Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар жұдырықтасуы мүмкін
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов әріптесі Еркебұлан Тоқтармен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның пікірінше, мұндай айқас қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, жыл оқиғасына айналуы мүмкін.
"Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейіне көңілім толмайды. Масштаб қайда, шоу қайда? Бәрі жасанды, бәрі өтірік! Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтардың кездесуі! Бұдан асып түсетін айқас отандық рингте болмайды!" – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Қуат Хамитов кәсіпқой бокста әзірге бір ғана жекпе-жек өткізген.Былтыр қыркүйек айында ол отандасы Нұрберген Шәріповті төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңген еді.
Ал Еркебұлан Тоқтар биылғы 16 тамызда Қонаев қаласында өткен Octagon 77 турнирінде ирандық Фарзад Гадеримен (18-15) кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Бұл оның ММА-дегі 11-ші жеңісі болса, қарсыласы 16-рет жеңіліс тапқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қараша 2025 17:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















