Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

Елімізде жеңіл электромобильдер саны көбейіп жатыр

Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз қызықты деректер

Human Capital Forum 2026: Halyk Bank қаржы секторындағы ең үздік жұмыс беруші атанды

Жетісу университетінің жас ғалымы Coursera платформасында курс әзірледі

Ислам даму банкінің қолдауымен төрт жаңа су қоймасы салынады

Астана күні: Қазақстан бойынша ХҚКО лар қай күндері жабылады?

Алматы облысында экс депутат 2,6 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Солтүстік Қазақстанда ер адам жалаңаш күйде субұрқаққа түскен

Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі дәрмекті сатып алу үш ай бұрын басталды

Кедергісіз келешек әлеуметтік теңдіктің өлшемі

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

Түркия сыртқы істер министрі: Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді

Алматының әкімі Дархан Сатыбалды Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты

Кітапхана зерделі ұлт қалыптастырудың стратегиялық орталығы

4 5 шілдедегі демалыс күндеріне арналған валюта бағамы

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қандай адам болса да алдына қойған мақсаты мен мұратына табан ақы, маңдай терімен жетеді. Мұндай адамдардың өнегелі өмір жолы халқы мен ұрпағына өшпестей мұра болары анық. Тоқсанның төріне шыққан ғалым, қайраткер Рақым Оразалиевті сондай жайсаң жандардың қатарына қоса аламыз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ел аузындағы тәмсіл сөз де осы кісіге арнап айтылғандай. Шындығы да солай сияқты. Неге десеңіз, Рақаң халықтың алдында қалтқысыз ерен еңбегімен танылған, ғылымның қия жолына өзіндік өрнегі мен қомақты қолтаңбасын қалдырған ажары ашық азамат. Бұған оның қазақтың мәртебесі мен ғылымын әлемге танытып отырған әйгілі еңбектері дәлел.

Рақым Алмабекұлының өткен өмір жолына көз жіберсек, көңілімізді көкке ұшыратын көп жайға тереңдеп қаныға түсеміз. Ол 1935 жылы Алматы облысының Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданында дүниеге келіп, мектеп бітіргеннен кейін, еліміздегі байырғы оқу орындарының бірі Қазақ ауыл шаруашылығы институтында агроном мамандығын алды. Оның ғылымға деген қабілеті сол кезде байқалып, институт директоры Әубәкір Жұматовтың жетекшілігімен селекциялық жұмыстарды меңгере бас­тады. Алайда ғылымға келмес бұрын алғашқы еңбек жолын өндірісте, яғни 1960 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Ильич атындағы кеңшарда бас аграном болып бастайды. Бұл жерде «Бастапқы еңбек жолын бірден бас аграном болып бастағаны қалай?» деген сұрақтың туындауы әбден мүмкін. Мұндай дүдәмал сауалға кейіпкеріміздің бастан өткерген өмірі айқын жауап бере алады. Ағамыз институт қабырғасында жүріп жалына жармасқан мамандығының сиқырлы сырларын бүге-шігесіне дейін меңгеру үшін барын да, жанын да салады. Әсіресе тәжірибелі ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымының үлкен білгірі Махмұт Шолтыров болашақ академиктің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Міне, осындай тілеулес адамдардың шынайы ниеттері жас маманды қанаты талмас қы­рандай қанаттандырып жіберді. Рақым Оразалиевтің қабілет қарымын көр­ген басшылар оны бір­ден шаруашылықтың бас аграномы етіп та­ғайындайды. «Сенім артсаң, сеніп арт» деген жауапкершілікті Рақым ар-ұжданы­мен арқалап, алға қарай алып жүреді.

Адамда арман деген таусылған ба? Бұдан кейін кейіпкеріміздің бүйрегі егін шаруашылығындағы селекция саласына бұра бастайды. Оның негізгі себебі де жоқ емес. Еліміздің азық-түлік өнімдеріндегі басты дақылы – бидай. Қазір Қазақстан әлем бойынша бидай экспортында алғашқы алтылықта, ал ұн экспортында бірнеше жылдан бері бірінші орында тұр. «Қазақстандық бидай» деген ұғым бүгінгі күні әлемдік брендке айналған. Бұған кең даламыздың табиғи жағдайы мен топырақ ерекшелігі жоғары сапалы өнім беруге жол ашатыны анық. Осы бағытта мол өнім мен сапалы астық ең алдымен, сорттың сапасына және оны шығарған селекционерлердің қажырлы еңбегіне тікелей байланысты.

Осыны терең түсінген Рақым Алма­бек­ұлының біржола ғылым жолына бұрылып, әлемдегі селекция саласының ең ірі орталықтарының бірі саналатын Одессадағы Бүкілодақтық селекция және генетика институтының аспирантурасына түсуге нартәуекел жасайды. 1966 жылы ағамыздың асығы алшысынан түсіп, аспирантураға қабылданады. Институтта Рақаң тек селекция ғана емес, сонымен қатар генетика, физиология, биохимия, молекулалық биология және өсімдік иммунологиясы сынды іргелі ғылымдарды меңгеріп, екінің біріне бұйыра бермейтін күрделі ғылыми ортаның ұшан-теңіз мол тәжірибесін көңіл көзі мен көкірегіне тоқыды. Әлемге әйгілі селекционер Ф.Кириченкодан тәлім мен тәрбие алды. Украинада оқып жүріп-ақ, ол күздік бидайдың жаңа сорттарын шығарумен айналысып, сорт сынау жүйесінде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Ол кезде ауылшаруашылық дақылдарының Қазақстанда шыққан сорттары өте аз болғандықтан сырттан әкелінген тұқымдар егілетін. Оның сапасы талай рет сан соқтырды. Осынау орын алған олқылықтарды жою мақсатында Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтына директоры, қоғам қайраткері Мұхаметжан Ерлепесов жас ғалымдарды селекция саласына жаппай тартып, үлкен ғылыми мектеп қалыптастырды. Ол кісі Украинада селекция ғылымының қыр-сырын меңгеріп келген Рақымға үлкен үміт артты. «Қазақ бидайының атасы» деген атаққа ие болған Рақым Оразалиевтің ғылымдағы жолы осылай басталды.

Рақым Алмабекұлының 1970 жылдан бергі еңбек белестері Қазақстан­дағы ауыл шаруашылығы ғылымы­ның ірі орталығы – Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми инс­титутымен тікелей байланысты. Кейіпкеріміз осы орталықта еңбек жолын аға ғылыми қызметкер болып бастап, бөлім меңгерушісі, Шығыс селекция орталығының меңгерушісі, инс­титут директорының орынбасары болып сатылай өсіп, 1990 жылы «Күздік бидайдың қазақстандық агроэкотиптері селекциясының биологиялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ал 1992 жылы жаңадан құрылған Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының (ҚазАҒА) академик-хатшысы болып сайланып, еліміздегі барлық слекциялық-генетикалық жұмыстарға жетекшілік жасады. Көп уақыт өтпей ағамыз Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, вице-президенті етіп сайланды. Бұл жылдарда тәуелсіз қазақ елінің аграрлық ғылымының іргетасы қаланып, жаңа ғылыми орталықтар ашылып, сала қар­қынды даму жолына түсті. Бидай, бұршақ, азықтық өсімдіктер, дәрілік шөп­тер селекциясы оңтайлы жолға қойы­лып, республиканың әртүрлі эколо­гия­лық аймақтарында селекциялық тірек пункттері ашылды. Жаңадан келген жас кадрларды даярлау ісі қызу қолға алынып, селекция мектебі қалыптасты. Осы келелі істің бәрінің басы-қасында бағыт-бағдар сілтеп, Оразалиев жүрді.

Рақым Алмабекұлы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтын басқарған жылдарда (1995–2003) институтта агроэкология, егістік дақылдарының генбанкін құру, дәрілік шөптер коллекциясын зерттеу сияқты жаңа тұрғыдағы ғылыми бағыттарды дамыту жұмыстары қарқынды дамыды. Түйіндеп айтар болсақ, институт өсімдіктің жаңа сорттары мен будандарын енгізуде бұрын-соңды болмаған татымды табыстарға қол жеткізеді. Институт Жапонияның халықаралық ауылшаруашылық ғылыми зерттеу орталығы (JIRCAS), бидай мен жүгеріні жақсарту жөніндегі халықаралық орталық (CIMMYT) секілді халықаралық байланыстар жасауға қол жеткізеді. 1998 жылы институтқа әлемге танымал селекционер, «Жасыл революцияның» авторы, Нобель сыйлығының лауреаты Норман Борлаут келіп, институттың тыныс-тіршілігімен танысып, ғылыми ізденістерге көңілі марқайып, Рақым Алмабекұлына дән риза болып қайтты.

Рақым Алмабекұлы бүгінге дейін әріптестері мен шәкірттерімен бірге дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың
290-нан астам сортын шығарып, оның 160-ы Қазақстан, Орталық Азия және Ресей елдерінің өндірісінде пайдаланылып келеді.

Осындай еңбектерінің арқасында кейіпкеріміз 1992 жылы Украина аграрлық ғылым академиясының шетелдік мүшесі, 1998 жылы Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар ағамыз Ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті қызметін атқара жүріп, АӨК-ті дамытудың 1995–2000 жылдарға арналған Тұжырымдама бағдарламасын әзірлегенін, Қазақстан аймақтарында АӨК саласындағы ғылыми күштерді шоғырландыруға арналған жаңа ғылыми-өндірістік орталықтарды ұйымдастырғанын ел ұмыта қойған жоқ.

Қысқарта айтқанда, академик ғалым­ның көз майын тауысып жазған ғылыми еңбектері ұрпақ кәдесіне жарап келеді. Ол 750-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 22 монографияның, ондаған па­тент пен авторлық куәліктің авторы. Сон­дай-ақ Рақым Алмабекұлы жетекшілі­гі­мен 69 ғалым ғылыми диссертация қор­ғады. Осылай еліне еңбегін арнаған Рақым Оразалиев абырой­мен абыз жасына көтерілді. Ғалымдығымен қоса қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін, тілі мен ділін, әдет-ғұрпын, салт-санасын жасампаздық тұрғысынан жаңғыртуда да жанын сала үлес қосып келе жатқан ақсақалға зейнет көруді тілейміз.

Әйіп Ысқақов,

академик

Қанат Тәкебаев,

журналист

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

03 Шілде 2026 22:05see113

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

03 Шілде 2026 22:30see112

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

03 Шілде 2026 21:21see110

Елімізде жеңіл электромобильдер саны көбейіп жатыр

03 Шілде 2026 22:04see110

Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз қызықты деректер

03 Шілде 2026 21:25see109

Human Capital Forum 2026: Halyk Bank қаржы секторындағы ең үздік жұмыс беруші атанды

03 Шілде 2026 22:03see109

Жетісу университетінің жас ғалымы Coursera платформасында курс әзірледі

03 Шілде 2026 22:06see109

Ислам даму банкінің қолдауымен төрт жаңа су қоймасы салынады

03 Шілде 2026 21:27see108

Астана күні: Қазақстан бойынша ХҚКО лар қай күндері жабылады?

04 Шілде 2026 02:35see108

Алматы облысында экс депутат 2,6 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

03 Шілде 2026 21:58see108

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

04 Шілде 2026 17:53see108

Солтүстік Қазақстанда ер адам жалаңаш күйде субұрқаққа түскен

03 Шілде 2026 22:09see108

Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі дәрмекті сатып алу үш ай бұрын басталды

03 Шілде 2026 21:35see107

Кедергісіз келешек әлеуметтік теңдіктің өлшемі

03 Шілде 2026 21:57see107

Жиырма бір мың жас сапқа тұрды

04 Шілде 2026 08:45see107

Түркия сыртқы істер министрі: Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім

03 Шілде 2026 21:27see107

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді

03 Шілде 2026 22:25see106

Алматының әкімі Дархан Сатыбалды Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты

03 Шілде 2026 22:05see106

Кітапхана зерделі ұлт қалыптастырудың стратегиялық орталығы

04 Шілде 2026 05:03see106

4 5 шілдедегі демалыс күндеріне арналған валюта бағамы

03 Шілде 2026 21:20see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары