Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қуыршақ труппасына театр мәртебесі берілсе...

Қуыршақ труппасына театр мәртебесі берілсе...

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Серке Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық драма театры жанындағы Қуыр­шақ труппасына биыл қырық жыл толды. Бұл өнер ұжымы тұңғыш рет 1985 жылы Жезқазған облыстық Қуыршақ театры болып құрылып, есігін Вадим Коростылевтің «Доктор Айболит» спектаклімен айқара ашты.

Труппа тарландары

Жаңадан құрылған театрға Орынбор өнер училищесі мен Алматы цирк-эстрадалық студиясының түлектері арнайы шақырылды. Алғашқы дирек­­­торы болып Біләл Әлімбеков, бас режис­сері Марк Александрович Койфман тағайындалды. Бірден екі труппа жасақ­­талып, спектакльдер қазақ-орыс тіл­­де­рін­де ұсынылды. Мұның өзі көрермен санын арттыруға мүмкіндік берді. 1986 жылы Шымкент қуыршақ театрында еңбек еткен тәжірибелі әртістер Шәріп Ұзақов пен Галина Исинеева арнайы шақыртумен ұжымға келіп қосылды. Шәріп Қасым­жанұлы Ресейдің Ленинград қаласында білімін жетілдіріп келген соң 1991 жылы режиссерлік тізгінді қолға алды. Ол бала­бақша балдырғандары мен бастауыш сынып оқушыларын ізгілікке баулитын қойылымдар шығаруға күш салды. Сонымен бірге қазақ халқының аңыз-ертегілеріне, тәрбиелік мәні бар спектакльдерге орын берді. Бұл дәстүрді кейін режиссер Жасұлан Түсіпбеков жалғастырды. Әртіс В.Попов, реквизитор Г.Кабылова, тігінші О. Федосенко қуыршақ труппасы өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ұжымды өркендету жолында ұзақ жыл табан аудармай еңбек етіп, бүгінде өмірден өткен әртістер В.Попов пен Г.Исинееваны, қазір өзге өңір­­лер­де жемісті еңбек етіп жүр­ген режиссер­лер Ш. Ұзақов пен Ж.Тү­сіп­бековті ұжым мүшелері үнемі сүйіс­пен­ші­лікпен еске алады.

Қырық жылдық тарихы бар труппа қазақ халқының ертегілерімен бірге орыс және өзге де халықтардың бала­ларға арналған таңдаулы туындыларын сахналады. Театр шығармашылық жолында талай жетістікке қол жеткізді. 1987 жылы Қостанай қаласында өткен Қуыршақ театрларының республикалық I фестивалінде Сергей Козловтың «По зеленым холмам океана» спектаклі (реж. М.Койфман) «Көрермендер көзайымы» жүлдесін иеленіп, қарға рөлін сомдаған Галина Исинеева дипломант атанды. Отандық фестивальдар жүлдесін атамағанда, ұжым 1987 жылы Польшада, 1993 жылы Өзбекстанда, 2007 жылы Ақтау қаласында өткен халықаралық Қуыр­шақ театрлары фестивальдарының дип­ломанты атанып, арнайы жүлдемен марапатталды.

2023 жылы Алматы қаласында өткен І халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлары фести­валінде Үмітай Молдабергеннің «Ақсақ құлан» спек­так­лі «Жаңашыл көзқарас» аталымын жеңіп алды. Осы спектакльдегі образдарды бейнелеудегі шеберлігі үшін қоюшы суретші Жұмабай Сәрсенов Театр сыншылары бірлестігінің «Жылдың мультимедиялық сценография суретшісі» аталымында жеңімпаз деп танылды. Биыл «Kostanay Puppet Iife» халықаралық Қуыршақ театрларының фестивалінде Ү.Молдабергеннің «Күй құдіреті» спектаклін қойған режиссер Зере Тұрсымұратова «Ең үздік режиссерлік жұмыс» аталымын иеленді.

Ұлытауға балалар театры қажет

1997 жылы Жезқазған облысы таратылып, Қуыршақ театры Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының құрамына енді. Арада 28 жыл өтті. Бүгінде Ұлытау облысының құрылғанына үш жыл толды. Қуыршақ труппасы дербес театрға айналып, жеке ғимарат ашылса, осында жұмыс істейтін ұжымға да қолайлы болар еді. Қуыршақ спектаклі – ұжымдық жұмыстың жемісі. Әр қызметкердің өзіндік орны, атқаратын міндеті бар. Мен көрген шағын бөлмеде «Мәдениет саласының үздігі», суретші әрі қуыршақты қозғалысқа келтіру шебері Жұмабай Сәрсенов, тігінші Ақмарал Нұрпейісова, бутафорлар Бейсенкүл Қалекен, Ақмарал Қозыбаева сияқты өз ісінің білгірлері жұмыс істеп отыр. Осындағы қуыршақ жасаушы, суретші, бутафор бар болғаны 93-130 мың теңге жалақы алады.

«Менің осында жұмыс істегеніме отыз жылдан асты. Суретшімін. Қуыршақты өз қолыммен жасаймын. Қуыршақ әзірлейтін мамандар даярлайтын оқу орны елімізде жоқ. Өзінің ынтасы бар, қолының икемі бар адамдар ғана жасайды. Ертең зейнеткерлікке кетемін. Орнымызға қуыршақ жасайтын адам керек. Қызығушылық танытқан жастар жоқ, себебі жалақысы аз», деп қынжыла сөйлейді суретші Жұмабай Сәрсенов.

Қуыршаққа шикізатты театр береді. Дегенмен сметаға кірмей қалатын қажетті құралдар да бар. Өйткені Қуыршақ театры драма театрының ішіндегі труппа. Сондықтан қанатын кеңге жая алмайды. Материалдық-техникалық базасы жоқ. Өздері жоқтан бар жасайды. Қазір заманауи құрал-сайман жеткілікті. Алайда ұжымның оған қолы жетпей отыр. Құрал-сайманға арнайы тапсырыс жасап, театр алып беру керек.

Бұрынғы Қуыршақ театрының ғима­ра­ты жекеменшікке сатылып «Аспан» мейрамханасына айналып кеткен. Қалай болғанда да, қуыршақ театры жеке театр мәртебесін алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қуыршақ труппасының меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі Ұлболсын Байысбек: «Мен бұл труппада ширек ғасыр бойы жұмыс істеп келемін. Жас ұрпаққа рухани азық сыйлап отырған труппаның репертуарында отызға жуық қазақ және орыс тілінде қойылым бар. Біздің ұжым мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер ұжымымен тығыз байланыста. Көрермендерден кенде емеспіз. Бала тәрбиесіне әсері орасан. Баланың сұранысына, санасына, жүрегіне дөп тиетін қойылымдар аса қажет. Мәселен, жас әртіс Ирина Федосенконың «Бақытты қайдан табамын?» деп жазған спектаклі орыстілді аудиторияға елу рет қойылды. Сұраныс барына осыдан-ақ көз жеткіземіз», дейді.

Бұл жерде кәсіби маман қазақ тіліндегі бала­лар драматургиясының азайып кет­кенін меңзейді. Тарқатып жазса, бұл да үлкен мәселе.

Ұлытау облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары