Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Қымбатшылық құрықталмай тұр

Қымбатшылық құрықталмай тұр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бірақ инфляция да бұл өсімнен қалыспайтын сыңайлы. Осы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елімізде инфляция 12,9%-ға жетті. Бұл – соңғы 25 айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Аймақтар бойынша бағаның шарықтауы Қарағанды (14,9%-ға), Ұлытау (14,4%-ға), Солтүстік Қазақстан (13,6%-ға), Ақтөбе (13,5%-ға) және Батыс Қазақстан (13,5%-ға) облыстарында тіркелді. Еліміздегі 20 өңірдің 11-інде инфляция орта республика­лық көрсеткіштен асып кетті.

Ең жоғары инфляция өнеркәсіптік және энергияға тәуелді өңірлерде тіркелген көрінеді.

Инфляцияның негізгі факторлары

Қоғамда кейбір топтардың арасында елдегі инфляцияның қарқыны қаржы сек­торы мен цифрлық сервистердің, соның ішінде маркетплейстердің дамуына байла­нысты деген пікір бар. Десе де, статистика мен тұтыну құрылымы бұл байланысты растамайды. Инфляцияның шынайы себептері жасырын күйінде қалып отыр, себебі олар экономиканың құрылымдық мәселелерін әшкерелейді.

Экономист Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, еліміздегі бағаның өсуіне әсер ететін негізгі тетіктер бір-бірімен тығыз байланысты және жылдар бойы жинақталған құрылымдық мәселелерден бастау алады.

– Әуелі, Қазақстан экономикасының импортқа тәуелділігі жоғары екенін айтып өткім келеді. Бүгінгі таңда тұтынатын та­уар­дың шамамен 60 пайызы сырттан келеді. Демек, әлемдік нарықтағы кез келген өз­геріс, әсіресе доллардың қымбаттауы, бірден ішкі бағаға қысым түсіреді. Екінші себеп – логистика мен тасымал шығын­дарының артуы. Жанармай бағасының өсуі, көлікке, қойма қызметіне кететін шы­ғындардың қымбаттауы дүкен сөресінде­гі тауардың соңғы бағасына тікелей әсер етеді. Жүк тасымалдау қымбаттаса, сол шығын тұтынушының қалтасынан шығады.

Үшінші маңызды мәселе – нарықтағы бәсекенің әлсіздігі мен жекелеген сала­лардағы монополия. Әсіресе азық-түлік, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары секілді стратегиялық нарықтарда санаулы ғана ірі ойыншы бар. Бәсекелестік аз болған жерде бағаны біз емес, сол ойыншылар белгілей­ді, – дейді экономист.

Сарапшы атап өткендей, агроөнеркәсіп саласының тиімді жұмыс істемеуі де инфля­цияны күшейтеді. Ішкі нарықта өнім аз, импорт көп. Инфляция дегеніміз – тек бір себептің туындысы емес.  

ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнама­ларына сүйенсек, қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын қаржылық құралдар, бөліп төлеу жүйелері, тұтынушылық кредиттер мен цифрлық сервистер инфляцияға аз әсер етеді.

Бірнеше жылдан бері инфляцияның өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету саласы қосып келеді. Мысалы, 2025 жылғы қыр­күйекте Қазақстанда ақылы қызметтердің бағасы 15,3%-ға қымбаттаған көрінеді. Бұл басқа құрамдас бөліктермен салыстырғанда, ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, бұған реттелетін коммуналдық қызметтер мен нарықтық сервистердің қымбаттауы әсер етеді.

Импорттың азық-түлік бағасына әсері

Жоғарыда азық-түлік те инфляцияға үлес қосатын тауарлар қатарына жататынын жазған едік. Мысалы, биылғы жылғы қыр­кү­йекте азық-түлік бағасы 12,7%-ға өсті, ал олардың инфляцияға үлесі 5 пайыздық тар­маққа, яғни 38,9%-ға тең. Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) де­рек­теріне сәйкес азық-түлік инфляциясын негізінен ет өнімдері құрайды. Сиыр, қой, жыл­қы және құс еті: бұларды шамамен 2 па­йыздық тармақ немесе азық-түлік инфля­циясының шамамен 40%-ы деп айтсақ бо­лады. Сондай-ақ азық-түлік инфляциясын арт­тырған өнімдер қатарына майлар, сүт өнім­­дері және басқа да әр отбасы үшін күн­де­­лікті қажетті дүкен және базар тауарлары кірді.

Экономист  Бекнұр Сейтжанұлының сөзінше, бүгінгі баға өсімінің ең үлкен себебі еліміздің азық-түлік өнімдері импортқа тәуелді.

– Ең алдымен ішкі өндіріс көлемінің азаюы, егіс алқаптарының қысқаруы және мал шаруашылығының баяу дамуы негізгі себептердің бірі болып отыр. Нәтижесінде, ет, сүт, жұмыртқа сияқты тауарлардың тапшылығы пайда болып, баға өседі. Со­нымен қатар елімізде қант, күріш, құс еті және сүт өнімдерінің басым бөлігі импорт­қа тәуелді, сондықтан сырттан келетін тауарлардың бағасы валюталық ауытқулар мен әлемдік нарықтағы өзгерістерге тікелей байланысты.

Логистика мен тасымал шығындары­ның өсуі де бағаны көтеруде маңызды рөл атқарады. Жанармай бағасының өсуі, көлік пен қойма қызметінің қымбаттауы дүкендегі соңғы бағаны арттырады. Климаттық фак­торлар да әсерін тигізеді: ауа райының күрделенуі, қуаңшылық, су тапшылығы егін мен мал өнімдерінің азаюына әкеліп, ба­ғаның өсуін жеделдетеді. Сонымен бірге сатушылар кейбір тауарларға үстеме баға­ны 15-тен 40 пайызға дейін көтеріп отыр, бұл да инфляцияға қосымша қысым жасай­ды, – дейді экономист.

Қазір жаһандық деңгейде де азық-түлік бағасы өсіп жатқандығын ескеруіміз қажет. FAO дерегі бойынша 2025 жылдың маусы­мында әлемде азық-түлік бағасы 28%-ға қымбаттаған.

Көрші елдердегі ахуал

Айта кетерлігі, ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Қазақстандағы инфляция деңгейі ең жоғары болып қала береді. Сонымен қатар ол аймақтағы басқа елдерден айтарлықтай асып түседі: Қазақстан инфляция бойынша жалпы Азияда ең төмен көрсеткішке ие 5 елдің, ал әлем бойынша 15 елдің қатарында.

Trading Economics деректеріне сүйенсек, Ресей бойынша инфляция деңгейі 8,1%-ды құрады (бес ай бойы тұрақты түрде төмендеу байқалады), Өзбекстанда – 8%, Қырғызстан­да – 9,5%, Беларусьте – 7,1%, Армения­да – 3,7%, Тәжікстанда – 3,1%.

Дамыған елдерде инфляция деңгейі көбіне 2%-дан аспайды. Мысалы, Францияда инфляция 1,2%-ды, Италияда 1,6%-ды, Канадада 1,9%-ды, Сингапурда 0,5%-ды, ал жалпы Еуроодақ бойынша 2,4%-ды құрады. 

– Қазақстанда импорттың үлесі басқа елдерге қарағанда жоғары. Мысалы, Өз­бек­стан мен Тәжікстан өздерінің азық-түлігін көбірек өндіреді, ал Ресей – үлкен өндірістік экономика. Оның үстіне, ішкі нарықтағы бәсеке де әлсіз. Ресейде халық көп, нарық үлкен, сәйкесінше бәсеке де жоғары. Ал Армения мен Қырғызстанда шағын бизнес жақсы дамыған. Бізде кері­сінше, кейбір салаларда монополия көбейіп келеді. Теңгенің тұрақсыздығы тағы бар. Қазақстан валютасы мұнай бағасына да, геосаяси жағдайға да қатты тәуелді. Сол себепті теңге әлсіреген сайын, баға да бірге өсіп отырады, – дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Әсет ҚАЛИ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары