Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қаржы ұйымындағы технологиялық түрлену

Қаржы ұйымындағы технологиялық түрлену

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жасанды интеллект технологиялық тренд қана емес, қаржы секторындағы нақты өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Цифрлық трансформация аясында дәстүрлі банктік қызмет түрлері автоматтандырылып, деректерге негізделген басқару моделіне көшу жеделдеді.

«Freedom Broker» қаржылық талдау депар­таментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтің айтуынша, жасанды интеллект инвестициялық саладағы сарапшыларды толық алмастыра ал­майды. Оның пікірінше, қор нарығы – шешім­дерді толығымен алгоритмдерге жүктеуге кел­мейтін күрделі жүйе. Себебі ол қатысу­шылардың эмоциясы мен әрекетіне тіке­лей тәуелді әрі рефлексивті сипатқа ие: инвес­тор­лардың шешімі нарықтың бағытына ті­келей әсер етеді. Сарапшы ЖИ-дің есептерді өң­деу мен деректерді жинақтап ұсыну сияқты стандартты үдерістерді автоматтандыруда тиім­ді құрал екенін мойындай отырып, ірі инвес­тициялық қоржындарды басқару ісінде адам фак­торы әлі де шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Клиент­тер алгоритмнің ғана емес, нақ­ты ма­манның кәсіби көзқарасын да көргісі келеді.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуын­ша, ІТ-саласының отандық нарықпен интеграциялану үдерісі баяғыда басталып кеткен. Бұл сегменттің қозғаушы күші – инвес­тиция. Сарапшы бәсекелестікті қолдайтынын әрі заманауи технологияларды уақытында меңгеріп, тиімді қолданғандар ғана нарықта жеңіске жететінін айтты.

Айдос Жұмағұловтың пікірінше, нарыққа жаңа ойыншылар жылдам қосылып жа­тыр. Мұндай қарқынның өзінде ең жаңа тех­нологияның өзі интеграцияның шапшаң­ды­ғына ілесе алмай қалатын жағдайлар жиі­леген. Сондықтан бүгін қандай стратегия ба­сымдыққа ие болатынын нақты болжау қиын. Бірақ өзгерістерге дер кезінде бейім­деліп, бағытын жылдам түзегендер ғана бұл үдерістен ұтатыны сөзсіз.

А.Жұмағұлов «7-20-25» мемлекеттік бағдарлама аясындағы цифрлық ипотеканы мысалға келтірді. Небәрі үш апта ішінде банк осы сегменттегі нарықтың 30%-ын иелене алды. «Қағаз құжаттары, қашықтықтағы KYC, деректер базасы және скоринг жоқ кезде цифрландыруға көшудің арқасында ұйым кредит беру мерзімін 30-60 күннен бір тәулікке дейін қысқарта алды. Мысалы, «Freedom Bank»-тегі жылжымайтын мүлікті бағалау бар-жоғы бір секундқа созылады», деді сарапшы.

Ипотекалық несиелеудегі табысты тәжі­ри­бе цифрлық автонесие мен шағын және орта бизнесті қаржыландыру сияқты өнімдерді одан әрі дамытуға негіз болды. Бұл үдерісте скоринг жүйесіндегі жасанды интеллект пен за­манауи технологиялар негізгі құралға айналып отыр. 

«Алгоритмдер клиенттің сенімділігін бағалауда дәстүрлі тәсілдерді толық алмастыра алады», деді А.Жұмағұлов.

Расында, заманауи экожүйе – пайдалану­шы­ларға бір алаңда түрлі қызметті ұсынатын ғана емес, сондай-ақ жаңа технологиялармен жабдықталған ыңғайлы инфрақұрылым. Өт­кен жылы «Freedom Bank» жан-жақты қызмет көрсететін «Freedom SuperApp» мобильді қо­сым­шасын іске қосты. Бұл платформа бір мезгілде «бір терезе» қағидаты бойынша жұ­мыс істейтін бірыңғай алаңға, холдинг өнім­дерін біріктіруге, сонымен қатар клиентпен өзара әрекеттестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын трамплинге айналды.  Қаң­тарда «Freedom Bank» айтарлықтай өсім көр­се­тіп, SuperApp арқылы 800 мыңнан астам клиент­ті тартты. А.Жұмағұловтың айтуынша,­ бір­ тәулікте жүктеу саны 73 мыңға дейін жеткен.

«Freedom Finance Insurance» басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, жасанды интеллект технологияларын енгізу ком­панияның колл-орталығы жұмысын оң­тай­ландырып, қоңыраулар ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік берген. Бастапқыда бұл бөлімде 35 қызметкер жұмыс істеп, ком­панияның нарықтағы үлесі 10 пайыз шамасында болған. Алайда бизнес ауқымының ке­ңеюіне байланысты ай сайынғы қоңырау саны 65 мыңға дейін артқан.

Сонымен қатар компания жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы тұтынушылар сұранысын тиімді реттеуге көшкен. ЖИ бірнеше сағат ішінде мыңдаған аудиожазбаны саралап, өтініштердің негізгі үш себебін анықтаған: полис рәсімдеу, оны қайта рәсімдеу (мысалы, көлік немесе жүргізуші қосу), сақтандыру төлемінің мәртебесін нақ­тылау. Осы деректер негізінде компания автоматты түрде жауап беретін дауыстық кө­мекшіні іске қосқан. 

«Алғашқы үш айда оператор қабылдайтын қоңырау көлемін 25 пайызға қысқарттық. Енді клиенттердің көп­шілігі бот арқылы қажетті ақпаратты алады, ал колл-орталық мамандары күрделі сұра­ныс­тармен айналысады», деді А.Керімбаев. 

Оның айтуынша, бұл бағытты жетілдіру жалғасады. Алдағы уақытта компания тұтыну­шылық өтініштердің жартысынан көбін жасанды интеллект көмегімен өңдеуді көздеп отыр.

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары