Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстандағы суару жүйесін жаңғыртуға грант бөлінеді

Қазақстандағы суару жүйесін жаңғыртуға грант бөлінеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстандағы суару жүйесін жаңғыртуға Еуразиялық даму банкі 5,3 млн доллар көлемінде грант бөледі, деп хабарлайды 24KZ. Өткен аптада Су ресурстары және ирригация министрлігі БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен Еуразиялық даму банкі үшжақты келісімге қол қойды. Соған сәйкес елдегі ирригация желісі жаңартылып, тіршілік нәрі үнемделмек.

Елдегі ирригация жүйесін жаңғыртуға серпін беретін жоба бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішінде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру, су қорына нақты болжам жасап, ресурсты тиімді тарату. Өңірлерде заманауи ирригация орталықтарын қалыптастыру, мамандардың біліктілігін арттыру және Кендірлік су қоймасының құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлеу.

Марғұлан Әбдіров, ЕАДБ көлік, өнеркәсіп және инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директоры:

- Бұл жоба халықаралық тәжірибе, мемлекеттік қолдау мен шаруалардың қажеттілігін өтеудегі ықпалдастықтың тұрақты моделін қалыптастырады. Яғни мақсатымызға қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қол жеткізуге жағдай жасалады. Алдағы уақытта оның жемісін фермерлердің алқаптарынан көреміз. БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы, жобаны басқаратын комитет, заманауи ирригация орталығы мен жергілікті шаруалар тікелей араласып, осы жобаны бірлесе жүзеге асырамыз.  

Иә, ирригация жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – суды кемінде 30%-ке дейін үнемдеу. Бұл ретте суару арналарын тездетіп цифрландыру маңызды.

Ардақ Сейіт, ҚР СРИМ Цифрландыру департаменті Су шаруашылығын цифрландыру басқармасының жетекшісі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір елдегі су арналарының 3,5 мың шақырымын цифрландыру қолға алынды. Енді осы іске Еуразиялық даму банкінің гранттық қаражаты тартылады. Ең алдымен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарындағы су арналары цифрландырылмақ. 

Қомақты қаражат су қорына цифрлық диагностика жүргізіп, жабдықтарды жаңартуға жұмсалмақ. «Бұл су қорын басқаруды анағұрлым жеңілдете түспек», – дейді сарапшы Бекнұр Кисиев.

Бекнұр Кисиев, су мәселесі жөнінен сарапшы:

- Су ресурстарын басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесі құрылса, өзен суларының ағысын, ондағы судың көлемін, су қоймаларын толтыруға қажетті ресурсты толық бағамдаймыз. Өйткені қазіргі таңда біз тікұшақпен шолу жасап қана өзен-көлдегі су көлемін шамалап жүрміз. Ал заманауи ақпараттық жүйе судың секунд сайынғы қозғалысы мен көлемін анықтап, ресурсты басқаруға мүмкіндік бермек.

Ауқымды технологиялық жоба елдің оңтүстігінде бастау алады. Әсіресе су тапшылығы қатты байқалатын Түркістан мен Қызылорда өңірлерін алдымен қолға алу қажет. «Тіршілік нәрін үнемдеу технологияның алғашқы жемісін дәл осы аймақтардан көреміз», – дейді Еуразиялық даму банкінің жауапты өкілі.

Марғұлан Әбдіров, ЕАДБ көлік, өнеркәсіп және инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директоры:

- Бұдан бөлек елдің шығысында бөген құрылысының пилоттық жобасы қолға алынады. Ол суды сақтаудың инфрақұрылым жақсартуға сеп болады. Бұдан кейін бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, өзге аймақтарға да енгізуді жоспарлап отырмыз. 

Қазақстан әзірге су тапшылығы қаупі жоғары 10 елдің қатарында. Сондықтан қолға алынған жоба су қорын тиімді тұтынуға көмектесетін бірден-бір шара. Айта кетерлігі, ирригация жүйесін жаңғырту жобасы оңтүстіктегі көршілес елдерге де үлгі ретінде ұсынылмақ. 

Авторлары: Бақыт Топтаева, Рауан Қалиев, Мерей Бает

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары