Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған болып шықтым : Мейірхан Шерниязов өзінің неге сотталғанын айтты

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған болып шықтым : Мейірхан Шерниязов өзінің неге сотталғанын айтты

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қаржы пирамидасын құрды деген айыппен сотталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, “Mudarabah Capital” компаниясының қалай құрылғаны жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әртіс алдымен “Astex.kz” компаниясы туралы қалай білгенін әңгімеледі. Оның сөзінше, таныстарымен бірнеше кәсіпті жүргізу үшін “Umma brothers” компаниясы құрылған, артынан “Astex.kz” компаниясы жайлы естіген. 

“2020 жылы Әділет деген жігітпен таныстым, оның екі мейрамханасы бар еді. Мейрамханасына амбассадор керек болады, сөйтіп мейрамхананың жарнамасына кірістік. Көмекке Руслан деген кісіні шақырдық. Кейіннен маркетинг, заң және тағы басқа бөлімдерге адамдар келе бастады. Содан барлығы 15 шақты адам болып, “Umma brothers” болып істеп кеттік. Оның ішінде 7-8 жоба бар. Сөйтіп Әділеттен “Astex.kz” компаниясы туралы естідім. Мен намаздағы адам болғандықтан, ақшамды депозитке салмайтынмын. Әділет тендер арқылы жұмыс істейтін “Astex.kz” компаниясына ақша салып жатқанын, ай сайын 20% дейін пайда түсіп отыратынын айтты. Тендерден 100% дейін пайда көруге болады дегенді еститін едім, содан алғаш рет 14 сәуірде барып 9 миллион теңге салдым”, – дейді ол.

Ол аталған “Astex.kz” компаниясына алғаш рет 9 миллион теңге, ал бір жыл ішінде барлығы 40 миллион теңге салған.

“Компанияның басшыларын танымайтын едім, Әділет 1,5 жылдан бері пайда көріп жүрді, оған мен де сендім. Мен осы 9 миллионнан айына 1,8 миллион теңгеге дейін пайда көруім керек еді. Мен бұл туралы компаниядағы басқа жігіттерге айтпаған едім, алғашында Әділет екеуміз ғана білеміз деп ойлап жүрдім. Кейінірек басқа жігіттердің де бұрыннан салатынын білдім, Руслан тіпті Алматыдағы жалғыз үйін сатып, компанияға ақша салған екен”, – деді ол.

Мейірхан Шерниязов компанияның қаржы пирамидасы екеніне ешқандай күмәні болмағанын айтты.

“Өзімнің басқа да жұмыстарым болғандықтан мен компаниядан түсетін ақшаны алмайтын едім, жинала бергенін қаладым. Айына ары кетсе 300 мың теңгедей алып отырған шығармын. Бір айдан кейін Алмас Құрманғалиевпен таныстым. Астымдағы Toyota Land Cruiser көлігімді сатып, тағы 9 миллион теңге салдым. Азын-аулақ ақша түссе салып отырдым. Осылай жүріп бас-аяғы 40 миллион теңгедей ақша салыппын. Оның бәрінің құжаты бар. Ол кезде екінің бірі тендермен айналысып жүрді ғой, содан ешқандай күмән де болмапты. “Astex.kz” компаниясының негізін қалаушы ағалы-інілі Алмас пен Шыңғысты танымадым да”, – деді ол.

М. Шерниязовтың айтуынша, “Mudarabah Capital” “Astex.kz” компаниясының агенті ретінде құрылған, ал актердің міндеті жаңа жобаны халыққа таныстыру болған. Мейірхан Шерниязов компанияға халал сертификаты бар болғандықтан ғана сенгенін, егер ол болмағанда өз қаржысын ешқашан салмайтынын түсіндірді.

“Astex.kz” компаниясына ақша салып, қосымша өз жобаларыммен айналысып жүргенде бізге “Mudarabah Capital” компаниясын ашу туралы ұсыныс түсті. “Астекстің” агенті боламыз деді. Мен “Mudarabah Capital” өзге де жобалар секілді “Umma brothers” айналысып жүрген кәсіптердің бірі болады деп түсіндім. Ал “Mudarabah Capital” құрылудағы басты мақсаты “Astex.kz” салымшыларды тарту болды. Әзім екеуміздің басты қызметіміз “Mudarabah Capital” халыққа таныстыру еді. Біз компанияның құрылу мақсатын ашық айтатынбыз, оны халал бизнес ретінде таныстырдық. Бізде халал сертификат та болды, ол болмаса мен өзімнің ақшамды компанияға салмас едім. Кейінірек “Astex.kz” “Mudarabah Capital” секілді басқа да агенттері көп екені анықталды. Бірақ олардың ешқайсысы заңды түрде тіркелмеген, ал біз бәрін заңға сай істедік”, – деді ол.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары