Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Run for Autism : қайырымдылық марафондарының қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Run for Autism : қайырымдылық марафондарының қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл кабинет 2023-2025 жылдар аралығында Bolashak Charity қоғамдық қоры балабақшаларда, мектептерде және колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен 25-кабинет болды.

№59 «Аққанат» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетінде (ИКК) 2–5 жас аралығындағы аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар 5 бала қолдау алады. Кабинетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуі, сөйлеу, коммуникациялық және тұрмыстық дағдылары қалыптастырылады. Балалар негізгі уақытын өз құрдастарымен бірге жалпы топтарда өткізеді, ал бірнеше сағат бойы педагог-ассистенттермен бірге инклюзияны қолдау кабинетінде оқиды. Кабинет командасы 8 маманнан тұрады: куратор – мінез-құлық талдаушы, 5 педагог-ассистент, психолог және дефектолог.

Іс-шараға Run for Autism бастамасының демеушілері мен серіктестері, ата-аналар, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (2024) деректеріне сәйкес, Қазақстанда аутизмі бар 15 000-нан астам бала бар, олардың шамамен 7 мыңы – мектепке дейінгі жаста. Бейресми деректер бойынша, елдегі аутизмі бар балалардың жалпы саны 35 000-нан асады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар 22 мыңнан астам бала тұрады. 2015 жылдан бері Bolashak Charity қоры елордада ЕБҚ бар шамамен 500 бала мен жасөспірімді инклюзивті біліммен қамтыды.

№59 «Аққанат» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинеті 2023–2025 жылдардағы Run for Autism қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына Bolashak Charity қоры ашқан және жабдықтаған 25 кабинеттің бірі болып табылады. Run for Autism — аутизм саласындағы зерттеулерді қолдауға бағытталған халықаралық бастама. Жүгірулер Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго және Питтсбург сияқты әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі. Қазақстанда жоба алғаш рет 2023 жылы Bolashak Charity қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Бастаманың мақсаты — қоғамның назарын аутизм мен менталдық денсаулық мәселелеріне аудару, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған білім беру бағдарламаларына қаражат жинау.

2023 жылдан бері Run for Autism жүгірулеріне 6 443 адам қатысты, олардың ішінде даму ерекшеліктері бар 200-ден астам бала болды. Үш жылда 42 348 444 теңге жиналып, осы қаражатқа Астана және өңірлердегі білім беру ұйымдарында 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның нәтижесінде 160-тан астам аутизмі, ДЦП, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер күн сайын қажетті қолдау алып отыр.

Жалпы Bolashak Charity қоры 10 жыл ішінде Қазақстанның 24 қаласында 79 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, 2 000-нан астам балалар үйінің тәрбиеленушісін және аутизмі мен даму ерекшеліктері бар 10 000-нан астам отбасын қолдау бағдарламаларымен қамтыды. Қор сонымен бірге 1 000-нан астам баланы үйден оқыту формасынан шығарып, инклюзивті ортаға кіруіне мүмкіндік берді.

«Run for Autism үш қайырымдылық жүгіруінің нәтижесінде жиналған қаражатқа біз Астана және Қостанай облысының Рудный қалаларында 21 инклюзияны қолдау кабинетін балабақшаларда, 2 кабинетті мектептерде және тағы 2 кабинетті колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Осылайша 160-тан астам бала мен жасөспірімге сапалы инклюзивті білім алуға мүмкіндік туды. Біз балалардың дамуы мен оқуы үшін қажетті жабдықтарды, оқу материалдарын және инвентарь сатып алдық. Бұл кабинетте аутизмі, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар 5 бала білім алады. Мамандардың жұмысын қордың мінез-құлық талдаушысы сүйемелдейді. ИКК-де жүргізілетін сабақтар балалардың әлеуметтену және оқу дағдыларының жақсарғанын көрсетіп отыр. Ерте қолдаудың маңызы өте зор, өйткені ол балаларды мектеп ортасына дайындайды. Балабақшадағы ерте көмек көрсетуден кейін ерекше балалардың мектепке келгенде педагог-ассистенттердің көмегінсіз-ақ оқуға бейімделе алған жағдайлары болды. Бұл инклюзияны қолдау кабинеттерін дәл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ашудың маңыздылығын дәлелдейді. Біз жүгіруге қатысушыларға, демеушілер мен серіктестерге шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астанада төртінші Run for Autism жүгіруі өтетінін қуана хабарлаймыз. Бұл бізге аутизмі бар одан да көп бала мен жасөспірімді қолдауға мүмкіндік береді»,-дейді Bolashak Charity қоғамдық қорының директоры Азамат Божақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 15:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары