Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

Қазақстандағы салықтық айыппұлдар бойынша амнистия кімнің берешегі кешіріледі, ал кімдікі жоқ

Қазақстандағы салықтық айыппұлдар бойынша амнистия кімнің берешегі кешіріледі, ал кімдікі жоқ

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда әкімшілік амнистия аясында мемлекеттік кірістер органдары салған төленбеген айыппұлдардың бір бөлігі кешіріледі. Алайда бұл шара барлық заңбұзушылық пен азаматтардың барлық санатына бірдей қолданылмайды. Толығырақ мемлекеттік кірістер комитеті заң басқармасының басшысы Диас Ахметов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, амнистия Қазақстан азаматтарына, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға - нотариустарға, адвокаттарға, заң кеңесшілері мен жеке сот орындаушыларына қолданылады.

Бұл ретте ол заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты болмайды.

Амнистия салық органдары, соның ішінде салық салу және кеден ісі саласында салған әкімшілік айыппұлдарға қатысты.

"Заң күшіне енгенге дейін шығарылған әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған барлық қаулы амнистияға ілігеді. Егер айыппұл ішінара төленген болса, қалған сома да есептен шығарылады", - деп түсіндірді Ахметов әкімшілік амнистияға арналған тікелей эфирде.

Ол биылғы 3 шілдеге дейін салық айыппұлын төлемегендердің барлығы амнистиядан үміткер бола алатынын айтты. Ахметовтің сөзінше, мұндай айыппұлдар бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады. Егер өндіріп алумен мемлекеттік кірістер органдары айналысқан болса, олар да қаулыны мәжбүрлі түрде орындатуды тоқтатады.

Қандай айыппұл кешірілмейді?

Амнистия келесі айыппұлдарға қолданылмайды:

сот тағайындаған; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 275, 277 және 278-баптары бойынша.

Бұл жерде күрделі салықтық заңбұзушылықтар туралы сөз болып отыр:

салық салу объектілерін немесе мүлікті жасыру; салықтық міндеттемелерді орындаудан жалтару; салық сомасын кемітіп көрсету.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі бұл заңбұзушылықтар салық төлеуге қатысты конституциялық міндетті орындаумен тікелей байланысты болғандықтан, олар бойынша жауапкершіліктен босату қарастырылмағанын түсіндірді

Сонымен қатар 278-бап ("Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын кемітіп көрсету") бойынша айыппұлдар 2026 жылдың басынан бері микро және шағын бизнес субъектілері үшін әрекет ететін "Таза парақ" акциясы аясында есептен шығарылған болатын. Акция шарттары бойынша, берешектің негізгі сомасын өтеген кәсіпкерлердің есептелген өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілді.

МКК деректеріне сәйкес, 2026 жылдың сәуіріне қарай акцияға қатысушылар 13 миллиард теңгеге жуық негізгі салық қарызын өтеген, ал мемлекет 4,9 миллиард теңгенің айыппұлдары мен өсімпұлдарын кешірген. Сондықтан бұл заңбұзушылықтарды әкімшілік амнистияға қайта қоспау туралы шешім қабылданды.

Алғашқы әкімшілік амнистия

1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия туралы заңға қол қойды. Заңның жеке нормасымен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия қарастырылған.

Әкімшілік айыппұлдардан мыналар босатылады:

Қазақстан азаматтары; жеке кәсіпкерлер; нотариустар; адвокаттар; жеке сот орындаушылары; заң кеңесшілері.

Бұл жерде заң күшіне енген сәтте орындалмаған және уәкілетті органдардың құзыретіне жататын айыппұлдар туралы сөз болып отыр.

Бұл ретте рақымшылық мыналарға қолданылмайды:

соттар салған айыппұлдар; азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған әкімшілік амнистия Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан астам бабында көзделген құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатады.

ІІМ мәліметінше, тек ішкі істер органдары қарайтын құқықбұзушылықтар бойынша 17 миллиард теңгеден астам сома болатын 1 миллионға жуық айыппұл амнистияға ілігеді.

"Амнистия азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға септігін тигізеді. Бұл ретте әкімшілік амнистия аса өрескел құқықбұзушылық жасаған, соның ішінде қару мен есірткінің заңсыз айналымына, жол жүру ережелерін бұзуға (көлік құралын мас күйінде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар) қатысы бар адамдарға, сондай-ақ құқықбұзушылықты қайталап жасағандарға қолданылмайды", - деп атап өтті ІІМ.

Бұған дейін амнистия кімдерге қатысты болатыны, қандай айыппұлдарды автоматты түрде кешіру жоспарланып отырғаны, Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайрат жаза мерзімінің қысқаруынан үміткер бола алатын-алмайтыны, сондай-ақ неге билік амнистияны дәл қазір өткізуге шешім қабылдағаны туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 17:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see109

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

08 Қазан 2026 13:35see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары