Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Қытай Швеция азаматтары үшін визасыз режим енгізеді ҚХР СІМ басшысы

Қытай Швеция азаматтары үшін визасыз режим енгізеді ҚХР СІМ басшысы

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Швецияның сыртқы істер министрі Мария Мальмер Стенергардпен кездесу барысында мәлімдеді. 

Ван И Швецияны Еуропалық Одақтағы маңызды мемлекет және Қытай Халық Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы Батыс елі ретінде атап өтті.

Оның айтуынша, екі ел өзара қарым-қатынастарын бәсекелестік емес, әріптестік ретінде айқындап, келіспеушіліктерден гөрі ынтымақтастыққа басымдық беретін ұстанымды ұстануы қажет.

Дипломат атап өткендей, Қытай Швецияның Қытай-Швеция қатынастарын тәуелсіз және дербес стратегиялық ойлау мен ұзақмерзімді көзқарасқа сүйене отырып қарастырады және дамытады деп үміттенеді.

Биыл Қытай мен Швеция арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 75 жыл толатынын еске сала отырып, Ван И екі елдің көшбасшылары қол жеткізген келісімдерді адал іске асыруға, сауда-экономикалық салалардағы институционалдық диалогті тиімді пайдалануға, көпжақты мәселелер бойынша байланыс пен үйлестіруді тереңдетуге және сауда мен инвестиция, ғылыми-техникалық инновациялар, цифрлық экономика, жасыл даму, денсаулық сақтау сияқты салалардағы нақты ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Мария Мальмер Стенергард өз кезегінде Қытайға 16 жылдан кейін ресми сапармен келген Швецияның алғашқы сыртқы істер министрі болғанына қуанышты екенін білдіріп, Швецияның ҚХР-мен қарым-қатынасқа зор мән беретінін және «бір Қытай» саясатын ұстанатынын мәлімдеді.

Ол Швецияның Қытаймен өзара тиімді әрі теңгерімді сауда-экономикалық қатынастарды құруға, сауда мен инвестиция, ғылыми-техникалық инновациялар және жасыл трансформация салаларында ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ білім беру мен мәдени-гуманитарлық алмасулар салаларындағы әріптестікті тереңдетуге дайын екенін атап өтті.

Министр Қытай тарабына швед азаматтары үшін визасыз режим енгізгені үшін алғыс айтып, бұл қадам Қытайға саяхаттайтын швед азаматтарының санын арттыратынына сенім білдірді.

Стенергард Швецияның Қытайдың халықаралық істердегі маңызды рөлін жоғары бағалайтынын және Қытайда Ғаламдық әйелдер саммитінің табысты өткенімен құттықтайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Қытайдың климаттың өзгеруіне қарсы күреске арналған ұлттық деңгейде айқындалған жаңа міндеттемесін жоғары бағалайтынын айтты.

Бұдан бұрын Қытайдың құрлықтық бөлігі Тайвань тұрғындары үшін материкке кіру тәртібін жеңілдету туралы шешім қабылдағаны туралы жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 00:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары