Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сахна музыкалық ғибадатханаға айналды... : шетелдік БАҚ Димаш туралы не жазып жатыр?

Сахна музыкалық ғибадатханаға айналды... : шетелдік БАҚ Димаш туралы не жазып жатыр?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Димаштың Мексикадағы алғашқы жеке концерттері тек әншінің жанкүйерлері арасында ғана емес, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының да зор қызығушылығын тудырды, – деп жазды Aikyn.kz dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Алғашқы концерт қарсаңында «adn Noticias» телеарнасы Димашты арнайы сұхбатқа шақырды. Бағдарлама жүргізушісі Габриэль Эрнандес көрермендермен өз әсерімен бөлісіп, былай деді:

«Елестетіп көріңіздерші, қазақ әншісі әрі композитор Димаш Құдайберген дәл қазір Мехикода! Ұзақ жылдар бойына күткен әншіміз «Dears» атты фан-клубтың еңбегінің нәтижесінде өз жанкүйерлерімен табысты. Димаш өзінің әлемдік деңгейдегі танымалдығын дәлелдеп, Auditorio Nacional залын санаулы минуттарда, ал Palacio de los Deportes-ті одан да жылдам уақытта толтырды».

Бірінші концерттен кейін Televisa Espectáculos телеарнасы өз репортажында ерекше пікір бөлісті:

«Димаш Құдайберген концерт залын адамзатқа үндеу жолдайтын ерекше даусымен таңғалдырды. Әлем мойындаған оның әуендері бір арнаға жиналған ондаған мың көрерменнің жүрегін тербетті. «Stranger» («Бейтаныс») деп аталатын турына қарамастан, Димаш мексикалықтар үшін бөтен емес. Көрермен оны ерекше ықыласпен, шынайы сүйіспеншілікпен қарсы алды. Екі сағаттан астам уақыт бойы сахна нағыз музыкалық ғибадатханаға айналды. Бұл жай ғана концерт емес, шынайы өнердің, сиқыр мен рухани толғаныстың алаңы болды. Димаш әсерге бөленіп, мексикалық көрермендерге испан тілінде алғысын білдірді. Көптеген костюм ауыстырулар, алып экрандар мен хореографиялық топтың қатысуы арқасында шоу көрерменді тілдік және мәдени шекаралардан асып өтетін мультисенсорлық сапарға жетеледі. Себебі, турдың атауы «Stranger» болса да, оның музыкасы әлемді бірлікке шақырып, адамзатты адамгершілікке баулып, көрермен жанын терең тебірентеді».

Мексиканың беделді El Economista Mexico газеті «Димаш Құдайберген Мексикада: музыка: Қазақстанмен мәдени және дипломатиялық көпір» атты мақаласында концерттердің маңызды мәдени және геосаяси қырларына тоқталды:

«Әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған тыңдарманы бар Димаш өз елінің мәдени елшісі ретінде танылды. Ол Орталық Азия өнерінің байлығын алуан түрлі аудиторияға жеткізе алды. Оның ерекше стилі – опера, заманауи поп және дәстүрлі қазақ музыкасының үйлесімі – мексикалық тыңдарманға қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысын сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан елшілігімен кездесу барысында «Димаштың әр концерті – мәдени алмасу. Оның өнері арқылы мексикалықтар Қазақстанның тарихы мен рухына жақындай алады» деп атап өтілді.

«Димаш феномені» мәдени ықпалдың, яғни жұмсақ күштің, саяси және экономикалық байланыстардан тыс екі ел арасындағы достықты нығайтудың жарқын мысалына айналды.

Қазақстан үшін бұл Латын Америкасындағы гастроль тек мәдени таныстырылым емес, сонымен қатар, өзінің музыкалық алуандығы мен орындаушылық дәстүрлерімен танылған Мексикамен шығармашылық диалог орнатуға бағытталған маңызды қадам».

Marie Claire México журналы «Жұлдыздар» айдарында мынадай сұрақ қояды да, сол сұраққа өзі былайша жауап береді: «Димаш Құдайберген кім? Мексиканы өз өнерімен баурап алған қазақ әншісі».

Мақала Димаштың Мексикадағы екінші концерті қарсаңында жарық көрді.

«Димаш Құдайберген – ғаламат вокалдық диапазон иесі, опера, поп және дәстүрлі қазақ музыкасы жанрларын шебер үйлестіре білген қазақ әншісі. Ол оннан астам тілде ән орындап, өз даусымен әр туындыға ерекше әсер мен эмоциялық тереңдік береді.

Тағы бір мексикалық Es Ahora AM басылымда «Мексика оны жанымен қабылдады»: ғажайып дауысының арқасында шекараларды жойған Димаштың концерті» атты мақалада Димаштың мексикалық көрермендерге берген ерекше сыйын атап көрсетеді:

«Димаш «Bésame Mucho» әнін орындағанда, бүкіл Мексика таңданысын жасыра алмады. Бұл жай ғана кезекті кавер емес еді — бұл нағыз құрмет, музыкалық трибьют болды. Алты октаваны қамтитын дауысы бұл әнді мүлде жаңа деңгейге көтерді. Вокал маманы Сеси Довердің бұл орындауға: «Бұл ән, сірә, дәл соған арнап жазылғандай» — деген пікірі желіде тез тарап, вирусқа айналып кетті».

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 01:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары