Құрбан айттың бірінші күнінде 35 мыңға жуық отбасына ет таратылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және онлайн форматта ұйымдастырып отыр. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні еліміз бойынша жалпы саны 18 710 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 941 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 16 593, ешкі – 1 014, ірі қара – 1 088, түйе – 15.
Құрбандық еті республика көлемінде 34 898 мұқтаж отбасы мен 324 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.
Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















