Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қостанай облысында Кітап оқитын ұлт жобасына 55 мыңнан астам адам қатысып жатыр

Қостанай облысында Кітап оқитын ұлт жобасына 55 мыңнан астам адам қатысып жатыр

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасына 55 мыңнан астам тұрғын белсенді қатысып жатыр. Оқырмандар көшін мектеп оқушылары бастап тұр – олардың саны 30 703-ке жетті. Бұл жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығының жоғары екенін айқын көрсетеді. Ең белсенді аймақ – Қостанай қаласы: қала мектептерінен 6418 оқушы тіркелген. Одан кейінгі орындарда Рудный қаласы (4788), Әулиекөл ауданы (3112), Қостанай ауданы (2501) және Жітіқара ауданы (2195) тұр. Басқа қалалар мен аудандардың оқушылары да жобаға белсенді түрде қосылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша облыста 10 122 отбасы тіркелді. Отбасылық оқу дәстүрі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

«Кітап оқитын педагог» бағытында 11 047 мұғалім қатысуда. Жобаға білім беру ұйымдарының басшылары да белсенді атсалысып жатыр: 434 директор және 277 директор орынбасары кітап оқуға ниет білдірді.

«Кітап оқитын колледж» бағытында облыстың 33 колледжінен 2028 студент тіркелген.

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытында 300-ден астам адам қатысып жатыр. Аудан және қала әкімдері аппараттарының, басқарма қызметкерлерінің қатысуы жоғары. Ерекше көзге түскені – Федоров ауданы: 12 ауылдық округ әкімі және 18 бөлім басшысы тіркелген. Рудный қаласынан – 15, Қарабалық ауданынан – 9 ауыл әкімі, Амангелді ауданынан – 5, Қарасу ауданынан – 3 ауыл әкімі жобаға қосылды. Басқарма басшыларының орынбасарлары мен қала әкімінің орынбасарлары да қатысуда.

«Кітап оқитын университет» бағытында облыстың 6 жоғары оқу орнынан 1008 студент тіркелген.

«Бұл жобаға қатысу мен үшін кәсіби міндет қана емес, шынайы құштарлық. Оқитын мұғалім – білімді мұғалім. Жаңа әдістемелер мен психологиялық-педагогикалық еңбектерді оқи отырып, сабақ беру сапасын арттырамыз. Мұғалімнің қолындағы кітап – оқушылар үшін ең үздік үлгі әрі күшті мотивация. Қазір Орынша Қарабалинаның “Ұстаз бақыты” кітабын оқып жатырмын. Бұл шығарма ұстаздықтың рухани және практикалық қыр-сырын қайта ашқандай әсер қалдырады», – дейді Қостанай қаласы №31 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қымбат Сұлтанова.

«Жасым 56-да. Бала кезімізден кітапқа жастық болып өстік. “Абай жолы”, “Алтын Орда”, “Көшпенділер”, “Қызыл жебе”, “Волоколам тас жолы” сияқты туындыларға жас күнімнен қанықпын. Бүгінде де оқудан қол үзбеймін. Жобаға отбасыммен бірге қуана тіркелдік. Ең үлкен жеңіс – ұрпақ санасына сіңетін рухани нәр. Кітап оқыған ұлт әрдайым озады», – деді Меңдіқара ауданы Жангелді ауылының тұрғыны, «Кітап оқитын әулет» бағытының қатысушысы Ерлан Жүрсінұлы Айсағалиев.

«Жоба туралы естіген бойда қатысуға шешім қабылдадым. Балалық шағым кітап оқумен өтті. Тізімде Абайдың қара сөздері, қазақ классикасы, мемлекет басқару, әлемдік саясат, психология тақырыбындағы еңбектер бар. Осы уақытқа дейін 4 кітапты аяқтадым, қазір Никколо Макиавеллидің “Әмірші” трактатын оқып жатырмын. Кейбір кітаптарды арнайы сатып алдым – олар жоба аяқталғаннан кейін де құндылығын жоғалтпайды», – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Арайлым Исмағұлова («Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты).

Жобаны «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қостанай облысы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Олжа Агро» ЖШС агрохолдингі.

2025 жылдың қыркүйегінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы пилоттық түрде Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған болатын. Қазіргі таңда үш өңірде жобаға 189 мыңнан астам адам қатысуда, жоба қорытындысы 2026 жылғы сәуірде шығарылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 12:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары