Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қазақстанда сүт өндіретін ең жоғары технологиялы зауыт ашылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Петропавлда орналасқан Eurasian Milk зауыты толық қуатына шығуға дайын. Барлық бөлімшелері мен қызметтері іске қосылғаннан кейін, бұл кәсіпорын Қазақстандағы сүт өңдеу саласындағы ең ірі және ең жоғары технологиялы зауыт болады. Зауыттың орналасқан жері де тарихи мәнге ие — дәл осы жерде 1928 жылы алғашқы сүт кәсіпорны ашылған. Жоба пандемия кезінде басталғанына қарамастан, қысқа мерзім ішінде жобалау, құрылыс және іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Еуропаның жетекші компанияларынан заманауи өндірістік желілер әкелініп, орнатылып, іске қосылды. Олар өнім сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, Қазақстанда бұрын болмаған қуатты өндірістік кешен құрылды. Кәсіпорын жыл соңына дейін тәулігіне 350 тоннаға дейін сүт өңдей алады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі кезеңде зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна терең өңделген дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Соның ішінде: 7 мың тонна ірімшік, 12 мың тонна сары май, 12 мың тонна қоюлатылған сүт, 20 мың тонна сарысу концентраты мен қышқыл сүт өнімдері өндіріледі. 

Кәсіпорында қазір күрделі жаңа өнім түрлері – қатты және жұмсақ ірімшіктерді шығару жолға қойылып жатыр. Ал алдағы жоспарларда – денсаулыққа пайдалы және спорттық тағамдар, сүзбе, әртүрлі қышқыл сүт өнімдері мен басқа да өнімдердің желілерін іске қосу бар.

«Жоғары сапалы сүт өнімдерін шығаратын зауыт ашу – бұл қазақстандық нарықты дерлік жаулап алған беларусь компанияларына біздің жауабымыз», – дейді «Eurasian Milk» ЖШС бас директоры Андрей Гриценко. 

«Біз олармен тек өндірісті ұлғайту арқылы ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендету, дәм сапасын арттыру және ассортиментті кеңейту арқылы да бәсекелесеміз деп отырмыз. Мұндай ауқымды жобаны іске асыру – бүкіл саланы дамытуға және Қазақстан нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыруға жасалған үлкен қадам», – деп атап өтті ол.

Бүгінде отандық дүкендердің сөрелерін негізінен импорттық тауарлар жаулап алған. Ал жергілікті өндіріс шетелдік өнімдермен тең емес бәсекеде төтеп бере алмай, біртіндеп қысқарып, тіпті жоғалып кетіп жатыр. Eurasian Milk кәсіпорнындағылардың айтуынша, біздің елде импортқа қарсы тұрып, сәтті жұмыс істеу үшін өндірушілерге орасан инвестиция салып, күрделі заманауи технологияларды іске қосып, оларды толық ретке келтіру қажет. Сонымен қатар кадрларды нөлден бастап даярлау, еуропалық жетекші тәжірибені жергілікті мамандарға беру, фермерлермен байланыс орнатып, оларды оқыту қажет. Яғни бұл – үлкен тәуекелді талап ететін ауқымды жұмыс. Қазіргі жағдайда мұндай тәуекелге барып, осындай көлемді міндеттерді мойнына алуға көп компания дайын емес. Ал Eurasian Milk болса, бұл мәселелерді шешу үшін қазірдің өзінде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 

Сүт өнеркәсібіндегі соңғы жылдардағы ең ірі жобалардың біріне салынған бұл инвестиция инвесторлардың елдегі ішкі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сенім білдіретінін көрсетеді. Сондай-ақ Президент қойған – ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайту міндеті мемлекет пен бизнес күш біріктірген кезде жүзеге асатынына деген сенімді дәлелдейді.

Eurasian Foods Corporation холдингі (Eurasian Milk осы холдингтің құрамына кіреді) өнім сапасы жоғары болып, алғашқы кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, Қазақстандағы өндірістің болашағы зор деп есептейді. Компанияның заманауи өндіріс құруға қажетті тәжірибесі де, технологиясы да бар. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыруға 70 миллион доллар инвестиция салынған.

Eurasian Milk-тегі барлық өндірістік желілер мен қосалқы жабдықтарда швейцариялық технологиялық қолдау қамтамасыз етіледі. Компания қызметкерлерді осы күрделі жабдықпен жұмыс істеуге оқытып, олардың біліктілігін арттырады, кәсіби өсуіне жағдай жасайды. Өндіріс ұлғайған сайын жаңа жұмыс орындары ашылады. Зауыттың толық штаттық құрамы – 415 адам.

Соңғы жылдары экономикалық байланыстардың өзгеруі салдарынан еуропалық жабдық айтарлықтай қымбаттады, ал оны дайындау мерзімі едәуір ұзарды. Бұл жобаның бастапқы кезеңін одан әрі күрделендірді. Соған қарамастан, қазіргі таңда 6000 шаршы метр өндірістік корпус толық салынды, қосалқы өндіріс үшін инженерлік және технологиялық жабдықтар дайындалды, кадрлық құрам жасақталды.

Сарапшылардың дерегінше, Қазақстанда сары май өндірісіндегі отандық үлес бүгінде 33%-дан аспайды, ал 67% өнім – импорт. Ірімшік сегментінде жағдай одан да қиын: нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі 10%-дан төмен. Қоюлатылған сүт категориясында импорттың үлесі дерлік 100%.

Петропавлдағы кәсіпорынның іске қосылуы осы өнім түрлері мен басқа да бағыттарда импортты алмастыруға нақты серпін беріп, қазақстандықтарға терең өңделген, жоғары сапалы отандық сүт өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кәсіпорын экспорттық әлеуетін де дамытуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде өнімдер Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Моңғолияға экспортталуда.

«Жаңартылған жаңа кәсіпорынның ашылуы – әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның азық-түлік саласы өсіп келе жатқанын көрсетеді. Еуропалық стандарттағы сүт өнімдерін шығаратын өңдеу кешенінің пайда болуы – көп жыл бойы көзделген отандық өндірістің деңгейі. Eurasian Milk зауытының іске қосылуы Қазақстан мен шетел нарықтарында позициямзды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Андрей Гриценко.

Eurasian Milk өңірде фермерліктің дамуына да негіз болады. Қазақстанда сүт өңдеу саласының өсуіне өндірістік өңдеуге жарамды сапалы сүттің тапшылығы кедергі екені жасырын емес. Ал ірі зауытсыз сүт өндірісін дамыту мүмкін емес, өйткені фермерлерде өнімін тұрақты әрі ақылы түрде өткізу кепілдігі болуы қажет.

Eurasian Milk өкілдерінің пікірінше, қазақстандық фермерлердің әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған. Елдегі азық-түлік нарығын қазір көрші мемлекеттердің ірі тамақ өндірістері бақылап отыр. Оларда ауқымды өндіріс, мықты шикізат базасы және көпжылдық тәжірибе бар. Ал отандық өндірушілерге импортпен тең дәрежеде бәсекелесіп, тіпті жеңіп шығу міндеті тұр. Басты буын – заманауи өндіріс – қазірдің өзінде құрылды және әрі қарай дамытылады. Ендігі ең маңызды міндет – қазақстандық өнімді нарыққа тұрақты шығару. Бұл оңай емес, өйткені сауда желілерінің сөрелерін импорт өнімдері берік иеленіп алған. Сондықтан бұл мәселені шешуде мемлекет те, бизнес те бірге әрекет етуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей: «Үкімет еуразиялық сауданы дамытуда әділ жағдайларды талап ете білуі керек, ал депутаттар отандық өндірушілерді заңнамалық бастамалар арқылы қорғауы тиіс».

Сондай-ақ өндіріс пен фермерлер арасындағы үйлесімді әрі бірлескен жұмыс та аса маңызды. Өз тарапынан Eurasian Milk бұл бағытта белсенді түрде жұмыс істеп жатыр: көптеген жеткізушілерді тарту арқылы және Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісі бойынша кластер құруды қолға алуда. Қазірдің өзінде компания фермерлерге тікелей қаржылай қолдау көрсетіп, мал азығын өсіру, табынды басқару сияқты бағыттарда заманауи технологияларды енгізу бойынша бірге жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар фермерлер үшін еуропалық мамандар – ветеринарлар, агрономдар және азықтандыру технологтары қатысатын тегін офлайн консультациялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Олар отандық мал шаруашылығына тиімді азықтандыру рациондарын жасап, жануарлардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.

«Сүт өңдеу саласын дамытудың ең күрделі бөлігі – дәл осы өңдеу кезеңі. Өйткені ол үлкен инвестицияны, заманауи технологияларды және жоғары білікті мамандарды талап етеді. Сонымен қатар өзін-өзі өтеу мерзімі ұзақ, дәмді әрі сапалы өнімнің тұрақты өндірісін жолға қою, бүкіл өндіріс бойынша білікті кадрлар даярлау, ең бастысы – сауда белгісін қалыптастырып, отандық сөрелерден импортты ығыстыру қажет. Солтүстік Қазақстан облысында қуатты жаңа кәсіпорынның ашылуымен осы күрделі және ұзақ жолдың алғашқы кезеңі еңсерілді. Енді дәл сондай маңызды серпіліс сүтті мал шаруашылығы саласында да болуы керек», – деп атап өтті Андрей Гриценко.

Қазақстанда сүт өндірісінің жаңа көшбасшысы пайда болады: Eurasian Milk толық қуатында жұмыс істеуге дайын

Петропавл қаласы, 13 қазан 2025 жыл. Петропавлда орналасқан Eurasian Milk зауыты толық қуатына шығуға дайын. Барлық бөлімшелері мен қызметтері іске қосылғаннан кейін, бұл кәсіпорын Қазақстандағы сүт өңдеу саласындағы ең ірі және ең жоғары технологиялы зауыт болады. Жаңа зауыт швейцариялық технология бойынша дайындалған түрлі сүт өнімдерін шығарып, отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ете отырып, Ресей мен Беларусьтен әкелінетін импорттық тауарларға лайықты бәсеке ұсынады. Бұл жобаның іске қосылуы – елдің солтүстігінде заманауи агроөнеркәсіптік кешен қалыптастырудың соңғы кезеңі. Бұл қадам Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңдеу саласын дамыту міндеттерімен толық үндеседі.

Зауыттың орналасқан жері де тарихи мәнге ие — дәл осы жерде 1928 жылы алғашқы сүт кәсіпорны ашылған. Жоба пандемия кезінде басталғанына қарамастан, қысқа мерзім ішінде жобалау, құрылыс және іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Еуропаның жетекші компанияларынан заманауи өндірістік желілер әкелініп, орнатылып, іске қосылды. Олар өнім сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, Қазақстанда бұрын болмаған қуатты өндірістік кешен құрылды. Кәсіпорын жыл соңына дейін тәулігіне 350 тоннаға дейін сүт өңдей алады.

Қазіргі кезеңде зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна терең өңделген дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Соның ішінде: 7 мың тонна ірімшік, 12 мың тонна сары май, 12 мың тонна қоюлатылған сүт, 20 мың тонна сарысу концентраты мен қышқыл сүт өнімдері өндіріледі. 

Кәсіпорында қазір күрделі жаңа өнім түрлері – қатты және жұмсақ ірімшіктерді шығару жолға қойылып жатыр. Ал алдағы жоспарларда – денсаулыққа пайдалы және спорттық тағамдар, сүзбе, әртүрлі қышқыл сүт өнімдері мен басқа да өнімдердің желілерін іске қосу бар.

«Жоғары сапалы сүт өнімдерін шығаратын зауыт ашу – бұл қазақстандық нарықты дерлік жаулап алған беларусь компанияларына біздің жауабымыз», – дейді «Eurasian Milk» ЖШС бас директоры Андрей Гриценко. 

«Біз олармен тек өндірісті ұлғайту арқылы ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендету, дәм сапасын арттыру және ассортиментті кеңейту арқылы да бәсекелесеміз деп отырмыз. Мұндай ауқымды жобаны іске асыру – бүкіл саланы дамытуға және Қазақстан нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыруға жасалған үлкен қадам», – деп атап өтті ол.

Бүгінде отандық дүкендердің сөрелерін негізінен импорттық тауарлар жаулап алған. Ал жергілікті өндіріс шетелдік өнімдермен тең емес бәсекеде төтеп бере алмай, біртіндеп қысқарып, тіпті жоғалып кетіп жатыр. Eurasian Milk кәсіпорнындағылардың айтуынша, біздің елде импортқа қарсы тұрып, сәтті жұмыс істеу үшін өндірушілерге орасан инвестиция салып, күрделі заманауи технологияларды іске қосып, оларды толық ретке келтіру қажет. Сонымен қатар кадрларды нөлден бастап даярлау, еуропалық жетекші тәжірибені жергілікті мамандарға беру, фермерлермен байланыс орнатып, оларды оқыту қажет. Яғни бұл – үлкен тәуекелді талап ететін ауқымды жұмыс. Қазіргі жағдайда мұндай тәуекелге барып, осындай көлемді міндеттерді мойнына алуға көп компания дайын емес. Ал Eurasian Milk болса, бұл мәселелерді шешу үшін қазірдің өзінде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 

Сүт өнеркәсібіндегі соңғы жылдардағы ең ірі жобалардың біріне салынған бұл инвестиция инвесторлардың елдегі ішкі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сенім білдіретінін көрсетеді. Сондай-ақ Президент қойған – ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайту міндеті мемлекет пен бизнес күш біріктірген кезде жүзеге асатынына деген сенімді дәлелдейді.

Eurasian Foods Corporation холдингі (Eurasian Milk осы холдингтің құрамына кіреді) өнім сапасы жоғары болып, алғашқы кезеңде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, Қазақстандағы өндірістің болашағы зор деп есептейді. Компанияның заманауи өндіріс құруға қажетті тәжірибесі де, технологиясы да бар. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыруға 70 миллион доллар инвестиция салынған.

Eurasian Milk-тегі барлық өндірістік желілер мен қосалқы жабдықтарда швейцариялық технологиялық қолдау қамтамасыз етіледі. Компания қызметкерлерді осы күрделі жабдықпен жұмыс істеуге оқытып, олардың біліктілігін арттырады, кәсіби өсуіне жағдай жасайды. Өндіріс ұлғайған сайын жаңа жұмыс орындары ашылады. Зауыттың толық штаттық құрамы – 415 адам.

Соңғы жылдары экономикалық байланыстардың өзгеруі салдарынан еуропалық жабдық айтарлықтай қымбаттады, ал оны дайындау мерзімі едәуір ұзарды. Бұл жобаның бастапқы кезеңін одан әрі күрделендірді. Соған қарамастан, қазіргі таңда 6000 шаршы метр өндірістік корпус толық салынды, қосалқы өндіріс үшін инженерлік және технологиялық жабдықтар дайындалды, кадрлық құрам жасақталды.

Сарапшылардың дерегінше, Қазақстанда сары май өндірісіндегі отандық үлес бүгінде 33%-дан аспайды, ал 67% өнім – импорт. Ірімшік сегментінде жағдай одан да қиын: нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі 10%-дан төмен. Қоюлатылған сүт категориясында импорттың үлесі дерлік 100%.

Петропавлдағы кәсіпорынның іске қосылуы осы өнім түрлері мен басқа да бағыттарда импортты алмастыруға нақты серпін беріп, қазақстандықтарға терең өңделген, жоғары сапалы отандық сүт өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кәсіпорын экспорттық әлеуетін де дамытуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде өнімдер Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Моңғолияға экспортталуда.

«Жаңартылған жаңа кәсіпорынның ашылуы – әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанның азық-түлік саласы өсіп келе жатқанын көрсетеді. Еуропалық стандарттағы сүт өнімдерін шығаратын өңдеу кешенінің пайда болуы – көп жыл бойы көзделген отандық өндірістің деңгейі. Eurasian Milk зауытының іске қосылуы Қазақстан мен шетел нарықтарында позициямзды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Андрей Гриценко.

Eurasian Milk өңірде фермерліктің дамуына да негіз болады. Қазақстанда сүт өңдеу саласының өсуіне өндірістік өңдеуге жарамды сапалы сүттің тапшылығы кедергі екені жасырын емес. Ал ірі зауытсыз сүт өндірісін дамыту мүмкін емес, өйткені фермерлерде өнімін тұрақты әрі ақылы түрде өткізу кепілдігі болуы қажет.

Eurasian Milk өкілдерінің пікірінше, қазақстандық фермерлердің әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған. Елдегі азық-түлік нарығын қазір көрші мемлекеттердің ірі тамақ өндірістері бақылап отыр. Оларда ауқымды өндіріс, мықты шикізат базасы және көпжылдық тәжірибе бар. Ал отандық өндірушілерге импортпен тең дәрежеде бәсекелесіп, тіпті жеңіп шығу міндеті тұр. Басты буын – заманауи өндіріс – қазірдің өзінде құрылды және әрі қарай дамытылады. Ендігі ең маңызды міндет – қазақстандық өнімді нарыққа тұрақты шығару. Бұл оңай емес, өйткені сауда желілерінің сөрелерін импорт өнімдері берік иеленіп алған. Сондықтан бұл мәселені шешуде мемлекет те, бизнес те бірге әрекет етуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей: «Үкімет еуразиялық сауданы дамытуда әділ жағдайларды талап ете білуі керек, ал депутаттар отандық өндірушілерді заңнамалық бастамалар арқылы қорғауы тиіс».

Сондай-ақ өндіріс пен фермерлер арасындағы үйлесімді әрі бірлескен жұмыс та аса маңызды. Өз тарапынан Eurasian Milk бұл бағытта белсенді түрде жұмыс істеп жатыр: көптеген жеткізушілерді тарту арқылы және Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісі бойынша кластер құруды қолға алуда. Қазірдің өзінде компания фермерлерге тікелей қаржылай қолдау көрсетіп, мал азығын өсіру, табынды басқару сияқты бағыттарда заманауи технологияларды енгізу бойынша бірге жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар фермерлер үшін еуропалық мамандар – ветеринарлар, агрономдар және азықтандыру технологтары қатысатын тегін офлайн консультациялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Олар отандық мал шаруашылығына тиімді азықтандыру рациондарын жасап, жануарлардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.

«Сүт өңдеу саласын дамытудың ең күрделі бөлігі – дәл осы өңдеу кезеңі. Өйткені ол үлкен инвестицияны, заманауи технологияларды және жоғары білікті мамандарды талап етеді. Сонымен қатар өзін-өзі өтеу мерзімі ұзақ, дәмді әрі сапалы өнімнің тұрақты өндірісін жолға қою, бүкіл өндіріс бойынша білікті кадрлар даярлау, ең бастысы – сауда белгісін қалыптастырып, отандық сөрелерден импортты ығыстыру қажет. Солтүстік Қазақстан облысында қуатты жаңа кәсіпорынның ашылуымен осы күрделі және ұзақ жолдың алғашқы кезеңі еңсерілді. Енді дәл сондай маңызды серпіліс сүтті мал шаруашылығы саласында да болуы керек», – деп атап өтті Андрей Гриценко.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 12:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары