Қазақстанда ел тарихы мен мәдениетіне арналған үстел ойыны жасалды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстанда оқушылар мен жастардың ел тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру мақсатында «Uly Dala Joly: Ұлы Дала Тарихы» үстел ойыны жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталмыш жобаның авторы, «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша шағын грант иегері, Тараз қаласының тұрғыны – Ақарыс Әуесхан.
«Бір күні достарыммен «Монополия» ойнап отырып, Қазақстанның тарихи орындарына арналған осындай ойын жасасақ қалай болар екен деп ойладым. «Uly Dala Joly: Ұлы Дала Тарихы» ойынының идеясы осылай пайда болды. Басты мақсатым – қазақ тіліндегі үстел ойындарының санын көбейтіп қана қоймай, жастарға еліміздің тарихын қызықты әрі түсінікті етіп жеткізу», – дейді жоба авторы.
Ойынды әзірлеу барысында тарихшы ғалымдардың кеңестері ескерілді. Ол 8 жастан асқан 2-6 адамға арналған.
Жоба аясында ойынның 15 жиынтығы шығарылып, Астана, Қарағанды және Тараз қалаларында сынақтан өтті.
Ойын жиынтықтары білім беру мекемелеріне, жастар және волонтерлік ұйымдарға берілді. Алдағы уақытта жоба авторы ойынның таралымын көбейтуді жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















