Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Қазақстанда алғаш рет: Астанада шорт тректен әлем кубогінің кезеңі басталды

Қазақстанда алғаш рет: Астанада шорт тректен әлем кубогінің кезеңі басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

7 қарашада Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің кезеңі басталды. Мұндай деңгейдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл сериялық турнирлер жақында ғана өткізіле бастады. Алғашқы жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі 2023 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді.

Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді.

Бірінші кезең 7-9 қараша аралығында, ал екінші кезең 13–15 қараша күндері елордамыздағы «Алау» мұз сарайында ұйымдастырылады.

Бірінші кезеңге әлемнің 22 елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Аустралия, Канада, Қытай, Франция, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Германия, Индонезия, Гонконг, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Италия, Жаңа Зеландия, Польша, Швейцария, Тайбэй және Нидерланд спортшылары бақ сынайды.

Ересектер арасындағы секілді, жасөспірімдер санатында да әлем кубогінің рейтингі бар. Қорытынды ұпайлар барлық кезең нәтижесіне қарай есептеледі.

Айта кетсек, өткен маусымда қазақстандық Богдан Вехов үздік үштікке енген еді. Ол 1000 метр қашықтықта үшінші орын алған болатын.

Сондай-ақ ерлер эстафетасында Қазақстан құрамасы алтыншы, әйелдер және аралас эстафетада да алтыншы және бесінші орындарды иеленді.

Биыл да Богдан Вехов жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінда ел намысын қорғайды. Сонымен қатар құрамға 2024 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Полина Омельчук та енді.

Қазақстан құрамасының толық тізімі төмендегідей:

- Полина Омельчук

- Анастасия Галечина

- Райана Манарбекова

- Нұрия Алпысбай

- Гүлдана Жалмұхан

- Асылхан Қасымбек

- Мадияр Мадихов

- Павел Цой

- Богдан Вехов

- Тамирлан Жолдас

Айта кетсек, Астанадағы жарыста 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында (ұлдар мен қыздар арасында), сондай-ақ ерлер, әйелдер және аралас командалық эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 22:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see130

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see125

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see118

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары