохирургиялық операциялар енді балаларға да жүргізіле бастады

Жыл сайын орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетіліп отырады. Соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есе, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есе қысқарды және де бұл қадамдар балалар арасындағы мүгедектік деңгейін 11 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл елімізде протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізілетінін айтты. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты.

- Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 30 қаңтарына дейін ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындауды тапсырамын,- деді ол.

Сонымен қатар Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ақпараттық науқанды ұйымдастырып, жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалуы туралы халықты ашық әрі түсінікті жолмен хабардар етіп отыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 08:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары