Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақстандық қандай брендтер Әзербайжан нарығына шығуға дайын

Қазақстандық қандай брендтер Әзербайжан нарығына шығуға дайын

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ол әңгімесінде не себепті франчайзинг экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналып отырғанын түсіндіріп, ортақ түркі бренді - «Made in Turan» бастамасының дамуын және Транскаспий дәлізінің Қазақстан мен Әзербайжан компанияларына ашып отырған жаңа мүмкіндіктерін айтып берді.

– Сіз франчайзингтің экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналып келе жатқанын атап өттіңіз. Қазақстан бұл салада Әзербайжанмен ынтымақтастық әлеуетін қалай бағалайды? Франчайзингтік жобалар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жаңа бағыты бола ала ма?

– Әрине. Франчайзинг бүгінде жай ғана заманауи бизнес түрі емес, ол табысты үлгілерді кеңейтуге, технологияларды трансферлеуге және ұлттық брендтерді дамытуға арналған әмбебап құрал болып отыр. Қазақстан мен Әзербайжан үшін бұл дәстүрлі сауда шеңберінен шығатын жаңа өсу нүктесі.

Франчайзинг бизнеске қолдау көрсетіп, сапа стандарттарын сақтаумен қатар, тауар айналымын әртараптандырудың тиімді механизміне айналды. Себебі мұндай өнімдер мен қызметтердің басым бөлігі жоғары қосылған құнға ие. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің дамуына, экспорттың өсуіне және екі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Әсіресе, Әзербайжан Франчайзинг қауымдастығының «Made in Turan» жобасы ерекше қызығушылық тудырады. Қазақстан бұл идеяны толық қолдайды, өйткені ол түркі елдерінің өз брендтерін ортақ сапа мен жауапкершілік белгісімен ілгерілетуге деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың шілдесінде Шушада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде жариялаған бастамасы аясында ортақ Түркі патент ұйымын құру жұмыстары басталды. Осы құрылым аясында қалыптасатын бірыңғай түркі бренді түркі елдерінің экономикалық және мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде – Таяу Шығыстан бастап Еуропа, Қытай, Үндістан мен Африкаға дейін танытуға қуатты серпін береді.

Алайда брендті қалыптастыру – тек алғашқы қадам. Ең маңыздысы – тұрақты сауда-логистикалық байланыстарды жолға қою. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі түркі елдерін табиғи түрде байланыстыратын, Еуразия саудасының басты күре тамырына айналып келеді.

– Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара сауда көлемі соңғы жылдары едәуір артты. Мұндай серпінді өсімге қандай факторлар әсер етті және болашақта қандай салалар жаңа өсу нүктесіне айналуы мүмкін?

– Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен екі есеге өсіп, 500 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл – екіжақты саудадағы нақты кедергілерді жою мен нақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Біріншіден, біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырады. Қазақстан азық-түлік, металл өнімдері, мұнай-химия және құрылыс материалдарын жеткізсе, Әзербайжан құбырлар, темекі шикізаты, балық және көкөніс өнімдерін экспорттайды.

Екіншіден, басты серпін берген фактор – Транскаспий халықаралық көлік дәлізі. Соңғы бес жылда осы бағыт бойынша тасымал көлемі 0,8 миллион тоннадан 4,5 миллион тоннаға дейін, яғни алты еседен астам артты. Контейнерлік тасымал көлемі үш есеге ұлғайды. Бұл Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің Еуразия кеңістігінде стратегиялық көпір рөлін атқарып отырғанын дәлелдейді, ол біздің экономикаларды Еуропамен, Түркиямен және Таяу Шығыс елдерімен байланыстырады.

Үшіншіден, екі мемлекет те шикізаттық емес экспортты әртараптандыруға басымдық беріп отыр. Алдағы уақытта өсім нүктелері ретінде агроөңдеу (ұн, май, ет, картоп өнімдері), жеңіл өнеркәсіп, IT-қызметтер, жасыл технологиялар және ритейл мен HoReCa секторындағы франчайзингтік форматтар қарастырылып отыр.

Яғни, шикізат саудасын енді идеялар, технологиялар мен брендтер саудасы алмастырып келеді. Бұл – біздің экономикалық серіктестігіміздің жаңа сапалық деңгейге шыққанын айғақтайды.

– Сіз өз сөзіңізде жоғары қосылған құны бар өнімдерді ілгерілетудің маңыздылығын атап өттіңіз. Әзербайжан нарығына франчайзинг арқылы шығуға дайын қазақстандық компаниялар бар ма?

– Иә, мен форумда ішкі нарықта өз тиімділігін дәлелдеген және халықаралық деңгейге шығуға дайын бірнеше табысты қазақстандық франшизаны атадым. Олардың қатарында OLYMP, Taptaty, Meloman, Europharma, сондай-ақ Kunde, Луговое поле, Qurmet, Всё в дом, Ainalayn және басқа да отандық брендтер бар.

Бұл компаниялардың ерекшелігі – жоғары сапа, әлеуметтік бағыт және тұтынушылардың сеніміне ие болуында.

Қазір бұл кәсіпорындар франчайзингті сыртқы нарықтарға шығудың стратегиялық тетігі ретінде қарастырып отыр. Мұнда тек өнім жеткізу емес, бірлескен ритейл форматтарын құру, ко-бренд жобаларды іске асыру және бөлшек сауда басқару тәжірибесімен алмасу туралы сөз болып отыр.

Мысалы, қазақстандық Zebra кофебренді Әзербайжан нарығына шығуға дайындық үстінде. Бұл өзара ықпалдастық пен практикалық серіктестіктің нақты мысалы.

Сондай-ақ біз екі елдің сауда желілерінің өзара қатысуын көздейтін жобаны талқылап жатырмыз. Бұл қадам ұлттық өнімдердің екі ел дүкендерінің сөрелеріне шығуына, брендтердің танымалдылығын арттыруға және тұтынушылардың сапалы тауарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Транскаспий дәлізінің дамуы аймақтың логистикалық байланысын күшейтіп отыр. Бұл сауда өсіміне және жаңа бірлескен брендтердің қалыптасуына қалай әсер етуі мүмкін?

– Транскаспий халықаралық көлік дәлізі қазірдің өзінде Еуразия кеңістігінің басты сауда күре тамырына айналды. Оның басты артықшылығы – жылдамдық, болжамдылық және қауіпсіздік. Каспий арқылы өтетін бағытпен жеткізу уақыты баламалы бағыттарға қарағанда шамамен үш есе қысқарды.

Бұл бизнес үшін логистикалық шығындардың төмендеуін, жеткізілімдердің тұрақтылығын және бірлескен өндірістік-дистрибьюторлық модельдерді дамытуға жол ашады. Мысалы, Қазақстанда жасалған бренд өз компоненттерінің бір бөлігін Әзербайжанда өндіре алады және керісінше.

Қазір екі ел тарифтік саясатты үйлестіріп, транзит пен порттық логистикада цифрлық шешімдер енгізіп, жүктерді бақылаудың бірыңғай жүйесін құрып жатыр.

Осының бәрі жаңа буын трансұлттық брендтердің пайда болуына негіз қалайды, ал олардың жеткізу тізбектері дәл осы Транскаспий бағыты арқылы өтетін болады.

Сонымен қатар, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі әлеуеті тек екіжақты серіктестікпен шектелмейді. Бұл бағыт барлық түркі мемлекеттерін біріктіретін стратегиялық дәлізге айналып, оларды ортақ өндірістік және логистикалық экожүйеге біріктіреді. Дәліз арқылы түркі елдері Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Үндістан және Африка нарықтарына тікелей шығу мүмкіндігіне ие болып, бүкіл аймақты тұрақты өсу мен интеграция кеңістігіне айналдырады.

– Сіз цифрландыру мен инновацияны бәсекеге қабілеттіліктің басты шарты деп атадыңыз. Қазақстан мен Әзербайжан арасында франчайзинг жобаларын қолдауға арналған ортақ цифрлық платформалар құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?

– Иә, бұл мәселе қазір пысықталып жатыр. Біз екі елдің экономикалық жақындасуындағы жаңа кезеңнің негізі – цифрлық интеграция деп есептейміз.

Қазақстанда бұл салада нақты тәжірибе бар. QazTrade арқылы біз В2В өзара іс-қимыл, кәсіпкерлерді оқыту, электронды сертификаттау және экспорттаушыларға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін цифрлық экожүйе құрдық.

Осы тәжірибе негізінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында франшизалар, инвестициялық жобалар мен іскерлік ұсыныстар жөніндегі ақпаратты жинақтайтын ортақ цифрлық платформа құруға болады. Бұл бастама «Made in Turan» тұжырымдамасымен үйлесіп, түркі елдерінің ортақ В2В кеңістігінің өзегіне айнала алады.

– Соңғы уақытта екі елдің бизнес қауымдастықтары өзара қызығушылық танытып келеді. Алдағы уақытта франчайзинг саласында қандай бірлескен бастамалар жоспарланған?

– Иә, 2025-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол екіжақты бизнес-форумдарды өткізу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған акселерациялық бағдарламаларды іске қосу, кәсіпкерлер делегацияларының алмасуы және франшиза көрмелерін ұйымдастыруды қамтиды.

Біз сондай-ақ Бакуде қазақстандық франшизалардың ұлттық экспозициясын өткізу және әзербайжандық кәсіпкерлердің Астанаға бизнес-миссиямен келуін жоспарлап отырмыз. Бұл бастамалар бизнес диалогының тұрақты әрі институционалды сипат алуына бағытталған.

– Қазақстан бұл форум арқылы әзербайжандық серіктестеріне не айтқысы келеді?

– Қазақстанның басты ұстанымы – сөзден іске көшу. Біз Бакуге декларациялармен емес, нақты жобалармен келдік.

Қазақстан Әзербайжанды Кавказ бағытындағы стратегиялық серіктес ретінде қарастырады және франчайзинг секілді бастамалар арқылы брендтер, адамдар мен идеялар серіктестігіне негізделген жаңа интеграциялық форматқа көшіп отырмыз.

Біздің елдерді ортақ тарих, түркілік бірегейлік және инновация мен өзара қолдауға сүйенген ортақ болашақ біріктіреді.

Бүгінде біз сенімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастырып жатырмыз. Қазақстан мен Әзербайжан брендтері жақын уақытта қазіргі Түркі әлемінің жаңа символына айналатыны сөзсіз.

Бұған дейін хабарланғандай, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік және логистика, цифрландыру мен жасанды интеллект, өнеркәсіптік қауіпсіздік, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларында 15 құжатқа қол қойылған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 22:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары