Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қарағанды облысында Сенаттың қолдауымен Талдау мектебі жобасы жұмысын бастады

Қарағанды облысында Сенаттың қолдауымен Талдау мектебі жобасы жұмысын бастады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қарағанды облысында Парламент Сенатының қолдауымен «Талдау мектебі» жобасы жұмысын бастады.

Бұл жан-жақты білімді жергілікті сарапшыларды даярлауға арналған арнайы алаң. Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәулен Әшімбаев атқарылған жұмыспен танысып, жастарға оны ашудағы маңызын түсіндірді. Сенат спикері мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен және қоғамдық кеңес мүшелерімен де кездесті. Жиында Президент тапсырмаларын бірлесе орындау жолдары және Сенат, мәслихаттар мен сарапшылар арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді тетіктері талқыланды.

Сенат Спикері Президент бастамаларын табысты іске асыру үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ол заңдарды әзірлеу барысында мәслихаттар мен сарапшылардың қатысуы маңызды екенін айтты. Мұндай тәсіл экономикалық дамуды жеделдетіп, негізгі құжаттарды, құрылыс және цифрлық кодекстерді, сондай-ақ банктер туралы заңды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. Мәулен Әшімбаев алдағы парламенттік реформа туралы да еске салып, оның заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға және саяси өзгерістерді бірыңғай жүйеге біріктіруге бағытталғанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап бергені белгілі. Оларды сапалы, әрі уақытылы іске асыру бәріміздің маңызды міндетіміз. Жолдауда жасанды интеллектінің роліне ерекше көңіл бөлінді. Биылғы Жолдаудың тағы бір маңызды ерекшелігі - Мемлекет басшысының парламенттік реформа жүргізу туралы ұсынысы екенін білесіздер. Бұл бастама өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртып, бір палаталы парламентке көшуді көздейді. Қорытынды шешім халықтың пікірін ескере отырып, жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады. Парламенттік реформа аясында мәслихаттардың да ролі артады. Себебі сіздер халықпен тікелей жұмыс істеп келесіздер.

Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, Қарағанды облысының әлеуетін одан әрі дамыту үшін де күш біріктіру маңызды. Индустриялық өңір елдің экономикалық дамуында елеулі үлес қосып келеді. Облыста жұмыссыздық небәрі 4% шамасында, бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіш. Жаңадан 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 46 мың адам еңбекпен қамтылған. Әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Заманауи мектептер мен спорттық нысандар ашылып жатыр.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Қарағандыда қазіргі заманғы спорт кластері қалыптасуда: UEFA талаптары бойынша стадион, балалар мен жасөспірімдерге және кәсіби спортшыларға арналған бірқатар нысандар салынуда. Алты мектеп ашылды. Оның бесеуі «Келешек мектептері» жобасы бойынша. Тағы бес «Келешек мектебі» салынып жатыр. 265 білім беру нысаны 15 млрд теңгеге жөнделді. 33-і күрделі жөндеуден өтті. 

Облыста «Талдау мектебі» жобасы өз жұмысын бастады. Бұған дейін ол тек Сенат жанында ғана болса, енді алғаш рет өңірлік деңгейде қолға алынды. Жергілікті сарапшыларды даярлауға арналған арнайы алаңда жастар білімін шыңдайды. Оларға ғалымдар мен саясаткерлер дәріс береді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мектеп жұмысымен танысып, жастарға еліміздің дамуына сарапшылардың қосатын үлесі мсаңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ Букетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, ерекше балалар арасындағы бочча бойынша достық матчқа қатысты.

Қарағандыдағы 8 көмір шахтасына кезең-кезеңмен радиобайланыс және позициялау жүйесі енгізіліп жатыр. Ол шахтада «цифрлық қорғаныс» ретінде жұмыс істейді. Оның көмегімен жер астындағы әр кенші мен техника бақылауда болады. Төтенше жағдай туындаған кезде жүйе учаскені тез анықтап, құтқару қызметін жіберуге мүмкіндік береді. Көмір кәсіпорнына барған Сенат төрағасы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін позициялау жүйесінің жұмысымен танысып, арнайы байланыс көмегімен жер астындағы кеншілермен сөйлесті. Мәулен Әшімбаев өңірдегі өзге де кәсіпорындарды аралады. 

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 01:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары