Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Қарағанды облысында ауыр жарақат алған екі жасар бала комаға түсті

Қарағанды облысында ауыр жарақат алған екі жасар бала комаға түсті

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде үстіне кірпіш құлап, ауыр жарақат алған бүлдіршін әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде үстіне кірпіш құлап, ауыр жарақат алған бүлдіршін әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болған?

Қайғылы оқиға 13 сәуірде күндіз Ботақара кентінде болған. Тілшіміз баланың отбасымен байланысқа шығып, мән-жайды анықтады.

Баланың анасы Сабина Қауапованың айтуынша, сол күні отбасы Ботақараға жұмыс бабымен барған. Әйел Мәдениет үйіне аз уақытқа кіріп кеткенде, ұлы сыртта әкесімен бірге қалған.

"Әмір - отбасымыздағы жалғыз бала. Ол небәрі 2 жас 6 айда. Өзіміз Қарағандыда тұрамыз. Сол күні жұмыс бабымен аудан орталығындағы Мәдениет үйіне соққанмын. Бірнеше минуттық шаруа болатын. Мен сыртқа шығуға ыңғайлана бергенде, Әмір ғимаратқа жақындаған екен. Сол сәтте үстіне кірпіш құлап кетті", - деді ол бізге берген сұхбатында.

Соққы өте қатты болған. Бала сол мезетте есінен танып қалған.

"Еріндері көгеріп кетті, көзін жұмды да, ауырсынғаннан ыңырси бастады. Өзіміз бірден аудандық ауруханаға жеткіздік. Қазір әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда түсірілген", - дейді анасы.

Баланың жағдайы

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Бүлдіршін аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Бас сүйегі зақымданған. Дәрігерлердің айтуынша, сынған сүйектер миды қысып қалған, сондықтан сол сынықтар алып тасталды. Ота кезінде жүрегі тоқтап қалып, кейін қайта соқты. Бұл жарақаттың алдағы уақытта денсаулығына қалай әсер етері әзірге белгісіз. Дәрігерлер ешқандай болжам жасамай отыр. Бірақ біз оларға өте ризамыз, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - деді Сабина Қауапова.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін растады. Медицина мамандары МРТ және КТ сияқты қосымша тексерулер жүргізілмейінше, нақты болжам айта алмайтынын жеткізді.

Қарағандыға ауыстырмақ болған

Анасының айтуынша, бүгін баланы Қарағандыға ауыстыру жоспарланған еді, алайда денсаулығының нашарлауына байланысты тасымалдаудан уақытша бас тартқан.

"Ол қазір медикаментозды комада жатыр. Бүгін алып кетпекші болғанбыз, бірақ тыныс алуы бәсеңдеген соң тәуекелге бармауды ұйғарды", - деп түсіндірді ол.

Оқиғадан кейін отбасына әкімдік пен мәдениет мекемесінің өкілдері келген. Алайда, анасының сөзінше, әзірге нақты көмек көрсетілмеген.

"Келіп, жағдайын сұрап, көңіл айтты. Бірінші күні әкім бізге шай ұйымдастыруды өтінді, өйткені түстен кешке дейін аурухана маңынан кетпей тұрдық. Мәдениет үйінің директоры әлі күнге дейін жазып, жағдайын біліп тұрады", - дейді ол.

Қылмыстық іс

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Отбасының адвокаты Евгения Хабарова бұл жерде кешенді жауапкершілік туралы сөз болуы мүмкін екенін алға тартады.

"Бұл жағдай мұқият тергеуді ғана емес, сонымен қатар барлық жауапты тұлғалардың іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне принципті құқықтық баға беруді талап етеді", - деді ол.

Оның айтуынша, қорғау тарапы барлық қажетті сараптамалардың жүргізілуін талап етпек.

"Біз баланы және оның заңды өкілін жәбірленуші деп тануға қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Жарақаттың ауырлық дәрежесі анықталғаннан кейін моральдық зиян өндіру, емделу мен оңалту шығындары, сондай-ақ басқа де шығындарды өтеу туралы азаматтық талап арыз беріледі", - деп түсіндірді адвокат.

Сонымен қатар, Хабарованың айтуынша, тек бір ғана кінәлі адам туралы айту әлі ерте.

"Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайларда жауапкершілік кешенді сипатта болуы мүмкін. Бірақ тергеу құпиялылығына байланысты біз әзірге барлық мән-жайды аша алмаймыз", - деп толықтырды ол.

"Кінәлілердің табылуын талап етеміз"

Сонымен қатар, болған оқиғаға кімнің жауапты екені туралы сұрақ әлі ашық қалып отыр. Отбасы әділдікке қол жеткізуге ниетті.

"Мердігер банкрот болуға шақ қалыпты және оны табу мүмкін емес дейді. Бірақ менде оның компаниясы әлі де жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат бар", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Отбасы мүшелері әкімдікке де, мердігерге де қояр сұрақтары көп екенін атап өтті.

"Мұндай ғимараттар қалай тексеріледі, жөндеу жүргізілсе жұмысты кім және қалай қабылдап алады? Егер кірпіш бос тұрса, неге бақылау болмады? Біздің ұстанымымыз - кінәлілерді тауып, жазалау", - деді әйел.

Баланың анасы отбасының өтемақы талап ететінін және кінәлілердің емделу мен оңалтуға кететін барлық шығындарды өз мойнына алуына қол жеткізетінін қадап айтты. Әзірге олар баланың есін жиып, тезірек сауығып кетуін тілеп отыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 18:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see157

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары