Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Рио де Жанейродағы карнавал 8 млн адамды жинап, экономикалық рекорд орнатуы мүмкін

Рио де Жанейродағы карнавал 8 млн адамды жинап, экономикалық рекорд орнатуы мүмкін

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Агенттік SAPO интернет-порталына сілтеме жасап хабарлауынша, ресми деректерге сәйкес, Бразилияның ең әйгілі фестивалі саналатын Рио-де-Жанейро карнавалына шамамен 8 миллион адам — қала тұрғындары мен туристер жиналады деп күтіліп отыр. Бұл қала экономикасына айтарлықтай пайда әкелмек.

— Өткен жылы карнавал Рио экономикасына 5,7 млрд реал (шамамен 919 млн еуро) кіріс әкелді. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш одан да жоғары болады деп күтіледі, — деді Riotur туристік компаниясының президенті Бернардо Феллоуз қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Белгілі болғандай, тек көшедегі карнавалдық шерулердің өзі шамамен 6 миллион адамды тартпақ. Олар бір айдан астам уақыт бойы музыка, би мен мерекелік көңіл күйге бөленіп, қала көшелерінде болады.

Фото: Азертадж

Көше фестиваліне қатысатын 460 топ 18 қаңтар мен 22 ақпан аралығында Рионың кварталдары мен басты көшелерін думанға бөлейді.

2026 жылға жергілікті билікке топтардан 803 өтінім түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 118-ге көп. Алайда, шерулерге 35 жаңа топты қосуға мүмкіндік болғанымен, логистикалық себептерге байланысты басымдық дәстүрлі топтарға берілген көрінеді.

Ең көп қойылым мен шерулер Рио қаласының орталығында өтеді. Одан кейін туристер көп шоғырланатын, әлемге әйгілі Копакабана мен Ипанема аудандарын қамтитын аймақтарда ұйымдастырылады.

Бағдарлама әртүрлі аудиторияға арналған: балалар мен отбасыларға арналған шаралардан бастап, Cordão da Bola Preta сияқты 1 миллионнан астам адамды жинайтын дәстүрлі мерекелерге, сондай-ақ әнші Анитта секілді танымал өнерпаздар ұйымдастыратын атақты «мегаблоколарға» (ірі көше кештері) дейін бар.

Қалалық кеңестің мәліметінше, Риоға келетін қалған 2 миллион адам 13–22 ақпан аралығында өтетін карнавал аптасында Самбадромдағы шерулерді тамашалау үшін жиналады.

Осыдан бұрын хабарланғандай, коронавирус пандемиясы кезінде Рио-де-Жанейро билігі жыл сайын өтетін әйгілі карнавалдан бас тартты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:306
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 23:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары